1. VI-VII ғасырлардағы ежелгі түріктердің ғылыми еңбектері. Ж. Баласағұн, Әбу-Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауидің тәлім-тәрбиелік тұжырымдамасы


Халық педагогикасындағы тәрбие түрлері, қысқаша сиаттама



бет8/12
Дата18.06.2020
өлшемі40,93 Kb.
#73893
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Этнопед, 30.05
11.05.2020ж инклюзив тапсырма2
7. Халық педагогикасындағы тәрбие түрлері, қысқаша сиаттама.

Қазақтың халық педагогикасы баланың пайымдауын қалыптастырып, ойлау жүйесін дамытып, үлгі-өнегелі іс-әрекеттерді үйретіп, кісілігін кемелдендіру арқылы ақыл-ой тәрбиесін іске асырады. Ол үшін халық мақал-мәтелдерді, өнегелі өсиет сөздерді, даналық уағыздарды, шешендік сөздерді пайдаланады.

Халық баланың ойлау жүйесін дамыту үшін санамақтар мен жұмбақтарды пайдаланады, түрлі аңыз әңгімелер мен ертегілерді үлгі-өнеге етеді, өсиет сөздердің тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды. Халық ақыл-ой тәрбиесіне, әсіресе даналық сөздер мен шешендік сөздерді жиі пайдаланады.

Ақыл-ой тәрбиесінің халықтық жүйесінің мәнділігі олардың кешенді міндеттерді шешуге қызмет ететіндігінде. Дидактикалық талдауға алынған фольклор материалдары, мал өсіру, егін егу және өзге де кәсіп түрлерімен байланысты салттар, халықтық астрономиялық және фенологиялық қорытындылаулары бұл міндеттерге:

Балаларда заттар, оқиғалар, қоршаған өмірдегі іс-деректер мен құбылыстар жайлы дұрыс түсінік қалыптастыру;

Балалардың сезімталдығы мен дүниені тиімділікпен танып білу процесін дамыту (түйсіну, қабылдау, ес, қиял, сөйлеу мен ойлауын);

Балалардың ақыл-ой қабілеті мен ынталықтарын арттыру;

Балаларды интеллектуальдық дағдылар мен икемділіктерге баулу екенін көрсетеді. Мұның өзі халықтың балаларға өмірге қажет білімдер жиынтығын игертудегі дидактикалық талаптары ғылыми педагогикаға жақындығының белгілері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет