1 тақырып. Туризм теориясы заманауи ғылым жүйесінің БӨлігі ретінде қарастыратын сұрақтар


 Заманауи шарттардағы туризмнің функциялары мен



Pdf көрінісі
бет7/59
Дата27.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#193689
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59
Байланысты:
турисм негыздеры конспект

 
3.2 Заманауи шарттардағы туризмнің функциялары мен 
формалары 
Қазіргі уақытта туризмге бірнеше айрықша ерекшеліктер қатары тән. 
Н.И. Кабушкин

келесілерді белгілейді:
- туристік кәсіпорындар мақсаттарының анықсыздығы мен қиын 
өлшемділігі; 
- туризмнің аймақтық саясатқа әсер етуі; 
- туристік өнімнің ерекшелігі, оның қайнар көзінен бөлінбейтіндігі; 
- туристік өнімге сұраныстың ерекшелігі; 
- туристік қызметтердің жиынтықтығы; 
- туристік қызметтерді тұтынудң маусымдығы, яғни туристік қызметтер 
көлемінің ең алдымен табиғи – климаттық шарттарға тәуелділігі. 

Кабушкин Н.И. Менеджмент туризма.: Учебное пособие / Мн.: БГЭУ, 1999


Бүгінгі күні туризмнің келесі формалары белгіленген: 
- қатысушылар саны бойынша: жеке және топтық туризм.
- туристердің жасы бойынша: балалар, жасөспірімдер, жастар, орта 
жастағы адамдарға арналған туризм, кемел жастағы адамдарға арналған 
турлар, зейнетке шығу алды жастағы адамдарға арналған турлар мен 
зейнеткерлерге арналған туризм; 
- жыл мерзіміне байланысты: жаздық, қыстық және маусымаралық 
туризм; 
- болу ұзақтығына байланысты: бір күндік турлар мен көп күндік турлар; 
- жылжуға байланысты: жаяу жүргінші, вело-, мотто-, автотур, теміржол, 
әуе, теңіз көлігіндегі туризм; 
- туристердің географиялық жылжуына және мемлекет шекараларының 
қиылысуына байланысты: ішкі және халықаралық туризм;
- турды ұйымдастыруға байланысты: тұтас (бір бағаға қызметтер 
кешенін ұсыну) және жеке тур; 
- туристік іс-шараларға қатысу сипатына байланысты: белсенді және 
пассивті туризм формалары. 
3.3 Туризм түрлері 
Қазіргі уақытта туристік қызметтің әр түрлі белгілері бойынша 
классификацияланатын туризмнің әр түрлі түрлері бар. Туризм түрі – оның 
әр түрлі негіздер бойынша классификациясының нәтижесі

.
Туристік сапарлар мақсаттарының ерекшеліктері туризмнің келесі 
түрлерін ерекшелеуге мүмкіндік береді:
- рекреациялық туризм; 
- спорттық туризм; 
- агротуризм; 
- экотуризм;
- іскерлік туризм; 
- ғылыми-білім беру туризмі; 
- діни туризм, діни орталықтарға, киелі жерлерге және басқа діни 
нысандарға сапарлар болып табылады;
- этникалық туризм;
- шоп-туризм; 
- шытырман оқиғалы туризм;
- транзиттік туризм, «бастапқы дестинация» түсінігімен байланысты.

ғарыштық туризм; Туристік сапарды ұйымдастыру тәсіліне 
байланысты туризмнің келесі түрлерін ерекшелейді: 
- ұйымдастырылған (жоспарлы) туризм,
- ұйымдастырылмаған туризм; 
- өзіндік туризм.

КусковА.С. Основытуризма: учебник / А.С. Кусков, Ю.А. Джаладян. – 3-
еизд., стер. – М.: КНОРУС, 2011




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет