1. Тірек-қимыл қозғалысы зақымдалған балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету ерекшелігі


Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды әлеуметтік бейімдеу



бет4/4
Дата26.03.2022
өлшемі14,69 Kb.
#136910
1   2   3   4
Байланысты:
Туркменбаева У.А (ИББ) 12.03
Загрузка дипломной работы студентов
4.Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды әлеуметтік бейімдеу.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар өздерінің интеллектуалды және психикалық даму ерекшеліктеріне және физиологиялық күйлеріне сәйкес қоршаған адамдардың өзіне деген қатынасына өте сезімтал және кез-келген әлсін өзгерістерге байқампаз болады. Мұндай балалар өте әсершіл, оларды оп-оңай ренжітуге болады, бұл балалардакез-келген жағдайға жағымсыз көзқарас қалыптасуы жеңіл. Яғни, қозғалыс аймағының кемістігі әлеуметтік қатынастармен бірлесе келе, баланың жалпы психикалық дамуына ықпал ететіні анық. Тірек-қимыл аппаратының зақымдалуы немесе аурудың айқындалуы кезінде баланың сәбилік және ерте жасында ата-аналарының барлық күштері бұзылған қозғалыс қызметін дамытуға және түзетуге, яғни қалыпқа келтіруге бағытталады. Мұның себебі, кейбір ата-аналар баланың психикалық және тілдік дамуының ерекшелігін байқаса да, арнайы педагогтарға, логопедтерге, психологтарға жүгінуге асықпайды. Басқалары баланың психикалық және тілдік дамуы оның қозғалыс әрекетінде үлкен жетістіктерге жеткенде немесе сауығып кеткенде қалыпқа келеді деп есептейді. Ал үшіншілері қандай да бір ауру әрқашан баланың психикасында, тәртібінде өзгерісті қалдырады деп санайды. Осындағы кез келген жеке ойлар көптеген ересектердің тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған арнайы (түзету) оқыту мен тәрбиелеу жүйесі бар екенін білмейтіндіктерін көрсетеді. Осыған орай, осындай патологиясы бар балалармен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық және логопедиялық түзету жұмыстарының негізгі бағыттары мен жолдары бірнеше онжылдықта әзірленіп, әртүрлі мекемелердің тәжірибесінде кеңінен қолданылып жатыр.
Мүмкіндігі шектеулі бұл балалар – әр түрлі мамандардың тұрақты пациенттеріне айналады: ортопед, невропотолог, терапевт, логопед және т.б. мамандардың. Олар жүйелі түрде дәрілік терапиялық және физиотерапиялық емдерді қабылдап отырады. Балалар жиі ем қабылдауына байланыстыкөп жағдайда, ұзақ уақыттар бойы ауруханаларда жатады. Мұның өзі баланы ата-ананың мейірімінен үзеді. Ата-анасы келген кездің өзінде бала олардың бет жүзінен ем нәтижесіне байланысты туындаған қысым, толқу, қанағаттанбаушылық іздерін көреді. Ата-ана толығымен баланың денсаулығына баса назар аударып, баласының ауруынан айығып кетуі мүмкіндігіне деген ойы балаға деген мейірімді екінші жоспарға қалтырады. Әдетте, ата-ана баладан не істегісі келетінін сұрамайды, олар нақты не істеу керек екенін шешеді. Міне, осы уақыттан бастап баланың тұлға ретінде қалыптасуы бұзылады. Баланың патологиялық жағдайда қалыптасуына ең алдымен отбасындағы қате тәрбие әсер етеді. Зерттеулер нәтижесіне сүйенер болсақ, балаға деген шектен тыс қамқорлық 80 % кездеседі. Ата-ана оның барлық тілегін орындауға тырысады, оның іс-әрекетін өзінікімен алмастырады

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет