1 тақырып. Туризм теориясы заманауи ғылым жүйесінің БӨлігі ретінде қарастыратын сұрақтар


Туризм саласын мемлекеттік реттеу қалай көрініс табады?



Pdf көрінісі
бет56/59
Дата27.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#193689
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
турисм негыздеры конспект

 


1.
Туризм саласын мемлекеттік реттеу қалай көрініс табады?
 
2.
Туризм саласын мемлекеттік реттеудің негізгі механизмдерін 
атаңыздар. 
3.
Туризм саласын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттарың атаңыз. 
4.
Қазақсан Республикасындағы туризм саласын мемлекеттік реттеудің 
негізгі ерекшеліктері қандай?
5.
Қазақстан Республикасының туризм саласын мемлекеттік реттеудің 
негізгі құралдарын атаңыздар. 
6.
Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың қазіргі 
жағдайын сипаттаңыз. 
7.
Қазақстан аймақтарында туризмді дамыту ерекшеліктері қандай? 
8.
Қазақстанның туристік орталықтарының негізгі даму бағыттарын 
сипаттаңыздар. 
15 тақырып. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ 
СИПАТТАМАЛАРЫ
 
Мақсаты: 
Халықаралық туризмнің қазіргі сипаттамалары
 
Қарастырылатын сұрақтар: 
15.1 Халықаралық туризмнің даму алғышарттары мен жағдайы
15.2 Туризм саласында қызмет атқаратын халықаралық ұйымдар
15.3 Халықаралық туризмді реттеу құралдары
 
15.1 Халықаралық туризмнің даму алғышарттары мен жағдайы
Қазіргі туристік қызметті дамыту үрдісі тек бір ғана мемлекет 
шекарасының шеңберінде жүргізілмейді, ол сонымен бірге, басқа елдердің 
туристік 
индустриясының 
объектілерін 
қамти 
отырып, 
әлемдік 
экономиканың бір саласын қалыптастырады.
Қазіргі кезде халықаралық туризм - қызметтің ең бір кең тараған түрі 
болып танылады. Саяхат және туризм бойынша Дүниежүзілік кеңестің, сол 
сияқты өнеркәсіп топтарының (штаб-пәтері Лондонда) сарапшыларының 
бағалауы бойынша берілген саланың экономикалық қызметі 3,6 трлн. долл. 
(2011 жылғы мәліметтер) соммасына тең, яғни, мөлшермен жалпы әлемдік 
өнімнің 11% алады, ол осы саланы әлемдік экономикада ең ірі сала ретінде 
қабылдауға мүмкіндік береді.

Халықаралық туристік ұйымның мәліметтері бойынша 1950 жылдан 
бастап келетін халықаралық туристердің саны 28 есе өсті және 2000 жылы 
698 млн. адамға жетті. Бұл сан, болжам бойынша 2020 жылға екі еселенеді 

Барометр развития туризма // Официальный сайт ЮНВТОwww.world-
tourism.org


және 1,6 млрд. адамға жетеді. Қазіргі уақытта әлемнің 80% жуық туристері 
Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америкаға тиесілі, ал Шығыс Азия мен 
Тынық мұхиты аймағына 15%, сол сияқты Африка, Жақын Шығыс және 
Оңтүстік Азия мемлекеттеріне – 5% тиесілі. 2020 жылы Шығыс Азия мен 
Тынық 
мұхиты 
аймақтары 
халықаралық 
туризм 
бағытының 
танымалдылығы бойынша Еуропадан кейінгі екінші орында болады деп 
күтілуде. Дүниежүзілік туристік ұйымның (ДТҰ) даму болжамдары 
бойынша ХХІ жүзжылдықтағы туризмнің ең басым бағыттары мен түрлері 
анықталды (кесте 15.1). 2020 жылы туризмнің ең танымал түрлері болып: 
оқиғалық, экологиялық, мәдени-танымдық, тақырыптық және круиздік 
туризм,- алынады.

Халықаралық туризм үшін сыртқы саудада қалыптасқан операциялар 
түрлері бар, соның ішінде: экспорт, импорт және реэкспортдесек, 
халықаралық туризмде бұл операциялардың өзіндік формалары бойынша 
өзіндік ерекшеліктері де бар. Халықаралық туризмнің халықаралық 
экономикалық қатынастар формасы ретіндегі негізгі ерекшелігі, ол 
халықаралық экономикалық қатынастар формалары сияқты қызметтерді 
сатып алу, туристік фирма мен шет елдік турист сияқты шетелдік 
контрагенттер арқылы жүзеге асады. Осыған байланысты, халықаралық 
туризмдегі экспорт шет елдік қонақтарды қабылдау болса, импорт – елдің 
туристерін шет елге бағыттау болып табылады.
Қазіргі әдебиеттерде халықаралық туризм түрліше түсіндіріледі, 
көптеген авторлар оны екі немесе одан да көп мемлекеттердің аумағын 
қамтитын кеңістіктегі туристердің орын ауыстыруын қарастырады және осы 
негізде берілген туризм түрі бойынша түрлі жіктелім ұсынады. В. 
Квартальнов, А. Александрова, Е. Ильина негізгі екі түрін ерекшелейді: кіру 
және шығу. Кіру туризмі - елде тұрақты тұрмайтын тұлғалардың елдің 
шегіндегі сапары. Шығу туризмі — елде тұрақты тұратын тұлғалардың 
қандай да бір мақсатпен басқа елге сапары.
Сапар мақсатына және ұйымдастырылуына орай, халықаралық туризм 
ішкі туризм сияқты жіктелуі мүмкін: танымдық, рекреациялық, 
экстрималды, оқиғалық, автомобильді, су туризмі және т.б. Айта кетерлігі, 
халықаралық туризмнің дамуына көп жағдайда келесідей факторлар әсер 
етеді: 
- табиғи-географиялық. Халықаралық туризмге табиғи-географиялық 
факторлардың оң әсері арнаулы мемлекеттің аумағында ерекше табиғи 
кешендердің болуымен көрініс табады, ол арнайы мемлекеттің аумағына 
барудың негізгі себебі болып табылады; 

әлеуметтік-экономикалық. 
Берілген 
факторлар 
халықаралық 
туризмнің өсуі үшін ерекше мәнге ие. Олардың арасында жетекші орынды 
ұлттық кірістің артуы алады. Ол қайта құрастырылған өндіріс үрдісінің 
барлығын және де арнаулы уақыттағы тауардың (қызметтің) құнын 

Воскресенский В.Ю. Международный туризм: учеб. пособие для студентов 
вузов / В.Ю. Воскресенский. — М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2006


кірістіреді және ұлттық байлықты жинақтаудың қарқынына айтарлықтай 
әсер етеді. Бұл факторларға халықтың өмір сүру деңгейі мен жағдайы, білім 
беру мен мәдениет деңгейін арттыру, халықтың табиғи қажеттіліктерінің 
деңгейін арттыру және т.б. жатқызуға болады; 
- материалды-техникалық. Олардың бастылары орналастыру, көлік, 
қоғамдық тамақтандыру, бөлшек сауда кәсіпорындары және т.б. сапардың 
негізгі себептері болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет