Қыпшақтар тарихы



Дата25.09.2023
өлшемі0,57 Mb.
#182334
түріҚұрамы
Байланысты:
Презентация Microsoft PowerPoint
накопи на мечту, docx1583227437

Қыпшақтар тарихы

Қыпшақ хандығы . Қыпшақтар туралы алғашқы хабар Қытайдың жазба деректерінде кездеседі. Қыпшақтар ең әуелі Алтай, Саян тауларының баурайларын мекендеген. VII ғасырда олар Қазақстан жеріне Алтайдағы теле тайпаларының құрамында қоныс аударып келген. VII-X ғасырларда Қазақстан аумағында қыпшақ этникалық қауымдастығының ұзаққа созылған қалыптасу процесі жүрді. Қазақстан жерінде қыпшақ этникалық қауымдасуын үш кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезең, қыпшақтардың қимақ тайпалық одағында болуы: VII ғасырдың екінші жартысы – VIII ғасырдың соңына дейін. Екінші кезең: VIII ғасырдың аяғы – XI ғасырдың басы. Бұл кезде қыпшақтар Алтай және Ертістен Орал таулары мен Еділге дейін қоныс тепті. Қыпшақ тайпалық Одағына Мұғалжар жеріндегі құмандар және қимақ тайпалары кірді. Қыпшақтар Сырдария, Қаратау бойындағы қалаларды өздеріне бағындырды. XI ғасырдың орта кезінен бастап қыпшақтар қазіргі Волгадан (Еділден) батысқа қарай жылжыды, сөйтіп шығыс Еуропа елдерімен, орыс княздіктерімен, Византиямен, Венгриямен шектесті. Ұлан-байтақ қыпшақтар мекендеген жерлер "Дешті қыпшақ”, қыпшақ даласы деп аталды.

Қыпшақ қоғамының өзіндік ерекшеліктері

  • Қыпшақ көшпелі қоғамы өркениетінің өзіндік ерекшелігі — оларда байланыс желісінің өте жетілдірілгендігі болып табылады. Қыпшақтар елінде қолданылған коммуникациялық байланыстар жүйесі сол кездің «техникалық» прогресінің ең жоғарғы талаптарына сай келетін. Осыған байланысты XI—XIII ғасырдың басындағы қыпшақтардың этникалық аумағының кең- байтақ кеңістігі олардың қоғамының коммуникациялық мүмкіндіктеріне сәйкес болғанын атап өту жеткілікті.

Қыпшақтың әлеуметтік жағдайы

  • Қыпшақ тайпаларынын көшіп-қонуы тез малшы топтары жүздеген, ал кейде мыңнан да астам шақырым жерге көшіп жүрді. Олардың көшетін аумағы тарихи дәстүрлерге, байлық дәрежесіне және табиғат жағдайларының сипатына қарай әр түрлі болып отырды. Негізгі жайылымдардың орны мен көшу жолдары, сан ғасырлық, тәжірибе ұрпақтардың бойында қалыптасты. Осыған байланысты «отан»ұғымына «жайылымдық жер», «жайлау» және «қыстау» ұғымдары арқылы ой жүгіртуге болады. Тұрақты көшу жолдарын елеулі экономикалық, әлеуметгік немесе саяси себептер ғана өзгерте алатын. Көшу жолдары мен жайылымдарды бөлу қоғамның қалыпты тіршілігін қамтамасыз еткен жайылымдық-көшпелі жүйенің негізгі шарты болды. Мал ұрлау қатаң жазаланды, дағдылы құқықтың орныққан нормалары бойынша жазаланды деп есептелді. Жеке меншіктегі малға рулық-тайпалық белгілер салынды. Малынан айырылған, демек, көшу мүмкіндігін жоғалтқан еркін қауым мүшесі отырықшы тұрғындар-жатақтар қатарына өтті. Кедей ятұқтар жеткілікті мөлшерде мал пайда болысымен-ак, ол қайтадан көшпелі шаруашылыққа ауысып отырды. Қыпшақ қоғамында ен құқықсыз топ соғыс тұтқындары есебінен толықтырылып отыратын құлдар болды. Этникалық аумақ шептерінің көптеген ерекшеліктерін басқа халыктармен этникалық саяси қатынастар орнатылды.

Қыпшақтардың Қазақстанда қоныстанған аймақтары

  • Қыпшақтардың Қазақстан аумағындағы көшіп жүретін аймағы Есіл мен Тобыл, Нұра, Елек пен Сарысу бойында болды.Каспий теңізінің солтүстік жаға- лауынан жаздыгүні Еділ, Бала және Үлкен өзендерінің аңғарлары мен Оңтүстік Орал тауының етегіне көшіп баратын. Араб географы әл-Омаридің деректері қыпшақтардың тарихи қалыптасқан көшу жолдары болғанын дәлелдейді: «Қыпшақтардың хандары қысты Сарайда өткізеді, ал жайлаулары, бір кездегі Тұран жайлаулары сияқты, Орал таулары аймағында». Қыпшақ тайпаларының бірқатар рулары Арал өнірі мен Сырдария бойындағы аймақта қыстап, жаз кезінде солтүстікке, Қазақстанның орталық аудандарына кетіп отырған. Бірақ барлық жерде бірдей халықтың көпшілігі болған жоқ. Мәселен, Ертісте имектер (қимақтар) жинақы мекендеді, Арал өңірінде адам саны көп қанды тайпалары орналасты, ал Жайық пен Еділ арасында куман тайпаларынын едәуір топтары қоныстан

Діни наным сенімдер

  • VI–XII ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы халықтардың арасында алуан түрлі діндер, нанымдар мен сенімдер орын алып отырды. Түркілердің зираттарынан табылған заттар олардың ата – бабалардың әруағына табыну о дүниелік өмірге сенуді көрсетеді. Олардағы басты бір наным – отқа табыну. Оны археологиялық зерттеулерден жерленген адамдардың заттарымен, мініс аттарымен бірге өртеліп қойылатын әдет – ғұрыптары да анықталған. Ол адам денесін отпен аластау болса керек. Түркілер табиғатқа да табынған. Олар өлген адамның денесін жер ананың қойынына өртеп, күл мен көмірін ғана жерлеген. Егер адам көктемде немесе жазда өлсе, ол адамның туған – туыстары бір төбеге жиналып киіз үй тігіп, алып барған малдарын құрбандыққа шалып, одан кейін өлген адамның мәйітін, атын, заттарын өртеп, уақытша сақтап, күзде шөп сарғайғанда ғана жерлейтін болған. Ал егер адам күзде не қыста қайтыс болса, ол адамды жоғарыдағы әдет –ғұрыптарын жасап, көктемде жер көгеріп, шөп шығып, жапырақтар жайқалабастаған кезде жерлейтін. Бұл әдет наным – сенімнен табиғаттың төрт кезеңіне толық табынуды байқатады.

Қорытынды

  • Қорытындылай кететін болсақ,Қыпшақтар өз заманында ең мықты тайпалардың бірі болды десек те,артық етпес.Қыпшақтар туралы алғашқы деректерді Қытай жазба деректерінен кездестіругеи болады. «Қыпшақ» атау ең алғаш рет ежелгі түріктің руникалық ескерткіштерінде аталып кеткен екен.
  • ОРындаған: Ұзақбай Жамила
  • 124 ОМ


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет