1. Түсініктеме хат мазмұны



бет1/3
Дата23.06.2023
өлшемі38,67 Kb.
#179123
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
7 факультатив
Педагогика пәнінен тест жұмысы (1), Биотехнология туралы түсінік Микробио 6, Жас ерекшелік психологиясы силлабус 2023-24, Жас ерекшелік психологиясы силлабус 2023-24, Алаштың Ақ жолы 2023 жалпы ұлттық байқауы

1. Түсініктеме хат мазмұны
Бағдарлама мектептегі физика курсының бағдарламасына қосымша оқушылардың дүние танымын кеңейтіп, физикаға қызығушылығын арттыру үшін қажет. Бағдарламада оқушылардың қиындық келтіретін тапсырмалар, қызықты физикалық тәжірбиелер, табиғаттағы құбылыстарды бақылау, физиктердің өмірі мен қызметі туралы танымдық қабілеттерін, көзқарастарын дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан тереңдете үйрену арқылы оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады.
Факультативтің мақсаты және міндеттері:
Факультативтің негізгі мақсаты- ғылыми білімнің іргелі негізін қамтып, негізгі физикалық принциптерін зерделеу және 7 сынып оқушыларының физика пәнін оқуға деген қызығушылығын арттыру. Осы мақсатты орындау төмендегідей міндеттерді шешу қажет:
Оқушылардың шығармашылық интеллектуальдық қабілеттерін дамыту;
Пәнаралық байланысты нығайту, физиканың қажеттілігін, маныздылығын ұғындыру;
Алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге уйрену;
Дүниенің қазіргі заманғы физикалық бейнесі – табиғаттың біртұтастығын физикалық мәнін жеке тұлғаның саналы түрде түсінуін дамуын қалыптастыру.
Факультативтің практикалық маңыздылығы
Оқушылардың тақырыпты жетік меңгеріп, есептер шығаруға, практикалық іс-дағдыларының қалптасуына іздемпаздықпен жүйелі түрде жұмыс жасауына мүмкіндік береді.
Сабақты жүргізу әдістері;
Теориялық, зертханалық тәжірибе, практикалық сабақтар, сайыс, жарыс сабақтар.
Оқушылардың меңгеру тиіс білімдері мен дағдылары;
-Физикалық заңдылықтарды, құбылыстарды талдау;
-Физикалық есептерді шығаруға жаттығу;
-Физика пәніне қызығушылық, физикалық шамаларды әр түрлі тәсілдермен өлшеу;
Біліктері:
-Оқушының берілген материалмен өз бетімен жұмыс жасауы;
-Физикалық есептерді шығара алу жауапты талдау;
-Қарапайым есептер құрастыра білу және есеп шығарудың түрлі әдістерімен меңгеру;
-Жарыс барысында іздене отырып, жеңе біліге ұмтылу;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет