1. Тіс-техникалық зертханасында пайдаланатын құрал-саймандар. Тіс-техникалық зертханадағы қауіпсіздік техникасы


Төменгі жақ сүйегінің сагитталды бағыттағы қимыл-қозғалысы



бет3/40
Дата08.02.2022
өлшемі349,16 Kb.
#117287
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
СЕССИЯ ООС

Төменгі жақ сүйегінің сагитталды бағыттағы қимыл-қозғалысы. Төменгі жақ сүйегінің алға қарай қозғалысы латералды қанатты бұлшық еттердің екі жақты жиырылуы нәтижесінде жүзеге асады. Төменгі жақтың алға қарай қозғалысы екі сатыдан тұрады.
Бірінші сатысында төменгі жақтың буын басы дискімен бірге буын дөңесі бетімен сырғиды.
Екінші сатысында буын басының сырғып жылжуына оның көлденең осімен жасалатын шарнирлік қимылы қосылады. Төменгі жақтың алға қарай жылжуындағы буын басының өту жолы сагитталды буын жолы деп аталады. Сагитталды буын жолы белгілі бір бұрышпен сипатталады. Ол бұрыш сагитталды буын жолының жалғасы мен окклюзиялық жазықтықтың қиылысуынан пайда болады.Төменгі жақ сүйегінің алға жылжуындағы төменгі күрек тістерінің өтетін жолы күрек тісінің сагитталды жолы деп аталады. Күрек тіс сагитталды жолы окклюзиялық жазықтықпен қиылысқанда бұрыш пайда болады, оны күрек тісі сагиттал жолының бұрышы деп атайды. Оның шамасы табиғи және жасанды тістерде әртүрлі және тістем түріне байланысты. Гизи бойынша ол 40-50°-қа тең болады.
Алдыңғы окклюзия кезінде антогонист тістердің түйісулері 3 нүктеде болуы мүмкін:
біріншісі – алдыңғы тістерде
екеуі – үшінші молярлардың дисталды төмпешіктерінде орналасады.
Бұл құбылысты алғаш рет Бонвиль анықтап және Бонвильдің 3 нүктелік байланысы деген атқа ие болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет