1-Тақырып. Тас ғасыры Дәріс мақсаты



бет2/2
Дата30.01.2023
өлшемі25,33 Kb.
#166876
1   2
Байланысты:
1 тақырып палеолит,мезолит, неолит
Дәріс 1
2. Мезолит дәуірі­ ежелгі тас дәуірі мен жаңа тас дәуірі­неолит арасын жалғастыратын көпір. Сонымен қатар, бұл дәуірді көшпелі және отырықшы тұрмыс салтындағы аңшылар мен балықшылар мәдениетінің қалыптасу және даму уақыты ретінде сипаттауға болады. Бұл кезеңде екі маңызды оқиға болған – жебелі садақтың және үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент формасындағы ұсақ тас пластиналар – микролиттердің пайда болуы.
Өзгерістер: ауа – райы күрт жылынды; мұздар еріді; шөбі мол далалардың көлемі азайды; жануарлар құрып кетті; адамдар жануарлар артынан көіп отыруға мәжбүр болды.
Шаруашылығы: “Мамонттық ” жануарлар түрлерінің жойылуы тамақ табудың бұрынғы әдістерін жарамсыз етіп, тіршілік құралдарын қамтамасыз етудің жаңа әдістерін жедел іздестіру қажеттілігін туғызды. Ұсақ жануарларға аңшылық етіп, итпен жеке аңшылық ету қалыптасты. Кейбір аймақтарды егіншілік пен мал шаруашылығы элементтері пайда болып, ал кейбір жерлерде балық аулау мен аңшылық қалыптасты.
Шаруашылықта болған өзгерістер қауымның бқлшектенуіне әкеп соқты, яғни қауымда 30 –дан 100 ге дейін адамдар болды.
Еңбек құралдары: жебелі садақ пен бумеранг. Еңбек қүралдарын жасауда қыстырма техникасы қолданылды. Бұл техника бойынша заттың (пышақтың, қанжардың, жебе мен найза ұшының) негізі сүйектен немесе ағаштан жасалды. Олардың негізінде ұзынша қиықтар-саңылаулар жасалып, оларға ұзындығы 2-1 см пышақ сияқты тас қалақшадан істелген өткір ұш салынып, қара маймен немесе қара майлы затпен бекітілген. Осындай сапқа бекітудің негізінде кез-келген еңбек құралын дайындауға болатын еді. Мысалы: жебелердің, шанышқылардың, найзалардың ұштары, тері өңдеуге арналған қырғыштар мен сүргілер, пышақтар, сүйек пен ағашты өңдеуге, саңылау тесуге арналған сүргілер мен біздер, кескіштер, жебе сабын өңдеуге арналған қырғылар.
Ескерткіштері:

        1. Солтүстік Қазақстанда – шағалалы мәдениеті (Виноградовка – 2а,12 тұрақтары)

        2. Орталық Қазақстанда - Әкімбек, Қарағанды – 15 тұрақтары

        3. Оңтүстік Қазақстанда – Жаңа шілік, Маятас тұрақтары

        4. Батыс Қазақсстанда – Дүзбай – 6, Дачная, Евгеньевка тұрақтары

  1. Неолит дәуіріндегі табиғи орта осы заманғы бейнеде болды. Өзгерістер: адамдар табиғи жануарларды қолға үйретті, жер өңдеумен айналыса бастады; қыш ыдыс – керамика жасаудыүйренді. Олардың сыртында геометриялық өрнектер салынған; тас өңдеу әдістері жоғарғы дәрежеге жетті. Тас қалдықтардан сына дайындады. Тастың тұтқыр түрлерінен балта, кетпен, келі, келісап, ал граниттен – дән үккіштер жасады. Жаппай отырықшылыққа көшу басталды. Кен кәсібі мен тоқымашылық қолға алынды. Неолит дәуірі – тас өңдеу техникасының гүлденген кезеңі болып табылады. Себебі, жаңа технологиялық әдістер – арамен кесу, бұрғылау, жылтырата тегістеу пайда болған.

Еңбек құралдары: тас балталар, кетпендер, дәнүкіштер, келілер, келсаптар
Шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті: Неолит дәуірінде адамдар тұтынушы шаруашылықтан өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылығы мен егіншілікпен айналыса бастайды. Осы кезеңде адамдардың қолы жеткен өндіргіш күштер дамуының деңгейі басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың шығуына себепші болды. Кен кәсібі, қыш құмыра ісі, тоқымашылық дамыды.
Әлеуметтік жағынан алғанда бұл кезеңде рулық қауым дәуірі болып табылады. Мұнда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Қоғамның ұйымдасу түрлерінің неғұрлым жоғары дамыған уақыты болды: тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылды. Тайпалар қандас-туысқандық байланысына қарай және шаруашылығының біртекті сипатына қарай біріккен бірнеше рулық қауымдардан құрылды.
Ескерткіштері:
Батыс Қазақстан – келтеминар мәдениеті (б.з.б. ІҮ мыңжылдық аяғы –ІІ мыңжылдықтың басы). Негізгі тұрақтары: Шатпакөл, Құлсары-1-5, Шаңдыауыл, Қыземшек, Жыланқабақ, Қойқара, Сарықамыс, Шаянды, Қосқұдық –1.
Солтүстік Қазақстан –1) атбасар мәдениеті (б.з.б. ҮІІ мыңжылдықтың аяғы – ҮІ мыңжылдықтың басы). Негізгі тұрақтары: Виноградовка-2, Тельман-1,10, Қарлыға, Боголюбово, Жабай-Покровка-3.
2) маханжар мәдениеті. Негізгі тұрақтары: Маханжар, Тұздыкөл-2, Дүзбай-1-4, -12, Сор-2, Бестамақ, Амангелді, Алқау-2.
Шығыс Қазақстан – усть-нарым мәдениеті.
Орталық Қазақстан – Жасыл Балка, Қарағанды-15.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет