1-тапсырма: Контент талдау Тақырыбы: Мұғалімнің акмеологиялық әлеуетін дамыту Орындаған



бет1/7
Дата07.02.2022
өлшемі29,78 Kb.
#88261
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1-топ Мұғалімнің акмеологиялық әлеуеті


1-тапсырма: Контент талдау
Тақырыбы: Мұғалімнің акмеологиялық әлеуетін дамыту
Орындаған: Серлан Самға МФОК-201



Авторы

Анықтамасы

Әдебиеттер

1

Қ.Жарықбаев
О.Саңғылбаев

Акмеология – (грек тілінен. akme – шың, өткірлік) дамудың аса жоғары деңгейіне жетуде, адамның рухани жəне əлеуметтік-кəсіби кемелдену сатысындағы дамуының заңдылықтарын жəне механизмдерін зерттейтін ғылым.
Акмеология – тұлғалық жəне кəсіби өзін-өзі жүзеге асыруда шыңға жету мен жетідірудің заңдылықтарын жəне факторларын айқындау, іс-əрекеттің өнімділігін арттыру тұрғысында, іс-əрекеттің алуан түрлі салаларын зерттейтін, ғылыми білімнің пəнаралық саласы.

Психология энциклопедиялық сөздік,


Алматы 2011,26 бет

2

Ш.Т. Таубаева К.Ж.Кожахметова
А.К.Мынбаева

Потенциал – это совокупность сил и средств системы, ее ресурсов и запасов, предназначенных для достижения определенных целей. Под понятием «потенциал» понимаются в широком смысле средства, запасы, источники, имеющиеся в наличии и могущие быть мобилизованы, приведены в действие для достижения определённой цели,осуществления плана, решения какой-либо задачи.

Вестник КазНУ. Серия «Педагогические науки». №2 (39). 2013

3

Оспанова.Б.А,
Бейсембаева.К.Д

Акмеология тұрғысында акмеологоиялық əлеуетті кəсібиліктің категориясы ретінде дамыту белгілі жағдайлармен жəне факторлармен байланысты болады, онда акмеологиялық жағдайлар – тұлғаның жəне жас мамандардың іс-əрекетте жоғары кəсібилікке жетуге байланысты болатын маңызды жағдайлар болып саналады, ал акмеологиялық факторлар – бұл адамның кəсіби іс-əрекеттің шыңдарына, яғни акмеологиялық әлеует тұлғаның өзін-өзі дамыту процесі.

Акмеология оқулық,
Алматы 2014,
297 бет



4

Сагдуллаев И

Акмеология қазіргі заманғы қоғамның тұлғалық кемелденген жəне жедел өзгеретін əлеуметтік əлемнің жағымсыз жағдайларынатөтеп беруге қабілетті, құзыретті мамандарға, жоғары білікті кəсіпқойларға деген қажеттілік негізінде туындады.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы студенттердің когнитивті процесін арттырудың өзіндік ерекшеліктері / ІІ Халықаралық Симпозиум. – Алматы, 2013. – 253-258 б.

5

Оспанова.Б.А

«Əлеует» ұғымы адамды психологиялық зерттеудің дəстүрлі пəнінің шекараларын кеңейтудің мүмкіндіктерін қамтиды; сонымен бірге, тұлғалық сапалардың адамның жəне оның əлеуметтік-мəдени ортасымен динамикалық өзара əрекеттестігінде дамитынын жəне көрінетінін қамтиды (В.Н. Марков).

Болашақ мамандардың кəсіби шеберлігін дамытуға бағытталған инновациялық мəселелер / Халықаралық ғылыми-практ. конф. – Алматы: 2008. – 128-133 б.

6

А. А. Жигулин

Акмеологический потенциал в самом общем виде может быть раскрыт как личностное образование, которое обеспечивает ускорение процесса акме ориентированного саморазвития человека, закрепление новых достижений в этом процессе и подготовку к дальнейшим акме-ориентированным самопреобразованиям

Акмеологический потенциал педагога
в современной образовательной среде, статья,стр 55

7

Гайпназарова Б.Д.

«Акмеология» ұғымына акмеолог ғалымдар әртүрлі түсініктемелер береді:- әлеуметтік маңызы бар мәдениет, шығармашылық, әдебиет, ғылым, техника, білім салаларында және адамның өзінде жүзеге асатын, кәсіби шеберлік шыңына және жасампаздық әрекетінің өнімділігіне жетуге бағытталған өзіндік қозғалысында ересек адамдардың шығармашылық әлеуетінің өзіндік жүзеге асуына әсер ететін немесе кедергі жасайтын жағдайлар, факторлар мен заңдылықтар туралы ғылым (Кузьмина Н.В.);

Акмеологиялық мәдениетті қалыптастыру,мақала

8

А.К.Тоғайбаева

Акмеология – өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамытудағы шығармашылық қабілетті, адами құндылық идеясының жиынтығы, оның рухани әлемін қарастырады. Құрылымдық әрекет ретіндегі тұлғаның шығармашылық деңгейін өзіндік жүзеге асырылуы, кәсібилік шыңының болашақтағы жетістіктері, өзін-өзі жетілдіруді бағдарлау, ойлау әрекетіндегі жеке шығармашылық, педагогикалық ойлау және тұлғаның педагогикалық бағыттылығын кәсіби деңгейде дайындау процесін қалыптастыру оқыту курсының негізі болып табылады

«Акмеология негіздері»,Ақтөбе қаласы
2016 жыл,5 бет

9

Р.Д.Жұбанышова

Акме – (грек тілінен аударғанда – шың, кемелдену кезеңі) – бұл жоғарғы нүкте, тұлғаның кемелденуі, оның жоғарғы жетістіктерге қол жеткізудегі кезеңі, оның барысында әр түрлі салалар бойынша тұлға жетілуінің көрініс беруі, оның қабілеттері мен даралығының барынша дамуы байқалады. Акмеология – жаратылыстану, қоғамтану және гуманитарлық пәндер негізінде пайда болған ғылым, ол адамның жетілу кезеңіне дейінгі оның даму заңдылықтары мен феноменін зерттейді.

«Акмеология негіздері» пәнінен,2016 жылы,15бет

10

Бекжанова Б. Ж

Акмеологиялық әлеует – маманның АКМЕ жағдайға жету алдындағы кезеңі, жоғары деңгейінің көрсеткіші, акмеологиялық тұрғыдан – бір нәрсе жайлы беделді ой, кесімді пікір білдіруге мүмкіндік беретін білімдердің сипаттамасы ретінде қарастырылады.

Ғылыми педагогикалық мамандарды дайындаудың акмеологиялық астарлары,мақала.

11

Ж.А.Жусупова

Әлеует дамуы үшін оның әдіснамалық рефлексия жасай алуының мәні зор. Бұл – мақсаткерлікті талдай алудан басталады. Өзінің нақты жағдайы мен болашағының бағытын саралай, аралық мақсаттарды анықтайалуымен сиппатталады.

Педагогикалық шеберлік оқулығы,Алматы 2011,183 бет

12

Н.Б.Елубаевна

Әлеует – қандай-да бір тапсырманы шешуде, белгілі мақсатқа жетуде; жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің белгілі аумақта қолданылатын мүмкіндіктері, құралдары, қорлары.

Студенттердің интелектуалды әлеуетін дамыту,
Павлодар 2019,
4 бет

13

Кенжебеков Б.Т

Әлеует ұғымын «мүмкіндіктегі сана» ретінде енгізеді және оны жанның бір бөлігі немесе заттардың формаларының мәнін абстракциялауға дайын жанның бір қабілеті ретінде қарастырады.

Жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру: ғыл. док автореф. Қарағанды, 2005. – 40 б.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет