1. Тақырыпқа қойылатын талаптар



бет1/3
Дата28.09.2022
өлшемі20,27 Kb.
#151001
  1   2   3
Байланысты:
1. Òà?ûðûï?à ?îéûëàòûí òàëàïòàð
бжб 5 сынып

1. Тақырыпқа қойылатын талаптар
2. Жұмыс тақырыбын таңдау кезінде жиі кездесетін қателіктер

Тақырып таңдау жазба жұмысын жазу үдерісінің ең маңызды кезеңі болып табылады. Мәселен, эссе тақырыбын таңдау, әдетте, қарапайым сияқты көрінеді, дегенмен бұл біршама ойлануды талап етеді. Сондықтан оған үстірт қарауға болмайды. Себебі, оқырман эссе мазмұнын толық оқымас бұрын эссе тақырыбын оқиды. Олар тақырыпқа қарап эссенің қандай бағытта жазылғандығын аңғарады. Осы жайттарды ескере отырып, жазба жұмысы тақырыбының қаншалықты маңызды екенін және оны қанша адам оқитынын аңғаруға болады.


Жазба жұмысы белгілі бір зерттеу тақырыбын қозғайды, ал зерттеу жұмысының тақырыбын анықтау оның мақсаты мен міндетін айқындап алумен тікелей байланысты. Негізінен зерттеу жұмысы тақырыбының мақсаты мынадай қарапайым негіздерден тұрады:

Студенттер өз зерттеу жұмысына көп уақыт жұмсауы мүмкін. Зерттеу жұмысының сәтті және жылдам жазылуы таңдалған тақырыпқа тікелей байланысты. Сол себепті, алдымен тақырыпты мұқият таңдап алған дұрыс. Тақырып таңдау барысында ең басты ескеретін жайт таңдалатын тақырып оқылып жатқан пәнге байланысты болуы тиіс. Мәселен, эссені жазудағы негізгі мақсат – осы пәнге байланысты қандай да бір тақырыпты терең білу және осы тақырып туралы ізденісті білдіру.
Тақырынты таңдау барысында жазба жұмысы беріліп отырған пәнге байланысты дәріс тақырыптары мен пәннің оқу бағдарламасында корсетілген тақырыпшаларды мұқият қарап шығу қажет. Осы тақырыптар ішінен қызықтыратын тақырыпты таңдап алған жөн.

  • Тақырып таңдау барысында ескеретін жайттар:

  • Тақырып адамның жеке оміріне қатысты болмауы тиіс;

  • Тақырып тым шағын болмауы керек;

  • Тақырып тым кең болмауы керек;

  • Тақырып бойынша ақпараттар аз болмауы тиіс.

Сонымен қатар, тақырыптың құрылымын жазу барысында мынадай қарапайым шарттарды білген жөн:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет