1. Тіс-техникалық зертханасында пайдаланатын құрал-саймандар. Тіс-техникалық зертханадағы қауіпсіздік техникасы



бет14/40
Дата08.02.2022
өлшемі349,16 Kb.
#117287
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40
Байланысты:
СЕССИЯ ООС

1) қос қабатты протезді «Эладент-100» бен базистік пластмассаны қамыр тәрізді кезінде бірден салып дайындау;
Бірінші әдіс бойынша екі қабатты протезді «Эладент-100» бен базистік пластмасса «Этакрил», «Акрелді» бірге салып қалыптау. Кюветадағы балауызды еріткеннен кейін, ғаныш үлгіге балауыз қабатты керек қалыңдықта салып, үстін ылғал целлафонмен жабамыз. Содан кейін алдын ала изокол жағылған формаға таңдаған базистік пластмассаны салып жабамыз. Содан кейін форманы ашып, ылғал целлафонды, артық пластмассаны, балауызды қабатты алып тастаймыз. Дайындаған «Эладент-100» массасын салып, полимеризациялаймыз. Дайын екі қабатты протезді кәдімгі әдіспен өңдейміз.
2) қос қабатты протезді дайын протездің ішкі жағына жұмсақ қабатты салу арқылы дайындау.
Екінші (жаңартылған) әдіс бойынша екі қабатты протезді дайындағанд ажұмсақ қабатты дайын протезге салады. Бұл үшін протездің шекарасын коррекциялау арқылы анықтайды. «Эладент» жұмсақ қабат пен базис пластмассасы арасындағы байланыс материалдардың қамыр тәрізді күйінде жақсы болатынын ескеруіміз керек. Сол үшін дайындаған кюветадағы контрштампқа керекті қалыңдықтағы балауызды салып (қуыс пайда болу үшін), ылғал целлафонмен жауып, пресстейміз. Базистік пластмассаны дайындап, аздаған қалыңдықтағы қамыр күйінде протезге саламыз. Балауызды төсенішті жұмсақ пластмассаға ауыстырамыз. Сонымен пластмасса қамыр қабаты мен «Эладента-100» жұмсақ қабаты арасында мықты байланыс орнайды. «Эладент-100» мықтап жабылған ыдыста құрғақ, жабық, күн түспейтін, жылу көздерінен 1 м алыс жерде сақтайды. Жарамдылығы дайындалған уақытынан бастап 3 жыл.
Протездерді және аппараттарды дайындап болған соң барлық бөліктерін жақсылап жөнып жалтырату керек. Бұл өңдеудің мақсаты тіс протездерінің сыртқы қабаттарын кедір – бұдырлардан тазартып тегістеу. Протез беті өте таза болса, материалдың коррозияға тұрақтылығы артады. Ал егер тегіс болмаса, онда ол жерлерге тамақ қалдықтары жиналып, микроорганизмдерге қорек болады.Тіс протездерімен конструкциясы қаншалықты дұрыс болғанымен, егер ол нашар өңделген болса, онда науқастың протезге үйренуін қиындатып, тамақ шайнауын ауырлатады. Жақсы өңделген протездер материалдың мықтылығын арттырады.
Протездің полимеризациясы өткеннен кейін, пластмассаның артық және кедір-бұдыр жерлерін алып тастау үшін өңдеу жүргізіледі. Протезді өңдеу үшін штихельдер, шаберлер қолданылады. Өңдеу уақытында құралдарды оң қолда, протезді сол қолда бірінші, екінші, үшінші саусақтардың арасында ұстау керек. Протездің шлифовкасы үшін наждак кағазы, полировкасы үшін әр түрлі формадағы фильцы, жұмсақ және қатты щеткалар қолданылады.


70. Металдан толық құйылған көпіртәрізді протезді жасаудың клиникалық-зертханалық кезеңдері (реттеп айту).
Тұтас құйылған көпіртәріздес протездер алтын, күміс-палладий және хромокобальт қорытпаларынан құйылады.
Протезді зертханалық дайындаудың реті келесідей: 1) тісті конус пішінді етіп егеу; 2) тісті екі қабат компенсациялық лакпен жабу; 3) 2 қабатты қалып алу; 4) тірек тістерді алдын ала модельдеу; 5) тірек тістерді соңғы модельдеу; 6) окклюдаторға немесе артикуляторға орнату; 7) балауыз репродукциясын дайындау; 4) протездің балауыз моделін металға ауыстыру; 5) протезді өңдеу және жылтырату; 6) сауыттар мен жасанды тістерді қаптау.
Қатты көпір тәрізді протезді отқа төзімді модельге де, отқа төзімді массаға да құюға болады. Модельдің тіс культясында модельдеу міндеті - анатомиялық пішінді қалпына келтіру, ол тістің қатты тіндеріндегі патологиялық процеспен бұзылған. Тістің мойнын мықтап жабу үшін дәрігер егеу тістің сауытына цилиндрлік пішін береді. Тістің пішінін қалпына келтіру (модельдеу) әр тістің клиникалық мойынын химиялық қарындашпен, оның деңгейі мен тістің гипс формасындағы рельефін дәл сақтау үшін сызғаннан кейін орындалады. Тірек сауыттарын соңғы модельдеуден кейін көпір тәрізді протездің денесі пластмассамен немесе фарфордан жасалған төсеммен модельденеді.
Протездің балауыз репродукциясын модельден алу қиын процесс олып табылады. Сондықтан протез алу бағытында әр тірек сауыттар мен фасеткаларға кемінде бір құю штифтерінен орнату қажет. Сауыттарға штифт оральді беті арқылы жалғану жақсы болады. Барлық құю жолдары бір нүктеге түйіседі, олардың қиылысу орны жабысқақ балауызбен желімделеді.
Құю дегеніміз – балқытылған металл жолы. Металдарды еріту және құю әдістері:

  • Ашық отты қолдану (газ пистолет). Құйма ісінде қолданылатын қоспаның еруін қажетті түрде қамтамасыз ету үшін жоғарғы дәрежеде ысынуды беретіндей өзгешелігі бар. Құю сабы арқылы құю манжеттің ішіне ерітілген металл қоспасын ортадан тепкіш күш арқылы толтырады.

  • Электр қондырғысымен қоспаны ерітетін, вакуум және басыныш жүйелі етіру аппаратымен құю процесін автоматты түрде жүзеге асыру. Бұл құйма аппаратының жалпы механізмі көрсетілгендей металл еріген ортада вакуумның болуы, толық еріген кезде ауа толық арылып, еріген металл қоспасының құю каналдарының ең жіңішке жерлеріне дейін құйылады.

  • Индукция тогының көмегімен қоспаны ерітетін аппарат. Балқытылатын металды индуктордың электромагнит жоғарғы жиілікті өрісіне орналастырады. Осы кезде металда айнымалы немесе жоғары жиілікті құйынды ток индукцияланады. Индукцияланған токтың тығыздығы үлкен болғандықтан, металл бетінде тез қызу мен балқу байқалады. Металл балауыздан қалған қуысты толтыру үшін, оған міндетті түрде қысым көрсету керек.

Құю үрдісінің алгоритмі:

1.Балауыз мүсіндерді дайындау


2.Құю жүйесін құрастыру
3.Балауыз мүсіндерді отқа төзімді қабатпен қаптау
4.Мүсіндерді отқа төзімді массамен муфельде қалыптау
5.Балауыздың балқып, шығып кетуі
6.Қалыпты кептіру және күйдіру
7.Қорытпаның балқуы
8.Қорытпаның құйылуы
9.Бұйымдарды отқа төзімді масса мен құю жүйесінен босату.

Балауыздағы модельдеу процесінде ішкі кернеулер пайда болады, олар модельді алып тастағаннан кейін балауыздан бөлікті деформациялауы мүмкін. Бұл кернеулерді жою үшін протездің балауыз құрамын алып тастамас бұрын, 30-35С температурадағы суға 10-15 минут құю штифтерін орнатқаннан кейін модельді толықтай салу қажет.


Балауыз моделін орталық құю жолдарынан бастап алады. Протездің дайындалған балауыз моделі отқа төзімді массамен жабылып, содан кейін кюветке ғанышталынып, құйылады. Дайын болған протезді тегістейміз, ағартамыз және жалтыратамыз. Содан соң ауыз қуысына бекітеміз.

71. Штампталып жасалатын сауыттарға арнап тісті егеу. (23-2) Коновалов-147
Тістерді сауыттарға арнап егеп-тазалаудың ерекшеліктері сауыттың түріне және жасалатын материалға байланысты.
Бұл манипуляцияны науқастың орындықта ыңғайлы орналасуы арқылы жеңілдетіледі. Жоғарғы жақтағы тістерді егеп-тазалау үшін орындықты немесе бас тіреуішті сәл артқа еңкейтіп, науқастың басын мойын мен денеге сәйкес келетін етіп бекітеді. Дәрігер пациенттің оң жағында немесе артқы позицияны алады. Төменгі жақта жұмыс жасағанда, орындықтың артқы жағы түзу орнатылады. Дәрігер пациенттің оң жағында отырады немесе тұрған күйін алады.
Тістерді протездердің күрделі конструкцияларына (салмалар, фарфорлы, металл-керамика және т.б.) дайындағанда, қазіргі заманғы стоматологиялық кешендерде жұмыс істегенде науқас жартылай жатуы немесе толықтай жатуы мүмкін .
Толық металдан жасалған штампталған сауытқа тісті егеп-тазалау барлық бес бетті өңдеуді қамтиды.
Тісті егеп-тазалау ажыратудан(сепарация), яғни тісті іргелес бөлігінен ажыратудан басталады. Іргелес тіске зақым келтірмеу үшін ажырату бір жақты бөлгіш дискімен жүзеге асырылады. Іргелес орналасқан сауытпен жабылған тістерді екі жақты бөлгіш диск қолданылуы мүмкін.
Бормашинаның ұштығын абразивті құралмен ұстап тұратын қол тұрақты болуы тиіс.
Бұған ұштықты оң қолдағы үш саусақпен(1.2.3), қалам ұстаған секілді, ал төртінші және бесінші саусақтармен тістерге немесе иекке сүйену арқылы қол жеткізіледі. Сонымен қатар, ауыз айнасын ұстап тұрған сол қол ұрттардың, еріндердің, тілдің немесе ауыз қуысының төменгі тіндерінің жұмсақ тіндерін оларды зақымданудан қорғайды.
Бөлу (сепарация) шамамен беттер параллель болатындай етіп жүзеге асырылады.
Содан кейін, окклюзиялық беті немесе кесу қыры қолданылатын материалға байланысты болашақ сауыттың қалыңдығына (0,28-0,5 мм) өңделеді. Алдыңғы тістердің медиальды және дистальды кесу қырынының контурлары сақталған.
Содан кейін қатты тіндерді вестибулярлық және оральды беткейді тегістеңіз, кіреуке білікті егеп тазалау ерекше назар аударыңыз, өйткені бұл жерде тістің толық егеп тазаланбауы болашақ сауытты қоюының қиындауына әкеледі
Бөлу(сепарация) кезінде пайда болған ұрттық және апроксимальды беттер арасындағы өткір бұрыштар фассонды бастармен тегістеледі. Егеп тазалау нәтижесінде тіс мойын диаметріне тең сауыт диаметрімен цилиндрлік пішінді алады. Егер штампталған сауытты дайындауға арналған материал алтын немесе күміс палладий қорытпалары болса, онда шайнау беті мен кесу қырынан қатты тіндерді өңдеу біршама көп жүзеге асырылады, өйткені мұндай сауыттардың ішкі беті тез тозудың алдын алу үшін алтын дәнекермен құйылады.

72. Жартылай алмалы пластиналы протезді жасаудың клиникалық-зертханалық кезеңдері (реттеп айту).Копейкин



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет