1. Тіл білімі деген не?



Дата20.11.2023
өлшемі24,94 Kb.
#192052
түріҚұрамы
Байланысты:
оям жауабы
просто документ, LE CID Seminar, СРО-21 2, бөж 6, Медиация, Тарих 8, tyu, сро дарига 227, psy (1) 3, 500 ТЕСТ ПМИЯ 2023-2024, пед 5, СРО-2-107-Канал Шұға, Педагогика срс 2, Отбасы, Семинар 4


1.Тіл білімі деген не?
Тіл білімі (лингвистика) – тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл – қоғамдағы адамдардың өзара пікір алысу, бір-бірімен қарым-қатынас жасау, сөйлесу құралы. Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы болады.
2.Нені зерттейді
Тіл білімі тілдің түрлі салалары мен оның тармақтарын олардың дамуын өзара байланысын тіл дамуының ішкі заңдылықтарын зерттейді
3. Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны
Тіл білімі – ғылымдардың екінші тобына, яғни қоғамдық ғылымдар тобына жатады. Тіл білімінің басқа ғылымдар жүйесінде алатын орны ерекше. Себебі кез келген ғылым тіл арқылы түсіндіріледі, тіл арқылы игеріледі. Жалпы алғанда: барлық ғылымдар бір-бірімен тығыз байланыста, бірлікте болады. Өйткені материалдық дүниенің өзі табиғи байланыстардың бірлігінен тұрады. Сондықтан, материалдық дүниенің әр түрлі жақтарын зерттейтін ғылымдардың өздері бір-біріне әсер етеді, бірін-бірі байытады.
4-9. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы
Тіл білімі, бірінші кезекте, әдебиетпен байланысты. Өйткені "тіл – әдебиеттің бірінші элементі". Әдеби шығарма лингвистер үшін өте құнды материал. Әсіресе тіл білімінің стилистика саласы әдебиеттанумен тығыз байланысты.
Тіл білімі философиямен тығыз байланысты. Философия тек тіл білімінің ғана емес, күллі ғылымдардың әдіснамасы (методологиясы) болып саналады. Философия да, тіл білімі де барлық құбылыстарды бір-бірімен өзара байланыста қарастырады. Философия табиғат пен қоғам өміріндегі барлық құбылыстар қозғалу, өзгеру, даму күйінде болады деп үйретсе, тіл білімі де тілдік құбылыстарға солай қарайды. Өйткені тіл де басқа қоғамдық құбылыстар сияқты өзгереді, дамиды. Бірақ, ескертетін нәрсе: тілдегі өзгеру тым баяу өтеді. Ал қоғам мен жаратылыстағы өзгерістер тілге қарағанда тезірек өтеді.
Тіл білімі логикамен тығыз байланысты. Көпшілікке белгілі, логика – ойлау заңдары мен ой формалары туралы ғылым. Ал ойлау, әдетте, тіл арқылы іске асады, тіл арқылы жарыққа шығады. Анығырақ айтқанда, адамның ойы тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы айтылып, түсінікті болады
Тіл білімі психологиямен де байланысты. Психология түйсік пен қабылдауды, ес пен ойды, сезім мен зейінді зерттейді. Ал бұлардың сөйлеу процесіне (оны қабылдап, түсіну процесіне) тікелей қатысы бар. Өйткені біреудің айтқанын қабылдау, оны ұғыну процесі болмаса, қарым-қатынас жасасу, пікір алысу да болмаған болар еді.
Лингвистиканың тіл дыбыстарын зерттейтін саласы – фонетика физиологиямен байланысты. Өйткені сөйлеу – дыбыстау мүшелерінсіз (ауыз, тіл, тіс …) мүмкін емес. Тілдің шығуының өзі алғашқы адамдардың сөйлеу мүшелерінің дамуына тәуелді.
Тіл білімі физиканың акустика саласымен де байланысты. Адам баласының тілі – дыбыстық тіл. Тілдегі дыбыстар жүйесін тіл білімінің фонетика саласы зерттейді. Ал жалпы дыбыс атаулыны физиканың акустика саласы қарастырады. Ендеше, бұл екеуі де бір-бірімен байланысты.
Тіл білімінің тарих ғылымымен, оның ішінде этнографиямен, археологиямен байланысы бар. Тіл тарихы – сол тілді жасаушы, сол тілді қолданушы халықтың тарихымен байланысты. Олар бірін-бірі байытады, бірін-бірі толықтырады. Тілдік деректерді – тарих, тарихи мәліметтерді – тіл пайдалана алады.
10.Тіл білімінің теориясы
Тіл алдымен ғылыми тұрғыдан зерттелінеді. Соның нәтижесінде тілдің табиғаты, оның даму заңдылықтары айқындалады, ондағы тілдік категориялар сараланады. Ол категориялар мен заңдардың бір-бірімен байланысы, өзара қарым қатынасы анықталады. Сөйтіп, белгілі бір тіл туралы қорытындылар, топшылаулар жасалынады.
11.Тіл білімінің теориялық мәні
Қорытындылар мен топшылаулар негізінде грамматикалық, яғни ғылыми немесе нормативті оқулықтар жазылады, түрлі сөздіктер құрастырылады. Міне, тілдің теориялық мәні дегеніміз осы.
12. Тіл білімінің негізгі қызметтері.
Тілдің ең басты қызметі- қарым-қатынас құралы болуы қызметі. Тіл адам баласы қоғамында қатынас құралы, сөйлесіп, пікір алмасудың құралы. Тіл табысудың, түсінісудің құралы ретінде қызмет атқаратын қоғамдық құбылыс.
13. Коммуникативті қызметі.
Тілдің коммуникативті қызметі дегеніміз тіл арқылы тілдік қарым-қатынас жасау. Олар екіге бөлінеді. Олар вербалды яғни тілдік және тілдік емес. Тілдік дегеніміз сөз арқылы қарапайым сөйлеу ал тілдік емес мимика,жест арқылы сөйлей Мысалы, қазақтарда бір-бірін ы-ы-ы деп еркелетуі. Және тілдік емес қызметтің ерекшелігі ол әртүрлі ұлтқа тән.
14.Тіл білімінің экспрессивті эмоционалды қызметі.
Тілдің экспрессивті эмоционалды қызметі деп адамның сол затқа, ұғымға деген өзіндік қатынасын, эмоциясын, яғни, не жақсы көру, не жек көру сезімін айтамыз. Мысалы алақай, масқара,қап т.б.
15.Тіл білімінің номинативті қызметі.
Тіліміздегі әрбір дара сөз,күрделі сөз, сөз тіркесі-белгілі бір заттың, ұғымның, қимылдық, сынның аты болып табылады.
16. Танымдық қызметі.
Тіл арқылы дүниені білгілі дәрежеде тану.
17. Тілдің ойды жарыққа шығару қызметі.
Адамның ойы тіл арқылы белгілі болады. Демек, ойлау мен тіл бір-бірімен тығыз байланысты.
36)Тілдік таңба–тіл бірліктерінің затты, оның қасиетін, болмысқа қатыстылығын білдіретін материалдық-идеялық (екі жақты) құрылымы. Тілдік таңбаның түрлері (типтері): фонемалар, грамматикалық морфемалар, сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер.
37)Таңбалар жүйесінің тілдік таңбалардан басқа тағы мынандай түрлері бар: жол бойындағы белгілер, әскери сигналдар, цифрлар (араб және рим), әріптер және т.б. Бұларлы шартты таңбалар деп атайды.
38)Тіл - таңбалардың ішіндегі өте-мөте маңыздысы.
Ендеше, тілді де, оның элементтерін де (морфеманы, сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді) тілдік таңбалар деп білеміз. Мұндағы негізгі мәселе - таңба мен мағынаның бірлігінде. Таңба жасалған екен, оның міндетті түрде мағынасы, ұғымы болады.
Мағына, ұғым туған екен, оны белгілейтін таңба да өмірге келеді.
39)Фонема–есту мүшелері арқылы қабылданатын, бір морфеманы екінші морфемадан, бір сөзді екінші сөзден ажырататын ең кіші тілдік бірлік (элемент). Мысалы, п, с, т, д, м, н дыбыстары (фонемалары) пән, сән, тән, дән, мән, нән деген сөздерді бір-бірінен ажыратып тұр.
40)Морфема– сөздің ары қарай бөлшектенуге келмейтін дыбыстан кейінгі ең кіші мағыналық бірлігі.
41)Сөз– зат пен құбылыстың атын, түр-түсін, сапалық белгісін, амалын, қимыл-әрекетін таңбалаушы негізгі мағыналық-құрылымдық бірлік.
42. Сөз тіркесі - толық мағыналы екі немесе бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз.
43. Сөйлем – тілдің грамматикалық заңдылығы негізінде қалыптасқан синтаксистік бірлік, адамдардың қарым-қатынас жасауы үшін жұмсалатын тілдік категория.
44. Мәтін - бұл жалпы бір тақырып төңірегіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мысалы: Аққу
Аққу киелі құс. Аққудың мойны ұзын, тұмсығы қара, ұшы қызыл болып келеді. Аққудың қанаты үзын, мамығы ұлпа болады. Ол ұшқанда жаймен ұшады. Аққулар достықтың, мәңгіліктің белгісі.
45. Таңба 2 жағы болады: формасы; мазмұны, мағынасы.
46. Формасы -қызыл, жасыл, сары (бағдаршам);
47. Мазмұны, мағынасы-дайындал, тұр, жүр.
48.Кез келген таңбаның екі жағы болады: бірінші жағы – формасы, екінші жағы – мазмұны. Мысалы, көшедегі бағдаршамның (светофордың) жасыл түсі – сол таңбаның формасы, ал "көшеден өтуге рұқсат" деген мағынасы – оның мазмұны. Тілдік таңбалардың да (бірліктердің де) дәл осындай екі жағы болады. Мысалы, бала, -лар/-лер, -дың/-дің т.б. Бұл формалар мен мазмұндар тек сол таңбалар жүйесінде ғана мәнге ие бола алады; ол жүйеден тыс әлгіндей мағыналарды білдіре алмайды. Айталық, қазақ тілінің түбір морфемасы (бала) немесе аффикстік морфемасы (-лар) орыс тілінің, болмаса басқа бір тілдің жүйесінде ешқандай мәнге ие бола алмайды. Сондықтан да, біз "қазақ тілінің жүйесі", "орыс тілінің жүйесі" деген терминдерді жиі қолданамыз.
49.Тілдің таңбалық сипаты оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Лингвистер бұл мәселеге ертеден бері-ақ назар аударып келеді. Фердинанд де Соссюр өзінің "Жалпы тіл білімінің курсы" (1916) атты еңбегінде тілді таңбалар жүйесі деп қарастырған және оны таңбалардың басқа жүйелерімен салыстырған.
Тілдік таңбалардан басқа таңбалар жүйесінің мынандай түрлері бар: жол бойында№ы белгілер, әскери сигналдар, цифрлар (араб және рим), әріптер т.б. Бұларды шартты таңбалар деп атайды.
Тіл – таңбалардың ішіндегі өте-мөте маңыздысы.Ендеше, тілді де, оның элементтерін де (морфеманы, сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді) тілдік таңбалар деп білеміз
Шартты таңбалар мен тілдік таңбалардың айырмашылықтары бар. Егер шартты таңбаның бір формасына әдетте бір ғана мазмұн сәйкес келсе, тілдік таңба әр уақыт солай бола бермейді. Кейде тілдік таңбаның бір формасына бірнеше мазмұн (мағына) сәйкес келуі мүмкін, болмаса керісінше: бір мазмұнға бірнеше форма сәйкес келуі мүмкін.
Мұны былайша көрсетуге болады: бір форма > бірнеше мазмұн (көп мағыналық, омонимия) немесе бірнеше форма > бір мазмұн (синонимия, дублет, вариант).
Бұлардың арасында ұқсастық бар, сонымен бірге, оларды бірдей, тең деп есептеуге болмайды. Ұқсастығы: екеуінде де форма мен мазмұн бар, екеуі де – бірдеме жайында "хабарлаудың" құралы
50.Синхрония (гр. syn — бірге, гр. сhronos — уақыт, мерзім) — тіл білімінің тілдің статистикалық қалпы дегенді білдіретін термині. Ф. де Соссюр бұл терминді тіл білімінде алғаш рет қолданып, оны диахронияға қарсы қойды.
Диахрония (гр. δια және гр. χρονος - уақыт) — тіл жүйесінің тарихи дамуын тіл білімінің объектісі түрінде зерттеу; тілді оның уақыт көлемінде даму процесімен байланысты алып қарастыру.
51.Тіл – белгілі бір құрылымы, жүйесі және қызметі бар, біртұтас құбылыс. Яғни тілге құрылымдық (структура), жүйелілік (система) және қызмет (функция) деген үш түрлі сипат тән.Құрылым – жүйедегі тілдік элементтер арасындағы қатынастардың жиынтығы.Құрылым деп, әдетте, бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастардың тінін, қаңқасын немесе сұлбасын айтады.Жүйе – рет-ретімен ұйымдаса орналасқан біртұтас құбылыс (бірлік).
52.құрылымдық ерекшеліктеріне қарай дүние жүзі тілдері мынандай төрт типке бөлінеді: 1) Жалғамалы (агглютинативті) тип,2)Даралаушы (аморфты) тип,3) Қопарылмалы (флективті) тип,4) Полисинтетикалық немесе инкорпоративті тип
Қазақ тілі де фин-угор тілі де өзінің құрылымына қарай агглютинативті тілдер тобына жатады
53.Бұл тілдерге тән негізгі қасиеттер: 1) Грамматикалық мағыналар түбірге қосымшалардың (аффикстердің) жалғануы арқылы беріледі; 2) Қосымшалардың әрқайсысы көбінесе бір ғана грамматикалық мағынаны білдіреді; 3) Ол қосымшалар бірінің үстіне бірі жалғана береді; 4) Қанша қосымша қосылғанмен сөз түбірінің дыбыстық құрамы өзгермейді (сол күйінде қалады). Мыс.: үй+ім+нің терезе+лер+і, біз+дің бала+лар+ы+мыз.
54. Ішкі лингвистика
Ішкі лингвистика- тілді жүйе ретінде зерттейді. Ішкі тіл білімі осы жүйедегі бірліктерді, категорияларды, деңгейлер мен құрылымды анықтап, зерттейді. Мысалы: фонетика,грамматика,морфология, синтаксис
Ішкі тіл білімі тіл құрылымының ішкі заңдылықтарын зерттеумен байланысты.
55. Сыртқы лингвистика
Сыртқы лингвистика- тілді сыртқы жағдайлармен, яғни қоғам тарихымен, мәдениетпен,әдебиетпен,саясат
пен, т.б. байланыста зерттейді. Зерттелу аспектіне қарай сыртқы лингвистиканың өзі бірнеше бөлімдерге бөлінеді.
Мысалы: психолингвистика, этнолингвистика, социолингвистика, лингвосемиотика, т.б.
57. Тіл және сөйлеу
Ф. де Соссюр көтерген мәселе- тіл және сөйлеу.Тіл мен сөйлеу бір-бірімен байланысты алайда екеуінің өзіндік ерекшелігі бар
Сөйлеу - тілді қолданудың нәтижесі, ұжымдық сипат алмайды ол индивидуальды
Тіл - қоғам мүшелерінің бәріне бірдей ортақ, өзара байланысты таңбалардың жүйесі. Тіл әлеуметтік сипатқа ие.
Тіл мен сөйлеуді ажырату арқылы - біз әлеуметтікті индивидуальдықтан бөлеміз.
Сөйлеудегінің бәрін индивидуальдық деу қате. Әрбір сөйлеуші қоғамдық тілде бар материалдарды ғана қолданады.
Ерекшеліктері: орфоэпиялық норманың бұзылу, фразеологизмдер мен идеомалардың болуы.
58. Тіл және сөйлеу ұқсастықтары
Тіл мен сөйлеудің ұқсастықтары төмендегідей:
1. Тіл мен сөйлеу бір-бірімен байланысты: Тіл – ойды білдіруге, қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін белгілер мен ережелердің абстрактілі жүйесі. Сөйлеу - бұл жүйенің қарым-қатынас процесінде нақты қолданылуы.
2. Тіл – сөйлеу құралы: Тіл сөйлеудің жасалу құралын береді. Ол сөздік (сөздер жиынтығы) және синтаксисті (сол сөздердің сөйлемдерге біріктіру ережелерін) қамтиды.
3. Сөйлеу – тілдің жүзеге асуы: Сөйлеу дегеніміз – адамдардың лексикалық және грамматикалық ережелерге сүйене отырып, сөйлеу, жазу, тыңдау немесе оқу кезінде тілді қолдану әрекеті.
4. Даралық: Сөйлеу әр адамның өзіндік стилі мен қарым-қатынас тәсілін көрсететін жеке әрекет болса, тіл белгілі бір тілде сөйлеушілерді біріктіретін жалпы қабылданған жүйе.
5. Өзгергіштік: Тіл мен сөйлеу контекстке, әлеуметтік-мәдени факторларға, қарым-қатынас мақсатына және тіпті жеке қалауларға байланысты өзгеруі және өзгеруі мүмкін.
Демек, тіл мен сөйлеу бір-бірімен байланысты және адам қарым-қатынасының маңызды бөлігін құрайды. Тіл жалпы жүйені қамтамасыз етеді, ал сөйлеу осы жүйенің қарым-қатынас процесіндегі жеке көрінісі болып табылады.
59. Тіл және ойлау
Фердинанд де Соссюрдің тіл және ойлау тұжырымдамасы лингвистика мен семиотика саласындағы іргелі идеялардың бірі болып табылады. Бұл принцип бойынша тіл мен ойлау өзара байланысты, бірақ бір-біріне тәуелсіз.Ол ойлау мен ұғымдар тілге тәуелсіз жеке адамның ішінде қалыптасады, бірақ адамдар бұл ұғымдарды білдіру үшін тілді пайдаланады деп тұжырымдады.
Біз бұл тұжырымдағы жеткізер ойды осылай төрт пунктке қарастырып көре аламыз
1. *Тілдің екі жақты табиғаты*: Соссюр тілдің екі аспектісін ажыратты: ланг және параванг
Ланг - белгілі бір ауызша сөздерге тәуелсіз өмір сүретін белгілердің абстрактілі жүйесі. Параванг, керісінше, нақты сөйлеу әрекеттерінде тілдің нақты қолданылуын білдіреді.
2. *Ой мен тілдің дербестігі*: Соссюр жеке адамдардың санасында қалыптасқан ойлау мен ұғымдар белгілі бір тілге тәуелді емес деп есептеді. Оның орнына адамдар өз ойлары мен идеяларын жеткізу үшін тілді пайдаланады. Бұл әртүрлі мәдениеттер мен тілдерде бірдей ұғымдарды білдірудің әртүрлі тәсілдері болуы мүмкін дегенді білдіреді.
3. *Тіл белгілер жүйесі ретінде*: Соссюрдің негізгі концепцияларының бірі – әрбір сөз немесе белгі басқа белгілерден айырмашылығы арқылы мағына алатын белгілер жүйесі ретіндегі тіл идеясы. Бұл идея кейіннен мәдениеттің басқа салаларына талдауды кеңейткен структурализмнің негізін құрады.
4. *Семиотика*: Соссюрдің белгілер және олардың өзара байланысы туралы концепциясы белгілер мен олардың мағыналарын әртүрлі контексте, соның ішінде жалпы тіл, әдебиет, өнер және мәдениетті зерттейтін семиотика ғылымының дамуына әсер етті.
Соссюр тілді қарым-қатынас пен сөздің орталық құралы ретінде қарастырды, сонымен қатар тіл құрылымы біздің ойлауымызды шектейді және қалыптастырады, өйткені ол берілген тілде қандай ұғымдар мен идеяларды білдіруге болатынын анықтайды. Бұл концепция қазіргі тіл білімі мен семиотика ғылымының дамуына зор ықпал етті.
60. Тіл және ойлау айырмашылығы және ұқсастығы
Тіл мен ойлау адам танымының екі маңызды аспектісі болып табылады және олардың ұқсастығы да, айырмашылығы да бар:
Ұқсастықтары:
1. Өзара байланыс: Тіл мен ойлау бір-бірімен тығыз байланысты. Тіл адамдарға өз ойлары мен идеяларын айтуға мүмкіндік береді, ал ойлау ақпаратты құрылымдау және талдау үшін тілді пайдаланады.
2. Қарым-қатынас негізі: Тіл мен ойлау тиімді қарым-қатынасқа негіз болады. Өз ойын басқаларға жеткізу үшін адам тілді пайдаланады.
3. Абстракция және талдау: Екі процесс те адамға нақты жағдайлардан абстракциялауға және ақпаратты неғұрлым дерексіз деңгейде талдауға мүмкіндік береді.
Айырмашылықтары:
1. Уақыт: Тіл белгілі бір уақытта берілетін белгілі бір белгілер мен дыбыстарды білдіреді. Ойлау анағұрлым абстрактілі болуы мүмкін және бірден білдірумен байланысты емес.
2. Ішкі процесс: Ойлау, негізінен, адам ақпаратты тілде білдірмес бұрын өңдейтін ішкі процесс. Тіл – әлеуметтік және сыртқы қатынас құралы.
3. Вариативтілік: Тіл көптілді болуы мүмкін және әр тілдің өз грамматикасы мен сөздік қоры болады. Ойлау әмбебап болуы мүмкін және белгілі бір тілге тәуелді емес.
4. Көрнекі және есту: ойлау әртүрлі сенсорлық әдістерге негізделуі мүмкін, соның ішінде визуалды, есту, тұжырымдамалық және т.б. Тіл негізінен есту және сөздік аспектілерге қатысты.
Жалпы алғанда, тіл мен ойлау өзара әрекеттеседі және бірін-бірі толықтырады, бірақ олар адамның танымдық іс-әрекетінің әртүрлі аспектілерін білдіреді. Тіл ойды білдіруге мүмкіндік береді, ал ойлауды құрылымдайды және айтылуы қажет ақпаратты талдайды.
1.Тілдердің генеологиялық топтастыру
Дүние жүзіндегі тілдер өздерінің шығу тегінің бірлігіне, яғни туыстығына қарай әр түрлі семьяларға, семьялар әр түрлі топтарға бөлінеді.
Семья деген термин – шығу тегі бір, біртектес тілдердің бірнеше топтарының жиынтығы дегенді білдіреді. Ал топ деген термин – бір семьяға жататын, бірақ туыстығы жағынан басқаларға қарағанда тіптен жақын тілдерді білдіреді. Мысалы, түркі тілдері өзара туыстас тілдер. Олар жалпы түркілік бір негізден шыққан. Сондықтан оларды түркі тілдер семьясы деп атаймыз
62.Үнді еуропа тілдері
Бұған туыстас тілдердің төменгі топтары енеді:
1. Индия тобы. Бұл топқа енетін тілдер: бенгал тілі (Үндістан мен Пакістанда), пенджаб тілі (Индия мен Пакистанда), синдх тілі (Үндістан мен Пакістанда), сингаль тілі (Шри-Ланкада), непал тілі (Непалда), урду тілі (Пакістанда), хинди тілі (Үндістанда), цыған тілі.
2. Иран тобы. Бұл топқа мына тілдер енеді: парсы тілі (Иран), пушту тілі (Ауғанстан), тәжік тілі, курд тілі (Түркия, Иран, Ирак, Азерб.), осетин тілі т.б.
3. Славян тобы. Бұл топ, жоғарыда айттық, өз ішінде тағы үш топқа бөлінеді: а) Шығыс славян тілдері (орыс, украин, белорус), ә) Оңтүстік славян тілдері (болгар, македон, серб, хорват, словен), б) Батыс славян тілдері (чех, словак, поляк).
4. Балтық тобы: литва, латыш тілдері (өлі тіл – прус тілі).
5. Герман тобы. Бұлар іштей үш топқа бөлінеді: а) Солтүстік герман (скандинав) тілдері: дат, швед, норвеж, исланд; ә) Батыс герман тілдері: ағыл., нидерланд, неміс, голланд, идиш; б) Шығыс герман тілдері: гот, вестгот, остгот.
6. Роман тобы. Бұл топқа енетін тілдер: француз, итальян, испан, португаль, румын, молдаван тілдері (өлі тіл – латын тілі).
7. Кельт тобы: ирланд, шотланд (өлі тіл – галль).
8. Грек тобы: грек тілі.
9. Албан тобы: албан тілі.
10. Армын тобы: армян тілі.
63.Симит- хамит тілдері
1. Семит тобы: араб, иврит тілі – көне еврей тілі, бервер-ливия тілі, кушит, чад, финик, моавит тілдері.
2. Египед тобы: көне египет тілі – копт тілі
64. Кавказ тілдері
семьясы. Бұларға жататын тілдер: грузин, абхаз, адыгей, кабардин, черкес, шешен, ингуш, дағыстан, авар, лезгин.
65. Фин-угор тілдері
Бұлар екі топқа бөлінеді:
1. Угор тобы: венгер тілі, манси (вогуль) тілі, ханти (остя) тілі; соңғы екеуі Ресей Федерациясында.
2. Фин тобы: фин, веп, вод, ижор, карель, эстон, коми-зырян, коми-перм, удмурт (вотя), марий, саам, мордва (эрзя, мокша) тілдері.
66. Түркі тілдері
Бұлар ең алдымен а) Батыс хун бұтағы және ә) Шығыс хун бұтағы деп, екіге топтастырылады:
А. Батыс хун бұтағы төртке бөлінеді:
1. Оғыз (Оңтүстік Батыс) тобы: түрікмен, азербайжан, түрік, гагауз.
2. Қыпшақ (Солтүстік Батыс) тобы: қазақ, қарақалпақ, татар, башқұрт, ноғай, қарайым, құмық, қарашай, балқар, қырым татарлары.
3. Қырғыз-қыпшақ тобы: қырғыз, алтай.
4. Бұлғар тобы: чуваш.
Ә. Шығыс хун бұтағы екіге бөлінеді:
1. Қарлұқ (Оңтүстік Шығыс) тобы: өзбек, жаңа ұйғыр.
2. Ұйғыр-оғыз (Солтүстік Шығыс) тобы: якут, тува, хакас, шор, көне ұйғыр.
67.Моңғол тілдері
Оған мына тілдер енеді: монғол, бурят, қалмак, моголь (Ауганстан), монгор (Қытай), дагур (Солтустік Шығыс Қытай).
68.Тунгус-маньчжур тілдері.
Бұл тілдер екі топқа бөлінеді.
1. Тұңғыс тобы: эвенк, эвен, орок, ороч.
2. Манжұр (маньчжур) тобы: манжур, негидаль, нанай, удэгей, ульч т.б
69.Қытай-тибет тілдері
Бұлар екі топқа бөлінеді:
1. Тай-қытай тобы: қытай, дүнген, тай, лаос, ветнам.
2. Тибет-бирма тобы: тибет, бирма, лоло, акха, тангут, качин.
70.Тілдердің классификациясы.
Дүниежүзінде тілдер екі классификацияға бөлінеді:типологиялық,генеологиялық.
71,72.Типологиялық классификация тарихы.
1908жылы Фридрих Шлегель ,,Үнділердің тілі мен даналығы’’ кітабын жазды.Алғаш рет сөздердің тұлғасын түрлендіретін қосымшаларға байланысты тілдерді екі үлкен топқа бөлген.1)Флегтивті тілдер:самскрит,грек,латын,араб,
көне еврей тілдерін жатқызды.2)Афиксті тілдер:түркі тілдері,афиксті тілдердің түбірі өзгермейді ал флегтивті тілдердің түбірі өзгереді.
73. Август Шлегел классификациясы
Тілдер типологиялық классификациясын зерттеді. 1818 жылы Аморфты тілдерді қосты.
74. Вильгельм фон Гу́мбольдт 1767 жылы 22 маусымда дүниеге келген. Неміс филологы, философ, тілтанушы, мемлеткеттік қайраткер, дипломат, өнер теоретигі, немістің классикалық гуманизмінің көрнекті өкілі.
Гумбольдт дербес пән ретіндегі тіл философиясының негізін қалаған.
75. 1848 жылы 2 қаңтарда Вологда гимназиясының инспекторы Федор Николаевич Фортунатовтың отбасында дүниеге келген. Орыс лингвисті, профессор, Петербург Ғылым академиясының толық мүшесі (1898), Мәскеу лингвистикалық мектебінің негізін қалаушы, революцияға дейінгі Ресейдегі ең көрнекті тіл ғалымдарының бірі. Үнді-арий, балтық және славян тілдерінің тарихымен айналысты, үндіеуропалық зерттеулермен, грамматика теориясымен жұмыс істеді; ауқымды ұстаздық қызметпен айналысқан.
76. Тіл типі — тіл құрылымының неғұрлым жалпы, әрі ықшам сипаттамасы, тілдің жекелеген белгілері арқылы анықталған тілдердің негізгі түрлері туралы жинақталған түсінік.
77. Флективті тілдер (қопармалы тілдер)
Бұған орыс, неміс, араб, грек т.б. тілдері жатады. Бұл тілдерге тән қасиеттер: 1) Грамматикалық мағыналар негізінен ішкі флексия арқылы беріледі. Мыс.: Он шел – она шла; Я ем – ты ешь; Он (она) ест. Я бегу, ты бежишь, он бежит. 2) Сонымен бірге, грамматикалық мағыналар сыртқы флексия арқылы да беріледі.
78. 1)Агглютинативті тип (Жалғамалы тілдер) Бұлардың қатарына түркі тілдері, монғол тілдері, угоро-фин, венгр тілдері жатады. Бұл тілдерге тән негізгі қасиеттер: 1) Грамматикалық мағыналар түбірге қосымшалардың (аффикстердің) жалғануы арқылы беріледі; 2) Қосымшалардың әрқайсысы көбінесе бір ғана грамматикалық мағынаны білдіреді; 3) Ол қосымшалар бірінің үстіне бірі жалғана береді; 4) Қанша қосымша қосылғанмен сөз түбірінің дыбыстық құрамы өзгермейді (сол күйінде қалады). Мыс.: үй+ім+нің терезе+лер+і, біз+дің бала+лар+ы+мыз.
79.Түбір тілдер(аморфты) тип. Яғни сөздерге қосымша (жалғау, жұрнақ) жалғанбай, түбір күйінде қолданылатын тілдер. Бұларды даралаушы тип деп те атай береді. Түбір тілдер типіне қытай, въетнам, бирма, тай, тибет, малайя-полинезей тілдері жатады.
Бұл тілдерге тән қасиеттер:
1) жоғарыда аталғандай қосымшалар қосылмайды (яғни сөздер түрлене бермейді);
2) сондықтан ол тілдерде омоним сөздер көп (мол) болады;
3) олар бір- бірінен музыкалық екпін арқылы ажыратылады;
4) синтаксистік жағынан негізгі тәсіл – қабысу (қой қора, көк терек, мың қой, ана кісі) және жанасу (тез келді);
5) синтаксистік қатынастар сөздердің орын тәртібі, интонация және көмекші сөздер арқылы беріледі;
6) сөз тудырудың ең басты тәсілі — түбірлерді біріктіру.
80.Полисинтетикалық немесе инкорпоративті тип. Бұған палеоазиат (чукот, коряк, ительмен, эскимос, алеут, кет, нивх, юкагир) тілдері мен американдық үндістердің тілдері жатады.
Бұл типтің ерекшелігі: жоғарыда аталған үш түрлі типтегі тілдерде сөйлем арқылы белгілі болатын синтаксистік қатынастар бұл тілдерде бір сөзбен беріле алады. Мысалы «мен семіз бүғыларды ғана өлтіремін» деген сөйлемді чукот тілінде ты+ата+каа+нмы+ркын деген жалғыз сөзбен береді. Мұндағы ты — бірінші жақтың көрсеткіші, ркын — етістіктің жұрнағы, ал басқалары есім (семіз, бүғы) және етістік (өлтір) түбірлер.
Бұл құрылымдық тип бойынша, бір сөз (негіз) екінші бір сөздің негізі мен қосымшасының (немесе префикс пен негіздің) арасына сыналанып, қыстырылып кіреді де, синтаксистік топ құрайды.
81.Синтетикалық тілдерде грамматикалық мағыналар сөздердің түрленуі арқылы беріледі, яғни сөздер ішкі, сыртқы флексияға ұштасып барып, бір-бірімен байланысады. Мұндай қасиет әсіресе литва, неміс, түркі, славян тілдеріне тән.
82.Аналитикалық тілдерде грамматикалық мағыналар (синтаксистік қатынастар) сөздердің формалары арқылы емес, олардың орын тәртібі, интонация жене көмекші сөздер арқылы беріледі. Бұл қасиет әсіресе ағылшын, француз, болгар, дат, грек тілдеріне тән.Мысалы: ауыл сырты, от басы, ең таңдаулы, аса маңызды дегенде сырты, басы, ең, аса сөздері көмекшілік қызмет атқарып, аналитикалық форма жасап тұр.
83.Салыстыру әдісінің негізгі мақсаты барлық тілдік деңгейлерге қатысты тілдік құрылымдардың айырмашылықтарын емес, оларға ортақ қасиеттерін табу. Басқаша айтсақ, тілдердің әмбебап қасеиттерін айқындау.Тілдерді салыстыра зерттеу нәтижесінде тілдердегі ерекшеліктер мен ұқсастықтарды анықтауға болады.
84.Фонетика — тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы.
Салыстырмалы фонетика тілдің дыбыстық құрылымын басқа тілдермен салыстырады. Шет тілі мен ана тілдерін салыстыру, ең алдымен, шет тілінің ерекшеліктерін көру және меңгеру үшін қажет.Сол сияқты гүндиз – күндіз, гезек – кезек, гелешек – келешек, гелин – келін, горкак – қорқақ деген сөздерде бастапқы г – қ дыбыстарының өзгеше қолданылуы – түркімен, қазақ тілдерінің өздеріне тән құбылыстарын көрсетіп тұр . Әрине, әр тілдің емлесі мен фонетикасының өз ара қатысы өзінше қалыптасқан. Алайда, қазақ тілінің жазылуы мен айтылуы жағынан бір біріне аса жуық тіл екендігімен көптеген тілдерден айырмашылығы бар.Бұл қасиет, негізінен түркітекті тілдерге тән
85. Екі тілдің морфологиясын салыстыру.
Қазақ тілі және қырғыз тілі.
Қазақ тілі мен қырғыз тілі түркі тілдер семьясына жатқандықтан олар салыстырылады. Екі тіл де агглютинативті құрылымды пайдаланады, мұнда морфемалар сөздің түбіріне қосылып, жаңа формалар жасайды. Мысалға алып қарайтын болсақ:
Қазақ тілінде: "Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан берілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс."
Қырғыз тілінде: "Алардын аң-сезими менен абийири бар жана бири-бирине бир туугандык мамиле кылууга тийиш."
Осы мысалдарға зер салып қарайтын болсақ, сөздер ішінде қосымшасында өзгешелік жоқ, тек фонемалар мен бүтін түбір ғана ауысып отырады. Бұл жердегі екі тілдің ерекшелігі, сөздердің фонемалары ауысуы арқылы басқа тілдің сөзіне ауысуы. Мысалы:
ақыл-парасат = аң сезімі
және = жана
ар-ождан = абийри
туыстық = бир туугандык
қарым-қатынас = мамиле
Бұдан шығатын қорытынды, екі тілдің морфологиялық ерекшелігінде жалғанатын жалғау мен жұрнақтарда ешқандай айырмашылық жоқ, тек қана бастапқы түбір сөздің түгелімен өзгеріп кетуі орын алады.
86. Екі тілдің сөздік қорын(лексиконын) салыстыру.
Қазақ тілі және қырғыз тілі.
Қазақ және қырғыз тілдері түркі тілдері семьясына жатады және көптеген ортақ белгілерге ие, сонымен бірге өзіне тән ерекшеліктері де бар. Мысалы, қазақ тілінде «су» және «күн» сөздері тиісінше «су» және «күн» деп белгіленеді. Қырғыз тілінде бұл сөздер «суу» және «кун» деп айтылады.
Бұл екі тіл арасындағы сөздік қордың айырмашылығы: мұнда ортақ ұғымдар ұқсас, бірақ бірдей емес сөздермен беріледі.
87. Екі тілдің синтаксисін салыстыру
Қазақ тілі және қырғыз тілі.
Қазақ және қырғыз тілдері түркі тілдер семьясына жатқандықтан ұқсас синтаксиске ие. Екі тіл де агглютинативті құрылымды пайдаланады, мұнда морфемалар сөздің түбіріне қосылып, жаңа формалар жасайды. Мысалы:
1. Ұқсастығы:
• Сөз тәртібі:
Қазақ тілінде: әдетте субъект-объект-етістік тәртібі қолданылады, бірақ сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі контекстке байланысты өзгеруі мүмкін.
Қырғыз тілінде: Сондай-ақ субъект-объект-етістік тәртібін қолданады және сөйлемдегі сөздердің орналасуында кейбір өзгешеліктерге ие бола алады.
2. Айырмашылығы:
•Септіктердің қолданылуы:
Қазақ тілінде: жеті септік бар, олардың әрқайсысы сөйлемдегі әртүрлі грамматикалық
қызметті көрсетеді.

Қырғыз тілінде: Қазақшаға қарағанда алты септік бар және онда қазақ тіліне қарағанда қатаң грамматикалық формалары аз болып келеді.


88. Тілдерді салғастыру деген не?
Тілдерді салғастыру – сопоставление. Егер екі тіл бір-бірімен туыстас емес тілдер болса, онда оларды салғастырамыз. Мысалы, қазақ тілі мен қытай тілін салғастырамыз, қазақ тілі мен орыс тілін салғастырамыз, ал орыс тілі мен ағылшын тілін салыстырамыз. Себебі, олар үндіевропа тілдер тобына жатады.
89. Екі тілдің фонетикасын салғастыру.
Ағылшын тілі мен қазақ тілі.
Ағылшын тілі мен қазақ тілі бір-бірімен туыстас тіл болмағандықтан олар салғастырылады. Екі тіл арасындағы фонетикалық ерекшелікке мысал:
1. [æ] дыбысы: Қазақ тілінде ағылшын тіліндегі [æ] дыбысының нақты аналогы жоқ. Мысалы, "cat"(мысық) сөзін алайық. Қазақ тілінде дауысты дыбыстар бар, бірақ олардың айтылуы [æ] дыбысынан өзгеше болып келеді.
2. [θ] дыбысы: Қазақ тілінде ағылшын сөздерінде жиі кездесетін [θ] дыбысы жоқ, мысалы, «think»(ойлау) сөзінде. Қазақ тілінде бұл дыбыс жоқ және оның аналогы да жоқ.
3. [ʒ] дыбысы: ағылшын тілінде «measure»(өлшеу) сөзіндегідей [ʒ] дыбысы бар. Қазақ тілінде де бұл дыбыс жоқ және оның дыбыстық жүйесінде аналогы жоқ.
90. Екі тілдің морфологиясын салғастыру.
Ағылшын тілі мен қазақ тілі.
Қазақ және ағылшын тілдерінің морфологиялық құрылымы әртүрлі, оларды мысалдарда қарастырайық:
Зат есімдер-Nouns:
Қазақ тілінде: Қазақ тілінде зат есімнің жеті (атау, ілік, табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес) септігі болады.
Ағылшын тілінде: Ағылшын тілінде зат есімдердің екі жағдайы (жанама және тікелей) болады және олар септіктер бойынша өзгермейді.
Етістіктер-Verbs:
Қазақ тілінде: Қазақ тілінде етістіктер шақ (осы шақ, өткен шақ, келер шақ) және тұлғалар (1- жақ, 2-жақ, 3-жақ) арқылы жасалады.
Ағылшын тілінде: Ағылшын тілінде етістіктер шақтарға (қазіргі, өткен, болашақ сонымен қатар 12 түрге бөлінеді) және тұлғаларға (I, you, he/she/it, we, you, they) қарай өзгереді.
98)Шарттасу теориясы:XIX ғасырда пайда болған. “Адамдар жиналып шарттасқан.Олар әр нәрсеге атау берген:тау,тас,күн…т.б.” (Дұрыс емес теория).
99)Эмоционалдық теория:XVIII-XIX ғасырда пайда болған.Өкілі: француз Руссо. “Адамдар бір нәрсеге құштарлық арқылы алғашқы сөздер пайда болған”.(Дұрыс емес теория).
101)Николай Яковлевич Марр 1864-1934 жылдары өмір сүрген.Аса көрнекті орыс шығыстанушы, кавказ маманы-филолог, тарихшы, археолог, этнограф; көрнекті ұстаз. 1920 жылдары «Тіл туралы жаңа доктринаны» немесе «Яфетикалық теорияны» жасаушы ретінде атақ алды. «Яфетикалық теорияның» жетекші тезистерінің бірі тілдің таптық табиғаты және оның әлеуметтік жарылыстарға байланысты өзгеруі туралы ілім болды.
Н.Я.Марр тіл дамуының әр түрлі сатысы бар және ол сатылардың әрқайсысы белгілі бір қоғамдық формацияға (айталық, феодалдық қоғамға, капиталистік қоғамға, социалистік қоғамға) сай келеді деп есептеді. Н.Я.Марр тілдің сатылық даму теориясын ұсынып, тілдің ескі сападан жаңа сапаға көшуі, яғни дамуы революция жолымен, анықтап айтқанда, бар тілді жойып жіберіп, жаңа тіл жасау жолымен болады деп есептеді. Бұл қате теория болатын.
103) Востоков Александр Христофорович(1781 - 1864).Көрнекті славянист, тіл тарихшысы, ақын және орыс верификациясын зерттеуші.1841 жылы академик болып сайланды. Славян тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, шіркеу славян және орыс тілдерінің лексикографиясы бойынша еңбектері бар.Востоков бірінші болып ескі шіркеу славян тілінде мұрын дауыстыларының бар екендігін сипаттап, славян қолжазбаларындағы ъ және ь әріптері дауысты дыбыстарды білдіретінін дәлелдеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет