Тақырыбы: Оқу үшін бағалау мен оқуды бағалаудың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын Орындаған



Дата22.10.2022
өлшемі2,42 Mb.
#154503
Байланысты:
Курбаналиева 6 тапсырма
Зарабатываем по 3000-5000 тг в день!, Дипломды Ж мыс 5В010200- бастауышта о ыту педагогикасы мен діс

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті


Тақырыбы: Оқу үшін бағалау мен оқуды бағалаудың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын


Орындаған: Курбаналиева Лаура Нурлубековна
Факультет: Педагогика және психология
Мамандық: 6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Тексерген: Набуова Роза Абдрахмановна
Алматы-2022

  1. Оқу үшін бағалау мен оқуды бағалаудың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын ВЕНН диаграммасына салып, талдау жасау


Оқуды бағалау – оқудың өз нәтижесіне жеткенін анықтайтын бағалау
түрі. Оқуды бағалау оқушының қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау
болып табылады. Мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормаларымен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе әдетте балл немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке “сәйкес/сәйкес
емес” деген нысанда жасалады.

Оқу үшін бағалау керісінше үдеріс жүріп жатқанда орын алады. Бұл бағалау түрін біз оқушы қажеттілігін анықтау үшін, өзіміздің келесі әрекетімізді жоспарлау үшін, өз жұмыстарын жақсарту үшін оларға кері
байланыс жасау үшін және оқушылардың жетістікке жету жолында өз жұмыстарын көріп бақылау үшін қолдана аламыз.
Oқыту үшін бaғaлaу – бұл білім aлушылaр өздерінің оқудың қай деңгейде тұрғaнын, қандай бaғытта дaму керек және қажетті деңгейге қaлaй жету керек екендігін aнықтaу үшін оқушылaр мен олaрдың мұғaлімдері қoлдaнaтын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.



Әрқайсысы оқушының білім алуына өзіндік ықпал жасап, келесі қадамда нені жасау қажеттігін анықтауға
көмектеседі.




2. Қалыптастырушы бағалаудың әдістері мен стратегиялары: Жұптарда өзара бағалау, топтардағы өзара бағалау, оқушылардың түсіндірулері, оқушылардың арнайы қателерді бағалауы, өзін-өзі бағалау айырмашылықтары мен ерекшеліктерін кесте арқылы салыстыру.



Қалыптастырушы бағалау әдістері

Айырмашылығы

Ұқсастықтары

Өзіндік ой-тұжырым

Жұптарда өзара бағалау

Өзара бағалаудың ең қарапайым нысаны болып табылады. Оқушыларға шамамен бес минут ішінде өздігінен орындау үшін тапсырма беру, содан соң жұмыстарын алмастыру және бірін-бірі бағалау үшін жұптарға бөлуді білдіреді. Кері байланыс, әдетте, жазбаша емес, ауызша түрде болады.



Оқушылар басқа да бағалау тәсілдерін үйренеді және мүмкіндіктерге барынша кең шолу жасай алады.Әдістерді бағалау көмегімен оларды көбірек түсінеді.Олар өздерінің оқулары туралы көп зерделейтін болады.
Бұл әдістер ұқсастықтары-оқу нәтижелерін жақсарту үшін мұғалімнің оқушылармен бірлесіп міндеттер қоюын қамтиды. Бұл қалыптастырушы бағалаудың әдістерін сабақтың әр кезеңінде қолдануға болады, ол заманауи талаптарға сәйкес келеді және сабақта білім беру қызметін барынша тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл әдістер күнделікті тәжірибеде қолданылады (сабақ, күнделікті); оқушылар үшін де, мұғалім үшін де қолайлы түрде қолданылады.

Жұптық жұмыс қалыптастырушы бағалаудың тиімді формаларының бірі болып табылады. Жұптық жұмыста жалпы мұғалім, жұптар бір-бірін жəне жұп ішінде бірін-бірі бағалауына болады. Мұндай өзара қарым-қатынас кезінде білім алушылардың дайындық деңгейіне қарамастан өзара көмегі, рефлексиясы, өзін-өзі реттеуі белсенді байқала бастайды. Жұптық жұмыста қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау кезінде білім алушылар тапсырманы орындау, оның нəтижесіне бірдей жауапкершілікпен қарау қажет екенін түсінуі керек. Сондықтан оларды өз əрекетімен келісуге, өзара əрекеттесуге, пікір алмасуға, сындарлы кері байланыс беруге үйрету маңызды.
Өзара бағалау білім алушыларға бір-біріне кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір-бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес,әрі қарай дамуына ықпал ету үшін қойылады. Баға қою бағалаудан туады және де бала келесі балаға баға қоймайды, тек бағалайды.

Топтардағы өзара бағалау

Бірқатар дағдыларды дамытып, бағалауда топтық жұмыс бірден-бір қолайлы тәсіл. Өзге формалардағыдай бұл жағдайда да оқушылар табыс критерийімен алдын-ала таныстырылады. Топтық жұмыс кезінде мұғалім сынып ішінде жүріп, барлық топтарды тыңдап үлгеруі тиіс. Топтық жұмыс жасау кезінде мұғалім барлық оқушыларды бақылап шығады. Кей жағдайда әдетте оқушыларға өз қабілеттерін бірнеше сабақтар барысында дамытуға мүмкіндік береді. Бұл әрекеттер оқушылардың бойында алуан түрлі дағдылардың қалыптасуына түрткі болады.

Топтардағы өзара бағалау Оқушылар топтарға бөлінген кезде олардың достық қарым-қатынаста болмағаны жақсы. Топтық жұмыс кезінде олар талқылайды және төмендегіге қатысты келісімге келуге тырысады: қандай әдіс, жұмыс стилі, негіздеме және жауап және т.с.с. жақсы және неліктен? Топтық бағалауда екі жұлдыз, бір ұсыныс, мадақтау сэндвичі т.б формативті бағалау түрлері қолданылады.
Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім белгілі бір дағдыны бағалаудың тиімді тəсілі ретінде қолданып, топтық жұмысты
ұйымдастыруына болады. Білім алушылар алдын ала бағалау критерийлерімен таныс болуы тиіс. Топтық жұмыс кезінде мұғалім əр топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды, қадағалайды: кейбір білім алушылар оқу мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сəйкес тез көрсете алуы мүмкін. Мұғалім ол білім алушылардың атын жазып алуы қажет. Əрі қарай мұғалім білім алушыларға қосымша қолдау көрсетуге қажетті сұрақтар қояды, бақылайды

Оқушылардың түсіндірулері

Бұл әдісте-оқушылар жауап үлгілерін түсіндіреді.Бұл әдісті Каррол әзірлеген және зерттеген. Ол қарапайым әдіске қарағанда, неғұрлым көп кезеңнің пайдаланылуына қарамастан, бұл әдістің оқушыларға дағдыларды тезірек үйренуге және азырақ қателер жасауға мүмкіндік беретінін байқалған (тек қана 1 және 6 кезеңдер пайдаланылатын жағдайда). Әдістің идеясы мынада - егер мұғалім 1-кезеңнен бірден 6-кезеңге өтіп кетсе, бұл көптеген оқушылар үшін өте қатты секіріс болатынын білдіреді.

Мұғалім қалыпты тәсілмен тақтада «дауыстап ойланып» және түсіндіре отырып, «бұны қалай жасау керектігін» көрсетеді. Мысалы, белгісіз бұрышты анықтау үшін тангенстерді қалай пайдалану керек, дәйекшелерді қалай пайдалану керек, сценарийден ауруды қалай күту керектігі туралы жоспарды қалай құру керек және т.с.с.. Оқушылар жұптары бойынша бөлінеді, өздерінің достарымен болуы міндетті емес. Оқушылар өз бетінше келесі кезеңге дайындала отырып, бір-бірден жауап үлгілерін зерделейді (мысалы, 5 минут бойы).

Өзін-өзі бағалау

Оқушылар алда тұрған мақсаттың мәнін түсініп, оған қол жеткізу үшін не істеу қажет екенін анықтай алған жағдайда ғана олар оқу мақсатына қол жеткізеді. Сондықтан оқу барысында өзін-өзі бағалаудың маңызы зор. Оқушыларының бойында өзін-өзі бағалау дағдыларын дамытуға талпынған көптеген мұғалімдердің аңғарғаны: бұл реттегі ең бірінші және ең күрделі мәселе – оқушыларды өз жұмысы туралы мақсат қою тұрғысынан ойлануға үйрету. Олар бұны қалай істеу керек екенін түсінгенде ғана өз жұмыстарына шолу жасай бастайды, сол арқылы оны өздері орындап, өздері бақылай алады.

Өзін-өзі бағалауда білім алушы Тапсырманы орындауда нені жасау қажет? Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателіктер жіберді ме? Тапсырманы толығымен жеке өзі орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме? Тапсырманы орындау барысында қандай біліктіліктер дамыды? деген сұрақтарға жауап іздейді.
Өзін-өзі бағалау өзін-өзі реттеуге жетелейді. Дегенмен бағалаудың өзіндік қиындықтары да бар. Басында балалар өздеріне жоғары баға береді. Ол жағдайда білім алушыларға бағаның шын болу керектігін айта отырып, яғни шын баға өзінің қаншалықты түсінгенін көрсететінін айтып өткен жөн.
















Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет