1-Тақырып. Тас ғасыры Дәріс мақсаты



бет1/2
Дата30.01.2023
өлшемі25,33 Kb.
#166876
  1   2
Байланысты:
1 тақырып палеолит,мезолит, неолит
Дәріс 1

1-Тақырып. Тас ғасыры


Дәріс мақсаты: палеолит, мезолит пен неолит кезеңдеріндегі Қазақстанның тайпаларының даму ерекшеліктерін анықтау


Тақырыпқа арналған сұрақтар:

  1. Ежелгі палеолит кезеңіндегі Қазақстан

  2. Мезолит кезеңіндегі Қазақстан.

  3. Қазақстан территориясындағы неолиттік кезеңнің ерекшеліктері мен ескерткіштері



Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):
Адамзат өмірі белгілі әлеуметтік-экономикалық формацияларға байланысты бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Археология ғылымының өзіне тән кезеңдерге жіктеу жүйесі қалыптасқан: тас, қола, темір дәуірлері және ортағасырлар. Бұл дәуірлер өз кезегінде бірнеше кезеңдер мен мәдениеттерге бөлінеді.
Адамзат өмірінде алғашқы қауымдық кезең негізгі рөл атқарады. Ол тас дәуірінен басталады. Бұл кезеңде адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалды. Сонымен қатар, өндіргіш күштердің төменгі деңгейімен сипатталады, себебі, адам табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен ғана шектелді.
Ежелгі палеолит (б.з.б. 2 млн.-140 мыңжылдықтар). Ежелгі Қазақстан климаты: Таулар аласа болғандықтан оңтүстіктен, Үнді мұхит жақтан Қазақстанға ылғалды жылы ауа соғып тұрды. Жылы жаңбыр жиі жауды. Субтропиктік ормандар жайқалды. Сонымен қатар, 1,5-1 млн жыл бұрын Гиндукуш, Гималай, Қарақорым, Тянь-Шань мен Алтай таулары муссондарды өткізбейтін кедергілерді қалыптастырып, ландшафты өзгеріске ұшыратты. Муссондар мен циклондардың қозғалысының өзгеруі кейбір территориялардың шөлге айналуына себепші болды. Бірақ ол Қазақстанның барлық аумағына бірдей әсер еткен жоқ. Каспий теңізі ойпаты мен Үстірт қыратында палеолиттен неолитке дейін тұрақты климаттың болуы үздіксіз эволюцияны дәлелдейді. Сонымен қатар, бұл аймақтағы шикізаттың молдығы, аң аулаушылық қоныстарының болуы тікелей әсер етті.
Ал Қаратау жоталары да өтпелі аймақтар болып таьылады. Себебі, оның бір жағынан Солтүстік Тянь-Шань жоталарының сілемдері болуы (мұзарттар болуы мүмкін) және екінші жағынан ол Орта Азияның құмды даласы мен Бетпақдаланың саздақты даласын бөліп жатты. Сондықтан Қаратау жотасының климаты қолайлы болып, ол ұзақ уақытқа дейін созылған.
Біздің заманымыздан 100 - 80 мың жылдай бұрын климаты өзгеріп, ауа- райы суытып, тауларды мұз басты. Ауа-райының суытуы ұзаққа созылды. Тек 12 мыңыншы жылда жылынып, климат қалыптасты.
Ежелгі палеолит үш ірі кезеңге немесе мәдениетке бөлінеді: олдувэй (бұдан бұрынғы 2,6 млн.жыл – 700 мың жыл), ашель ( бұдан бұрынғы 700 мың – 150-120 мың жыл) және мустье (бұдан бұрынғы 150-120 мың – 35-30 мың жыл).
Ашель уақытында жаңа әлеуметтік организм – алғашқы қауымның алғышарттары бірте-бірте қалыптаса бастады. Ал мустье кезеңінде жынысы мен жасына қарай табиғи еңбек бөлінісі қалыптасып, қауымның басты нысандары шыға бастады. Соңғы палеолитте алғашқы қауымның барлық объективті белгілері пайда болды.
Ежелгі адамдар ежелгі палеолит (б.з.б. 800-140 мыңжылдықтар) дәуіріне жатады.
Қоныстар: Оңт. Қазақстандағы Қаратау жотасы, Арыстанды өзенінің бойы, Жамбыл облысындағы Шабақты, Бөріқазған, Тәңірғазған (екі қырлы және бір қырлы шапқықұралдар, шапқылар, аур тас сынықтар, Ірі ұра тастар – нуклеустер) , Ақ көл 1 тұрақтары, Шу өзенінің оң жағасындағы Қазанғап шатқалындағы Қарасу тұрағы,
Орталық Қазақстандағы Құдайкөл тұрағы (екі жақ беті өңделген құралдар – бифас, жануарлардың терісін өңдеуге және ағашты ұсатуға арналған қырғыштар, нуклеустер), Жезқазған қаласының маңындағы (150 км) Жаман-Айбат және Қарағанды облысындағы Обалысай тұрақтары (шапқы құралдар). Мунда құралдар қара және сұрғылт-жасыл түсті шақпақ тас жыныстарынан жасалған.
Солтүстік Балқаш өңірі – тұрақтар шұңқырлар тізбектерінің үстіне, өзен және көл қабақтарының, шикізат шығатын шоқылардың басында орналасқан. Жезқазған облысындағы Саяқ поселкесінің шығыс жағында 60 шақырым жерде Семізбұғы алқабы орналасқан.
Алғашқы еңбек құралдары: чоппер, чопплинг, қол шапқы, шақпақ тас, қырғыштар, үшкір тастар, піспектер, шой балғалар
Бұл кезеңде адам тасты сындыру үшін басқа тасты пайдаланып, біріне –бірін ұрған. Мұндай өңдеу тәсілі – «соққылау техникасы» немесе «малта тас мәдениеті» деп. Аталады. Себебі, тас өңдеу үшін өзендегі малта тастар пайдаланылған. Тас құралдардың бір шеті өңделген, екі жағынан мол сындырылып жұқартылған, өткірленген имек жүзі бар, ал қарсы жағы өңделмеген.
Шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті: ірі жануарларға аңшылық, терімшілік дамып, отты пайдалана бастады. Түрғын үйлерін (ірі жануарлардың сүйектерін терімен жабу арқылы) қалыптастырып, үңгірлерді де пайдалана білді. Қауымдық меншік адамдар арасындағы теңдікті қалыптастырды.
Орта палеолит( мустье ) (б.з.б. 140 – 40 мың жылға дейін, 80 мыңжылдықта жер бетін мұз басу дәуірі басталды). Мустье дәуірі – ежелгі адамның дамуы мен мәдениетіндегі жаңа кезең.
Еңбек құралдары: тас жарықшақтары, тілгіштер, қырғыштар, үшкір тас, балта. Бұл кездегі адамдардың басты кәсібі – аңшылық пен терімшілік болды. Аң аулаудың басты әдісі – аңды қуып жүріп, болдыртып, қаумалап ұстау болды.
Ежелгі мустье кезеңіндегі адам неандертальдық деп аталды. Маңдайы тайқы, мойыны қысқа, тістері өте ірі, иегі қалыптаспаған, мағыналы сөйлей алмаған.
Археологиялық ескерткіштер: Орталықтардың бірі – Оңтүстік Қазақстандағы Қаратаудан жер бетіне жақын орналасқан бірнеше адам тұрағы табылды. Бұлар – Топалы шатқалынан табылған және Ақкөл көлінен оңтүстікке қарай 20 шақырым жерде орналасқан Қызылрысбек тұрақтары, Арыстанды мекеніндегі Шоқан Уәлиханов тұрағы, Орталық Қазақстандағы Обалысай тұрағы, Үшбұлақ қойнауынан аңшылардың шағын топтарының тұрағы табылды. Мустье дәуірінің еңбек құралдары, сондай-ақ Сарысу өзенінің орта ағысындағы Мұзбел деген жерден және Есіл өзенінің жоғарғы жағынан, яғни Қарағандының солтүстігіндегі Батпақ (8,12) шатқалынан және Шығыс Қазақстанда Қанай ауылынан табылған. Ал Жезқазған облысының Ағадыр ауданында Өгізтау – 1 және 2, Үлкен Ақмая тұрақтарынан сұрғылт кварциттен жасалған еңбек құралдары кездеседі.
Кейінгі палеолит (б.з.б. 40 –35 – 12 мың жыл бұрын). Бұл дәуірде саналы адам қалыптасты. Мұндай адам сүйегі бірінші рет Франциядағы Кро – Маньон үңгірінен табылды. Оны кроманьондық деп атайды.
Бұл кезеңде қазақстанның ландшафтында, палеоклиматында, жануарлар мен өсімдіктер әлемінде өте үлкен өзгерістер болады. Жер бетінің құрылысы қазақстанның қазіргі жағдайына ұқсас болды. Климаттың ерекшелігі - өте суық және құрғақшылық кезең болып табылады. Екі негізгі палеогеографиялық жағдай болады – 1) Қазақстанның шығыс бөлігінде көлемді таулы аймақтар пайда болады; 2) Сарыарқа аймағында су желісінің нашарлауы және тоңдану үрдісінің басталуы. Бұл жануарлардың кетуіне ықпал жасады.
Шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті: Тамақ табудың негізі – аң аулау болып қала берді. Аңшылардың аң аулау барысында ұзақ жорықтар жасауы – тұрғын үйдің бір түрі ретінде күркелі уақытша қоныстардың пайда болуына әсер етті.
Адам бұрынғысынша жеуге жарайтын жеміс-жидектерді терумен айналысты. Осындай жағдайда қоғамдық қатынастар жетіліп, адамның бірлескен ұйымының алғашқы түрі­ рулық қауым болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет