1 тақырып. Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану. Әлеуметтануға кіріспе. Жауабы: «Әлеуметтану»


макросоциологиялық және микросоциологиялық



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата26.10.2022
өлшемі410,58 Kb.
#155086
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 та ырып. леуметтік лемді т сінудегі леуметтану. леуметтану
output 2, Природно климатическая характеристика региона, СИБ 35 Сәйкестендіру және аутентификациялаудың техникалық құрылғылары, Trimester 1 unit 7 (2)
макросоциологиялық және микросоциологиялық.
Макросоциология 
қоғамдық дүние 
жүзілік жүйелермен және олардың әртүрлі мәдениет түрлерімен өзара әрекетімен
әлеуметтік институттармен, ауқымды үрдістермен байланысты. Макросоциология 
қоғамды, оның құрылымын, әлеуметтік институттарды тұтас әлеуметтік ағза ретінде 
қарастырады. 


Микросоциология
әлеуметтік тәртіпке, тұлғааралық қатынасқа, тұлғаның 
әлеуметтенуі мен жекелендіруіне көңіл аударады. 
В.А.Ядов «Осыдан әлеуметтануды анықтаудың екі әртүрлі жолдары ажыратылады: 
бірінші, ғылым ретінде пәнінің тұтас қоғамдық ағза, әлеуметтік жүйе 
ретінде қарастырылуы, екінші, бұқаралық әлеуметтік үрдістер мен бұқаралық тәртіп 
жөніндегі ғылым» деп жазады. 
Ал, әлеуметтану пәнінің басты міндеті
- әлеуметтік жүйелерді типологизациялау яғни, 
ортақ белгілеріне қарай жіктеу, топтау, әрбір әлеуметтік объектінің байланысы мен 
қатынастарын заңдар деңгейінде зерттеу – бұл заңдылықтардың әрбір әлеуметтік жүйесін 
басқару, оның тәртібін реттеу, оның іс-әрекет, қызмет ету тетіктерін анықтау болып 
табылады.
«
Әлеуметтік
» деген ұғымға ғылыми терең анықтама, түсінік берген К.Маркс пен Ф. 
Энгельс болды. Олар қоғамды, ондағы үдірістер мен қатынастарды зерттегенде екі 
ұғымды қолданды. Бірі – «қоғамдық» , екіншісі – «әлеуметтік», Маркс пен Энгельс 
қоғамның әр салаларының байланысы туралы әңгіме еткенде «қоғамдық», «қоғадық 
қатынастар» ұғымдарын, ал, адамдардың бір-бірімен қатынастарының табиғатын, 
мазмұны мен мәнін, олардың қоғамдағы жағдайын, ондағы оның алатын орнын, рөлін 
меңзегенде «әлеуметтік» ұғымын кең қолданып, осыған, сәйкес «Әлеуметтік қатынастар» 
ұғымы туралы айтқан. 
Маркс пен Энгельс еңбектерінде кейде «әлеуметтік» ұғымы «азаматтық» ұғымымен 
алмастырылған. «Азаматтық » деген ұғымды олар қоғамдағы адамдардың белгілі бір 
байланыс пен қатынастарын зерттеуде қолданып отырған. Ал, батыс елдерінде Маркс пен 
Энгельстің жолын ұстаушылар «қоғамдық», «әлеуметтік», «азаматтық» ұғымдарын одан 
әрі шатыстырды. Бұл жерде біз «әлеуметтік» ұғымының мазмұнын терең түсінуіміз керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет