Кіріспе Ақпарат тасушылар дәуіріндегі қадам оптикалық дисктер



бет1/34
Дата31.05.2023
өлшемі4,32 Mb.
#178056
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
Диплом Наурызбай Қатты дискілерге техни
ОББ Тест ЕТ, АЖ-30г01.11.2021, Кол,аяк суйектери, СЖ 15, ЖБП метод отчет 2021-2022 1 семестр, лаб 1 басы, бекитуге1, Документ Microsoft Office Word, сабақ жоспары (2), Дж Морено «Социометрия» әдістемесі, Зейнакуль, модуль рп (1), Дифференциалды күшейткіш, БҚ-9-11 СЕТЬ

Кіріспе

Ақпарат тасушылар дәуіріндегі қадам - оптикалық дисктер. Дисктен ақпараттың оқылуы оптикалық сәулелену процесі арқылы жүзеге асады. Осындай құрылғылардың алғашқы үлгілері бейне мен аудионы сақтау үшін қолданылатын. Оптикалық дисктердің алғашқы даналары өткен ғасырдың 70 жылдарында пайда болды. Оптикалық дисктердің екінші ұрпағына 1996-1997 жылы пайда болған DVD дисктерін жатқызуға болады. Өлшемдері кәдімгі CD дисктеріндей болғанымен, олардың ақпаратты сақтау сыйымдылығы әлдеқайда үлкен болды. СD мен DVD дисктерінен ақпаратты оқуға, сондай-ақ бір немесе бірнеше мәрте ақпарат жазуға болатын мүмкіндікті атап кету керек. Ал қазір оптикалық дисктердің үшінші ұрпағы кең қолданысқа еніп барады. HD DVD мен Blu- ray "форматтар соғысында" екіншісі басым түсті. Бүгінгі таңда мұндай дисктің біреуі 23,3 тен 128 гигабайтқа дейін ақпаратты сақтай алады. Мұндай мүмкіндік дискте қолданылатын "қабаттар" санына байланысты. Қаншама ақпаратты сақтай алғанымен, мұндай дисктердің бір өте үлкен кемшілігі бар. Олар механикалық бұзылуға төтеп бере алмайды.


Жоғарыда айтылған барлық ақпарат тасушылар ажыратылмалы болған. Енді компьютерлерде іштей орнатылған, яғни қатқыл дисктер жайлы айтып кетсек. Қатқыл дискте орналасқан қатты пластиналардың беті ферромагне-тиектің қабатымен қапталған. Көп жағдайда қатқыл диск компьютердің ішіне орнатылады. Алғашқы қатқыл диск IBM компаниясының инженерлерімен 1956 жылы құрастырылды. Көлемі бар жоғы бес-ақ мегабайт болды. Қазіргі заманауи терабайттық дисктермен салыстыруға келмейді. Уақыт өте келе, қатқыл дисктердің көлемі үлкейді, өлшемдері сәйкесінше кішірейіп отырған. Заманауи дисктер 3 терабайтқа дейін ақпаратты сақтай алады. Алда жады тағы үлкейетініне сенімдіміз.
Қатқыл диск дегеніміз - цифрлы немесе сандық мәліметтерді сақтау және өңдеу үшін қолданылатын компьютердің негізгі құрылғысы.
Қатқыл диск (немесе винчестер; ағылш. Hard Disk Drive, HDD) - дерек жазуға және сақтауға арналған құрылғы. Қатқыл диск қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш немесе ҚМДЖ (ағылш. Hard Disk Drive, HDD) қатқыл диск, компьютерлік сленгте «винчестер» - магнитті жазбаның ұстанымында негізделген есте сақтау құрылғысы. Көптеген компьютерлерде негізгі есте сақтау құрылғысы болып табылады.
Қатқыл дисктің басты ерекшелігі – ақпарат ферромагнитті қабаты бар қатқыл пластинаның бетіне жазылады. Қатқыл дискіде хром қышқылының бірнеше пластиналы қабаты орналасқан. Қатқыл дискінің жұмыс жүйесінде санаушы бастары пластинаның сыртқы бетіне тимейді. Оның басты себебі, ферромагнитті диск жылдам айналған кезінде, санаушы бастардың сыртқы қабатына дискіні тигізбейтін ауа қабаты қалыптасады. Санаушы бас пен диск арасында бірнеше нанометр кеңістік қана қалады.
Дипломдық жобаның мақсаты - қатты дискілерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу болып табылады, яғни ақаулықтарды диагностикалау және істен шыққаннан кейін HDD жұмысын қалпына келтіру технологиясын зерттеу.
Зерттелетін тақырыптың өзектілігі қазіргі уақытта компьютерлік техниканың дамуы құжаттаманы рәсімдеу және математикалық есептеулерді компьютерлік техникаға аудару үшін үлкен жүктемені ғана емес, сонымен қатар осы техниканы жұмыс жағдайында ұстау әдістемесін әзірлеуді қажет ететіндігінде.
Жобаны зерттеу объектісі - перифериялық құрылғыларға техникалық қызмет көрсету әдістері.
Жобаны зерттеу пәні - HDD сақтау құрылғылары.
Мақсатқа жету үшін деректерді сақтау құрылғыларының сипаттамалары, диагностика әдістері, сақтау құрылғыларының мүмкін проблемалары, ақаулық белгілері және оларды жою әдістері туралы ақпаратты қарастыру қажет.
1 Жалпы бөлім. Сақтау құрылғылары




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет