1 тақырып Әлеуметтану ғылым ретінде



бет6/16
Дата07.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#87512
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
1

Қоғам тарих ғылымының да зерттеу нысаны саналады. Тарих пен әлеуметтанудың айырмашылығы мынада: тарих қоғамның өткенін зерттеп, оның даму жолдарын нақтылы жүйемен түсіндіруге мән береді, ал социологияда қоғамның ағымдағы құрылымы мен өмір сүруіне көңіл аударылады. Социологтың міндеті негізінен қоғамның бүгінгі күйін талдау. Тарих пен социологияның арасында ортақтық пен өзіндік ерекшеліктер бар.

  • Қоғам тарих ғылымының да зерттеу нысаны саналады. Тарих пен әлеуметтанудың айырмашылығы мынада: тарих қоғамның өткенін зерттеп, оның даму жолдарын нақтылы жүйемен түсіндіруге мән береді, ал социологияда қоғамның ағымдағы құрылымы мен өмір сүруіне көңіл аударылады. Социологтың міндеті негізінен қоғамның бүгінгі күйін талдау. Тарих пен социологияның арасында ортақтық пен өзіндік ерекшеліктер бар.
  • Әлеуметтану саясаттанумен де тығыз байланыста. Мысалы, әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік институттар – саясаттанудың да социологияның да зерттеу нысаны. Бірақ та екуінің өзіндік айырмашылықтары да бар. Әлеуметтану қоғамның әлеуметтік құрылымы, адамдардың, әлеуметтік топтардың, ұлттар мен халықтардың әлеуметтік мәртебесі, олардың өзара әсері, т.б. тұрғысынан қарастырады. Саясаттану болса, қоғамға азаматтардың құқықтары мен міндеттерін талдау тұрғысынан келіп, саяси жүйенің құрылымы мен саяси билік қатынастарын зерттейді; саяси институттар мен ұйымдардың орнын, ролі мен қызметін айқындайды. Социологиялық зерттеулер де саясаттануда кеңінен қолданылады.
  • Экономика ғылымының әлеуметтанудан айырмашылығы сол, ол қоғамды тұтас жүйе түрінде емес, оның бір ғана экономика саласын зерттейді. Экономика ғылымы материалдық өндірісті, адамдардың экономикалық іс-әрекеттерін, т.б. тұтас түрінде зерттесе, социология толығымен экономика ғылымына арқа сүйейді. Сондай-ақ, әлеуметтану құқықтану, әлеуметтік психология, демография, мәдениеттану т.б. ғылымдармен де тығыз байланысты.
  • Сонымен философия да, тарих та, саясаттану да, социология да қоғамды өз тұрғыларынан зерттейді: философия қоғамның дамуы мен өмір сүруінің жалпы заңдарын ашады; тарих осы заңдардың тарихи қозғалыста жүзеге асуын қарастырады; саясаттану қоғамның саяси жүйесі мен билік мәселелерін қарастырады; ал социология қоғам құрылымындағы осы жалпы заңдарды нақтылай түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет