1 тақырып Әлеуметтану ғылым ретінде



бет2/10
Дата15.06.2022
өлшемі0,54 Mb.
#146578
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1607340880
Методологиялық бөлім мынадай элементтерді біріктіреді:
1) проблеманы тұжырымдау, зерттеудің мақсаты мен нақтылы міндеттерін анықтау;
2) объекті мен зерттеу тақырыбын анықтау;
3) объектіні жүйелі талдау;
4) негізгі түсініктерді талдау;
5) гипотезаларды анықтап қоя білу және тұжырымдау.
Бағдарламаның екінші әдістемелік бөлімі – зерттелетін нәрсенің анықтамасын, алғашқы ақпараттарды жинау әдістерінің сипатын, алынған материалдарды талдаудың логикалық схемасын дайындау және қажетті инструментарийларын көрсету болып табылады. Одан өзге бағдарлама ұйымдастыру міндетін де атқарады. Ол зерттеу процедураларының бірізділігін анықтайды және зерттеу барысының тиісті кезеңдерін бақылау болып саналады.
Әлеуметтанымдық зерттеулер бағдарламасы
Әлеуметтанымдық зерттеу бағдарламасының бастапқы пункті болып проблемалық жағдай (ситуация) есептеледі. Ол адамдардың тұтынымы жайлы білімдердің, түсініктің практикалық және теориялық нәтижелері жайлы, оның жолдары, құралдары, әдістері, қажетті іс-әрекеттерді жүзеге асыру жағдайының арасындағы қарама-қайшылық ретінде де көрінеді. Кейбір кездерде бұл іс-әрекетке қатынасушылардың өткір пікір алшақтығын араздық немесе келіспеушілігін көрсетіп белгіленген мақсаттың іске асуына қиындық тудырады.
Проблемалық жағдайды зерттейтін ғылым тиісті фактілерді жинап, белгілі білім жүйесін пайдалана отырып ғылыми проблеманы тұжырымдап топтауы тиіс. Ол проблемалық жағдайдың ғылыми бейнесінің формасын көрсетеді әрі зерттеуге жататын мәселе ретінде анықталады.
Былайша айтқанда, ғылыми мәселені анықтай білу нені зерттеу қажеттілігінің өрісіне шығуды белгілейді. Қолға алынған проблема өзінің шешілуі арқылы қарама-қайшылығы бар әлеуметтік процестерді реттеуге бағытталған техникалық құралдар мен практикалық іс-қимылдың жасалуына жол ашады.
Проблемалық талаптар әлеуметтік ақиқаттың түрлі жағдайларында көрініс береді. Сондықтан әлеуметтанымдық зерттеулерде проблемалар зерттеушіні қызықтыратын зерттеу процесін қамтыған көлемімен анықталады (мысалы, еңбек ұжымы, аймақтық деңгейдегі ірі әлеуметтік топтар, қоғам мүддесін қамтыған үлкен мақсаттар т.б.).
Әлеуметтік қайшылықтардың күрделілігінен, қоғамдық тұтынымдар деңгейінде оларды іске асырудан әрі осы бағыттағы білімнің ғылыми және практикалық нақтылығына ғылыми проблеманың күрделілік деңгейі анықталады. Сондықтан да оны тұжырымдағанда проблемалық жағдайдың дәл бейнеленуі ерекше маңызды. Әлеуметтанушы осы кезеңде нағыз ақиқат пен өзекті мәселені оның сипаты мен белгілі қасиеттерін дәл анықтауы қажет. Онымен қоса алға қойылған проблемаларды өте кең етіп алмаған жөн. Мұндай жағдай мәселені шектен тыс күрделендіріп жинайтын ақпараттар сапасын төмендетіп жібереді.
Кез-келген әлеуметтанымдық зерттеу – ол не үшін өткізіледі, қорытындысында не аламыз, яғни, зерттеудің мақсатын анықтауға жауап болуы тиіс. Бұл дегеніміз өзіміз күткен қорытынды нәтижелер моделі болып табылады. Соған орай нақтылы және дәл белгіленген мақсат жаңа білім жүйесін жасауға зерттеудің барысын бағыттап отырады.
Бағдарламаның методикалық бөлімінің маңызды құрамдас тарауы-зерттеудің міндеттерін анықтау. Олар әлеуметтанымдық зерттеулерді мақсатына сәйкес белгіленеді де оны жүзеге асырудың қажетті құралы ретінде әрі зерттеу процедураларының көмегімен мақсатқа жету мүмкіндіктерін нұсқап отырады.
Ғылыми проблеманы тұжырымдау оның мақсаттары мен міндеттерін анықтау зерттеудің нақтылы объектін таңдап алуға көмек жасайды. Олар: әлеуметтік құбылыс, әлеуметтік процесс немесе әлеуметтік қатынастар ретінде болып өздерінде қарама-қайшылық мазмұнын көрсетіп тұруы керек. Сайып келгенде, объект болып проблемалық жағдай (ситуация) тудыратын және оны иеленуші барлық әлеуметтік процестер саналады.
Түрлі әлеуметтанымдық зерттеулердің бәрінің объекті біреу ғана болуы мүмкін. Мәселен, еңбек ұжымы, әлеуметтік топ, факультет студенттері көптеген әлеуметтанымдық зерттеулерге объект бола алады. Себебі оның бәрі қандай проблеманы қарастыруымызға байланысты: бос уақытты пайдалану, құқықтық мәдениет және сана, әлеуметтік белсенділік және т.б.
Әлеуметтік зерттеудің объектісі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет