1-тапсырма. Төмендегі мәтіндерді мұқият оқып, тақырыпқа қатысты көрікті ойларды, көркемдегіш құралдарды, өзіңізге әсер еткен тұстарын белгіле (4 топқа)



бет1/2
Дата15.01.2022
өлшемі16,9 Kb.
#111946
  1   2
Байланысты:
10 Б - 03.05.2021


1-тапсырма. Төмендегі мәтіндерді мұқият оқып, тақырыпқа қатысты көрікті ойларды, көркемдегіш құралдарды, өзіңізге әсер еткен тұстарын белгіле (4 топқа).

1-мәтін


Қазақ халқының шешендік өнерінің алғашқы нұсқалары түркі халықтарының Орхон, Енисей ескерткіштері мен көне жазба мұраларынан табылған. Мұнда Қорқыттың айтқан нақыл сөзі жазылған. Көне жазба мұраларында М.Қашқари, Ж.Баласағұни, А.Иүгники, С.Сараий, Құтып, А.Хорезм айтқан даналық сөздер табылған. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бәрінде де көркем айшықталған тіл өрнектері аса мол. Қазақ халқы Жиреншеден бастап тарихқа танымал ұлы жүздің атақты Төле биін, орта жүздің Қаз дауысты Қазыбек биін, Кіші жүздің Әйтеке биі мен бертіндегі Сырым батырын қосып, сол есімдерге байланысты өнегелі сөздерді шарапатты дұға есебінде ұсынады. Халқымыздың шешендік сөздерін негізінен үш топқа бөліп қарастыруға болады. Шешендік арнау дегеніміз адамдар арасындағы қарым-қатынасты көрсетеді, халықтың көңіл-күйін бейнелейді. Шешендік толғау дегеніміз халықтың философиялық көзқарасын көрсетеді. Көп жасаған қарттардың жас ұрпаққа өсиеті айтылады. Халықтық үрім-бұтағына жеткіншектерге айтар ақылы насихаты толғау деп аталады. Жоқшылықтың азабын шеккен халықтың өмірі, қонысы, арманы айтылады. Бұқар, Шортанбай, Мұрат, Дулаттың толғаулары бар. Шешендік дау заттық және рухани даулы мәселелерді реттейтін ежелгі әдет заңын бейнелейді. Ар, дау, адам намысын қорғайды, ел мен елдің арасында елшілік келісім болады. Ол елдің дербестігін жердің бүтіндігін қорғайды. Үстем таптың халық мүддесін пайдаланбауын талап етеді. Шешендік өнерді кез келген адам игере алмаған. Нағыз шешен болу үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз, табанда ақыл тауып сөйлейтін, топ алдында тайсалмай сөз бастайтын, сөз сайысында саспайтын батыл, ақылды, сабырлы болуы тиіс. Шешен кісі өз заманының озат ойшылы, оқыған, оқымаса да көкейге тоқыған, білімді, мәдениетті азамат болуы керек

2-мәтін


Қазақ – сөз қадірін өз қадірім деп білген, кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған халық. Қазақ халқында сөздің орны ерекше. Бітпес даудың, бәтуәсіз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр, лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр – бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай-ақ білсін. Қазақ халқы – қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай өнеге-үлгі ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан, басынан сөз асырмаған, ешкімге есе бермеген, бір ауыз сөзге тоқтаған данышпан халық. Шешендік сөздер қашан да халықтың қажетті мұрасы болып табылған. Сонымен бірге олар – тәрбие құралы. Қазақ елі қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін, өзінің би-шешендерінің сөзін жадында сақтап, жаттап айтып жүруді, одан үлгі-өнеге алуды тоқтатқан емес. Шешендер мен билер әрқашан шындықты айтып, аз сөзге көп мағына сыйғызып, халықтың рухани қажетін өтеп отырған. Шешендіктің негізгі қасиеті – айтылған ойға тапқыр, жедел жауап қайтару. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айту. Жиренше, Асанқайғы, Саққұлақ шешен, Ақтайлақ шешен, Төле, Қазыбек, Әйтеке билер – қазақ шешендік өнерінің майталман өкілдері.

4- мәтін

Шешендік – тек тарихи құбылыс қана емес, қоғамдық құбылыс. Түрлі тарихи қиын

кезендерде шешендік қоғамға қызмет етті. Шешендік өнердің тарихына көз жіберсек, шешендік әсіресе тәуелсіздік жолындағы күресте өте-мөте белсенді қызмет атқарды. Шешендер тіпті жер дауы мен жесір дауын қозғаса да, түбі елдікке, бірлікке, теңдікке барып тірелді. Сондықтан да әйгілі шешендердің тайпа көсемдері, ханға кеңесші билер, қол бастаған батырлар болуы тегін емес еді. Немесе біз білетін шешендердің әрі би, әрі қолбасшы, әрі батыр, әрі жырау-философ болуы да осы ұлы мұраттан туындағаны белгілі. Кейін қоғамдық-әлеуметтік жағдайдың өзгеруіне байланысты, идеология да өзгерді: бұрынғыдай халық жиналыстарында саяси-әлеуметтік тақырыптарда пікірталасы немесе үгіт-насихат сөздері кеңінен жүзеге аспады, қоғам мүшелерінің саяси белсенділігі төмендеді. Енді шешендер мен шешендік сөздердің, шаршы топтың сипаты өзгерді: шешендер білім-ғылым, оқу-ағарту, тәлім-төрбие, мәдениет-өнер тақырыптарын қозғаған көркем сөз иелері – ақындар мен жазушылар, ғалымдар, журналистер болса, тындаушы топ – білім-ғылым, оқу-ағарту, мәдениет саласындағы көпшілік. Кейінгі қоғамда шешендік өнердің көрінетін орындары-жоғарыдағы тақырыптарға арналған жиналыс, конференция, съезд, симпозиум, семинар, диспуттар еді. Шешендік сөздің сипатына қарай яғни нені айту, қайда айту, қалай айту талаптарына орай, шешендік өнер тіл мәдениетін көтеретін шарттардың бастысына айналды.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

1-тапсырма. Ұсынылған мәтін негізінде және түрлі ресурс көздерінен ақпараттар ала отырып, «РАФТ» стратегиясы бойынша шығармашылық жұмыс орында, жазылым барысында тыныс белгілерінің дұрыс қолданылуына ерекше назар аудар.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет