1. Тақырыпқа қойылатын талаптар


) Түсінікті, шағын және қызықты етіп жазу



бет2/3
Дата28.09.2022
өлшемі20,27 Kb.
#151001
1   2   3
Байланысты:
1. Òà?ûðûï?à ?îéûëàòûí òàëàïòàð
бжб 5 сынып
1) Түсінікті, шағын және қызықты етіп жазу. Тақырыптың негізгі мақсаты жазба жұмысы жөнінде қысқаша, нақты қорытынды беру. Сол себепті, тақырып шығын және түсінуге жеңіл болып жазылуы керек. Тақырыптың құрылымын жазу барысында күрделі сөз тіркестері немесе мағынасыз сөздерді қолданбау керек. Тақырып күрделі болса, оқырман назарын аудармай, түсініксіздеу болып кетуі мүмкін. Мысалы: «Теңгенің девальвацияға ұшырауы Қазақстан халқының күнделікті тұрмыс-тіршілігіне едәуірәсерін тигізді». Бұл тақырып түсінікті, дегенмен бұл тақырыпты жинақы етіп былай жазуғы болады: «Девальвацияның Қазақстандықтардың түрмысына әсері».
2) Мағыналы сөздерді қолдану: Тақырыпта жазба жұмысының түйін сөздері мен зерттеу табиғатын ашатын мағынадағы сөздер қолданылу керек. Жұмыс жазылатын салада қолданатын терминдер туралы ойланып, оларды тақырыпта қолдануға тырысу қажет. Мысалы: «Теңгенің девальвацияга ұшырауы барысындағы Қазақстан халқының тұрмыс-тіршілігіне едәуір әсері». Бұл тақырыптағы халықтың тұрмыс-тіршілігіне деген тіркесті, «экономикасына» деген бір ғана сөзбен алмастырып, ықшамдап былай жазуға болады:«Девальвацияның Қазақстан экономикасына әсері».
3)Қысқарған сөздер мен жаргондарды қолданбау: Тақырып құрылымын жазу барысында көпшілікке белгілі БҰҰ, ҚР сияқты қысқарған сөздерді қолданылуға болады. Дегенмен, жалпыға бірдей таныс емес арнайы салада қолданылатын қысқараған сөздер қолданбаған жөн. Сонымен қатар, жаргондар қолданылмағаны дұрыс, себебі бұл сөздер ғылыми стильге тән емес және оқырманға түсініксіз болуы мүмкін.

  • Негізінен сәтті таңдалған тақырып мынадай талаптарға сәйкес келеді:

  • Мазмұнымен сәйкес келеді;

  • Оқырманның қызығушылығын тудырады;

  • Жазба жұмысының бағытын байқатады. Компьютер арқылы тез тауып алуға мүмкіндік беретіндей түйін сөздер қолданылады;

  • Өз саласындағы бір тақырыпта жазылған жұмыстардың тақырыбына ұқсамайды (тақырыбын қайталамайды).

Зерттеу жұмысын бастамас бұрын тақырыптың қай бағыты қызықты екенін айқындап алған жөн. Мысалы, «Интернеттің адамдардың қарым-қатынасына тигізетін әсері» деген тақырыпты қарастыралық. Бұл жақсы тақырып, дегенмен тақырып әлі тым кең. Бұл тақырыпты ықшамдаудың бірден-бір жолы негізгі сөздерді анықтап алып, оларға қатысты негізгі сөздердің тізімдерін жасап шығу қажет. Мәселен:
Қарым-қатынас - бетпе-бет немесе онлайн сөйлесу, әлеуметтік желілердегі достық қатынас.
Интернет - онлайн ойындар, әлеуметтік желілер, ақпараттарға қол жеткізу.
Адамдар - балалар, жасөспірімдер, студенттер, жастар, ересектер, интернетте бес сағаттан артық уақытын өткізетіндер.
Негізгі сөздерге байланысты сөздердің тізімін жасап шығу аталған тақырыпты ықшамдау барысында мынадай тақырыптың туындауына ықпал етеді.
«Жастардың достық қарым-қатынасына әлеуметтік желілердің әсері».
немесе
«Студенттердің ақпараттарға қол жеткізу барысындағы онлайн арқылы қарым-қатынасы».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет