1. Түрік қағанаты Үі-х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер Көне және Батыс түрік қағанаттары еді



бет8/8
Дата22.09.2022
өлшемі50,21 Kb.
#150339
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
түрік лек
16.02 ашық тәрбие сағатының тақырыбы, 1501-19 Лесбекова Элнура, 1501-19 Лесбекова Элнура, элнур, Кристалдард ішкі құрылымы №2, Оптика сессия жауаптары, 21-Қатты дене, Жолдау, Қаз тар лек 2013, Сопылы ілімні алыптасуы, Механика пәні. Материялық нүктенің кинематикасы, Айналмалы қозға-emirsaba.org, file ru
9. Қыпшақ хандығы
XI ғасырда кыпшақтар Сырдария, Қаратау бойындағы қалаларды өздеріне бағындырды. Маңғыстау мен оған таяу жатқан аудандарды алғаннан кейін қыпшақтар Хорезмнің теріскей шебіне жетті.
XI ғ. орта кезінен бастап қыпшақтар қазіргі Волгадан /Еділден/ батысқа қарай жылжыды, сөйтіп Шығыс Еуропа елдерімен, орыстармен, Византиямен, Венгриямен шектесті. Қазақстан жерінде қыпшақ этникалық қоғамдасуын үш кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезең, кыпшақтардың қимақ тайпалық одағында болуы — VII ғ. екінші жартысы -VIII ғ. соңына дейін. Екінші кезең: VIII ғ. аяғы - XI ғ. басы. Бұл кезде кыпшақтар Алтай және Ертістің Орал таулары жоне Еділге дейін қоныс тепті. Қыпшақ тайпалық одағына Мүғалжар жеріндегі қүмандар және қимақ тайпалары кірді. XI ғасырдан XIII ғ. басына дейін қыпшақтардың дамуының үшінші кезеңі жүрді. Бұл кезде қыпшақ хандарының мәртебесі, күш-қуаты өсті. Олардың этникалық құрамы өзгеріп, қимақ, құман, ертедегі башқұрт, оғыз т. б. тайпалар кірді. Сондай-ақ қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді қаңлылар, ұрандар, Шығыс Түркістаннан келген баяттар, түргештер, қарлұқтар, шігілдер әсерін тигізді.
Бұл кезде қыпшақ хандары өз жерлерін оңтүстікте Тараз қаласына жеткізіп, қарахандықтармен шектесті. Олардың арасындағы шекара — Балқаш көлі және Алақөл ойпаты XII ғ. қыпшақ тайпалары Алтайда, Ертістің жоғарғы жағында наймандармен, қаңлылармен, керейттермен шектесті, солтүстікте қырғыздар және хақастармен көрші болды. Қыпшақ тайпаларының басында қаған, одан төмен қарай хан, тархан, басқақ, бек, байлар тұрды. Негізгі байлығы жылқы, бай ақсүйектері 10 мыңға дейін жылқы ұстаған. Кедейлері мал бағумен айналысқан. Сөйтіп, қыпшақ хандығы ерте феодалдық мемлекет болып саналады.
1065 жылы салжұқтардың билеушісі Алып Арсылан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға шабуыл жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннан кейін, ол Жент пен Сауранға жорыққа шығады. Содан кейін қыпшақ тайпаларының бір бөлігі Хорасан салжұқтарына тәуелді болды. Алайда, XI ғасырдың соңғы ширегінде қыпшақтар Маңғыстау мен Каспий теңізінің шығыс жағалауында бұрынғыша өз билігін жүргізіп тұрды. 1096 жылы "Құдіретті" хан бастаған қыпшақ бірлестігінің тайпалары Хорезмге қарсы жорық ашады, бірақ ол сәтсіздікпен аяқталды.
XI ғ. аяғы мен XII ғ. бас кезінде Жент, Янгикент, төмендегі Сырдарияның тағы басқа калалары да қыпшақ көсемдерінің қолына қараған. Дегенмен XII ғ. алғашқы жартысында осынау қалалар қыпшақ хандары мен соларды қайтсе де басып алғысы келген Орта Азияның мұсылмандық әулеттері арасындағы қиянкескі ұрыс алаңына айналады. Хорезм шахы Атсыз Жентті жаулап алады, сонан соң солтүстікке қарай бет алып, өз қарауына Маңғыстауды да қосады. 1133 жылы Жент қаласынан Дешті Қыпшақ даласына тереңдеп жорық жасаған Атсыз қыпшақтарды ойсырата жеңеді. Тап осы кезден бастап қыпшақ хандығының ыдырауы басталады. Оған себеп болған негізгі жәйттер: қыпшақ тайпалары ақсүйектерінің арасында Хорезмге бейімдеушілердің көбеюі, қаңлылардың аса ірі бірлестігінің құрылуы, өкімет билігі үшін өзара әулетті қырқыстың күшеюі еді.
XII ғ. екінші жартысынан, әсіресе, Текеш (1172-1200 жж.) билеген кезден бастап,
Хорезм қыпшақ ақсүйектерімен жақындаса түсуді мақсат еткен арнаулы саясат жүргізеді.
Қаңлы, қыпшақ, имек, ұран тайпалары топтарының жетекшілерін Хорезм шахтары әртүрлі қызметке тартады. Бұдан басқа туысқандық үшін қалыптасқан дәстүрге сай, Хорезм билеушілері әйелдерін қаңлы мен қыпшақтардың хан әулеттерінен алып отырған. Мысалы: XIII ғ. бас кезінде Хорезм шахы Ала ад-дин Мұхаммед қаңлылардың басшысы Әмин Мәліктің қызына үйленген. Осының арқасында Әмин Мәлік Хорезм шахтар сарайында маңызды рөл атқарған. Хорезм шахы Мұхаммед /1200-1220 жж./ өз мемлекетінің құрамына XIII ғ. бас кезінде Сығанақ жерін косып алады. Сығанақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан қыпшақ хандары Хорезмге қарсы қажырлы күресін жалғастыра берді. Бұл кезде хорезмшахы Мұхаммед Дешті Қыпшақ, еліне бірнеше рет жорық жасайды. 1216 жылы қыпшақ билеушісі Қадырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетеді. Осы кезде ол Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуалап келе жатқан Шыңғысхан қолымен соқтығысып қалады. Бұл монғалдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, сөйтіп, моңғол басқыншылығының дәуірі басталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет