1-тапсырма: Контент талдау Тақырыбы: Мұғалімнің акмеологиялық әлеуетін дамыту Орындаған



бет6/7
Дата07.02.2022
өлшемі29,78 Kb.
#88261
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1-топ Мұғалімнің акмеологиялық әлеуеті

4-тапсырма: Диагностикалық талдау
ТАҚЫРЫБЫ: Мұғалімнің акмеологикалық әлеуетін дамыту.
Орындаған: Анар Меруерт Татуқызы



Авторлар

Анықтама

Әдебиеттер




Тұрғынбаева Б.А.
Вассерман Л.И.
Оспанова Б.А., Бейсембаева К.Д.



4. Диагностикалық талдау
Мұғалімнің акмеологиялық әлеуетін дамыту тақырбында диагностикалық талдау бойынша алынған мәліметтерге байланысты мұғалімдердің зияткерлік әлеуетінің даму деңгейін анықтау үшін валидітілігі тексерілген, зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес мынандай психодиагностикалық әдістемелерді біз зерттеу жұмысымызда қолдана аламыз:

  • А.Реанның модификациясымен «Кәсіби іс-әрекеттің мотивациясы» атты К.Замфирдің әдістемесі;

  • Х.Зиверттің шығармашылық қабілеттерді анықтауға арналған сынағы;

  • «Тұлғаның бағыттылығын анықтау» әдістемесі;

  • В.И.Моросанованың «Өзін-өзі басқару стилі»атты сауалнамасы;

  • А.В. Карпов мен В.В. Пономареваның «Рефлексивтіктің дамуының даралық өлшемі» атты әдістемесі;

  • A.M. Прихожанның модификациясымен Дембо-Рубинштейннің «Өзін- өзі бағалауды зерттеу» атты әдістемесі.

Сонымен қатар түрлі педагогикалық және психологиялық тестілеулер қарастыруға болады. Студенттерден бірнеше тесттер алынды.

1.Соның бірі «Шебер ұстаз» тақырыбы бойынша тестілеу алынды.
Мұндағы мақсат мұғалімнің білімділік, құзыреттілік, шеберлік білім беруі арқылы құрылатын «рухани өнімдер» немесе білім беру үдерісіне қатысушы тұлғалардың қасиетіндегі психикалық, физикалық жəне акмеологиялық құрылымдарын анықтау және талдау.
Тестке қатысқан студенттер жалпы саны 12
Жалпы берілген тест саны 38
Нәтижесі: Жалпылама қорытындылағанда студенттердің кəсіби біліктері орта деңгейде. Студенттер кəсіби іс-əрекетте шеберлікке қол жеткізу үшін қабілеттер, арнайы білімдер, біліктер, дағдылар, мотивация сияқты маңызды «бастапқы мүмкіндіктерге» ие болу қажет.

2.Психологиялық тест «Мұғалімнің бағалық іс-әрекетін анықтау әдістемесі И.Ю.Кулагина бойынша» алынды
Мақсаты: Мұғалім оқушымен тығыз қарым-қатынаста болады. Мұғалімнің акмеологиялық әлеуетін оқушылармен де байланыстырып анықтайды. Акмелогияның бағыттарының ішіндегі білім беру акмеологиясын анықтау. Яғни, мұғалімдердің оқушылармен білім беру барысындағы қарым-қатынас стильін анықтау.
Тапсырма барысында жиырма психологиялық пайымдаулар оқылды. Әр пайымдаудан кейін үш жауап нұсқасы берілді. Келісетін пайымдау нұсқасына «+» белгісін қойып отырды. Әрбір қойылған «+» белгісіне ұпайлар беріліп отырды.
Қорытынды. Қатысқан студенттер саны 12.

  • Студенттер арасында 28-ден кем ұпай жинағандар болмады. Егер жалпы ұпай жиынтығы 28-ден кем болса, мұғалімнің сыныппен қарым-қатынас стилі авторитарлы деп бағаланады және түзету жұмыстарын қажет етеді.

  • Тапсырма бойынша 4 студенттің жинаған ұпайы 28-33 ұпай аралығында болды. Бұл жағдайда мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас стилі демократиялық дегенді білдіреді. Мұғалімнің білім беру акмеологиясы оқытудағы нәтижелілікке бағытталуы оқушының тұлғалық дамуымен үйлеседі.

  • Қалған 8 студенттің жалпы ұпайы 34-40 аралығында болды, қарым-қатынас стилі либеральді болып есептеледі. Мұғалімде сыныпта жағымды психологиялық ортаны құру ұмтылысы басым. Алайда мұндай стиль ұстаздың жоғары кәсіби шеберлігі болған жағдайда ғана жақсы нәтиже беретінін есте ұстау қажет. Егер бұл деңгей аса жоғары болмаған жағдайда сыныптағы сабақ барысын басқара алу мүмкіндігін жоғалту қаупі бар.



Тұрғынбаева Б.А. Болашақ мұғалімдердің әлеуетін дамыту: кәсіби шығармашылық жолында. - Алматы: «Полиграфия-сервис К», 2012.-316 б.


Оспанова Б.А., Бейсембаева К.Д.


АКМЕОЛОГИЯ Оқулық
Алматы, 2014.129 бет

Вассерман Л.И. и др. Потенциал интеллектуального развития: тестовая методика психологической диагностики. – СПб.: Речь, 2008. – 112 с.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет