1. Түбір сөз Туынды сөз



бет11/13
Дата14.12.2021
өлшемі62,26 Kb.
#126891
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
МОРФОЛОГИЯ
50 әдістер, Салқынбай линг. Түсіндірме сөздік
Мағынасына қарай сан есім 6 түрге бөлінеді.

1.Есептік сан есім - заттың нақты санын білдіреді.


Сұрақтары: қанша? неше? Жасалу жолдары: Түбір сан есімнің өзінен болады (бес, он үш, екі мың жеті).

2. Реттік сан есім - заттың реттік қатарын білдіреді.

Сұрағы: нешінші? Сан есімдерге –ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағы жалғану арқылы жасалады (бірінші,тоғызыншы, жүз бірінші).

3. Жинақтык сан есім - заттың жинақталған санын білдіреді.Сұрағы: нешеу? Бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау, -еу жұрнақтары жалғану арқылы жасалады (біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу).

4. Болжалдық сан есім - заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжамдап көрсетеді. Сұрақтары: қанша? неше? қай шамалы? Жасалу жолдары:

 1) -даған, -деген, -таған, -теген, -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары арқылы (ондаған, жүздеген, елудей, алпыстай);

 2) көптік жалғау + септік жалғаулары арқылы (отыздарда, елулерде);

3) сан есім және шамалы, шақты, жуык тіркесуі арқылы (он шақты, жүзге жуық);

4) екі басқа сандардың косарлануы арқылы жасалады (екі-үш, 20-30).

5)Топтау сан есім - заттың санын топтап көрсетеді. Сұрағы: нешеден? Шығыс септігі жалғауы арқылы жасалады (үштен,екеуден, он-оннан).

6) Бөлшектік сан есім - заттың бөлшектік санын білдіреді. Сұрақтары: қанша? неше? Мысалы, 2,5 – екі жарым, 1/2 - екіден бір.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет