1. VI-VII ғасырлардағы ежелгі түріктердің ғылыми еңбектері. Ж. Баласағұн, Әбу-Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауидің тәлім-тәрбиелік тұжырымдамасы



бет6/12
Дата18.06.2020
өлшемі40,93 Kb.
#73893
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Этнопед, 30.05
11.05.2020ж инклюзив тапсырма2
-Ізгілікті педагогика; яғни баланың балалық қасиетін сыйлау, ұрыспау, қатты мінез көрсетпеу, оны жақсы өнерге тәрбиелеу; бала қиялын дамыту, заманына сай оқыту, бастауыш сыныпты таза қазақ тілінде оқыту; ғылымның әр саласынан мағлұмат беру; ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеп, оқыту болса – С.Сауытбековтың ілімінде Мағжан педагогикасымен сабақтастық дүниелер жеткілікті.
5. Қыз бала мен ер бала тәрбиесінің ерекшеліктері.

Қазақ тағылымының ұстанған негізгі бағыты-ата-бабалардың үлгі-өнегесі, ақын кеңесі, дүниеге шынайы көз-қарасы, бостандыққа, еркіндікке, тәуелсіздік-дербестікке ұмтылысы. Бұл-алдан күткен арманы, ойға алған негізгі мақсаты. Тәрбие – ұрпақ үшін күрес. Қыз – келіншек, әйел – ана, әже-кейуана тағылымы өшпес із қалдырды. Ол – қазақ тілінің ана тілі деп аталуы. Мұндай жағдай қазақ әйелінің өзіндік қасиетін де, басқалардан айырмашылығын да танытады. Бұл – әйел қауымына көрсетілген зор құрмет! Әйелдердің жасаған ісі, қалдырған ізі ақсақалдық ешбір мектептен кем емес, оның әманда тазалығына, жаңарып – жаңғыруына орасан жағдай жасады. Бұл тағылымды жоққа шығаруға немесе елемеуге болмайды. М.Әуезов «Адамдық негізі – әйел» деген тұңғыш туындысын 1917 жылы әйел тақырыбына арнапты.

«Адам баласы», — депті ол, — тағы болып, еркегі хайуандық дәрежесінде жүргенде әйелден бала туып, ол балаларының бәрі де жастық, қорғансыздықтан анасының айналасына үйіріліп, үй ішінің бірлігін, одан туысқандық ұйымын кіргізген. Бұған қарағанда, адамды хайуандықтан адамшылдыққа кіргізген – әйел. Ұлы ойшыл осы сөзінен әйел – қоғамның ұйтқысы екенін, әйел еркіндікке жетпесе, адамшылық та күрмеулі болатынын қалап айтып, егер, қазақ мешел болып қалмайын десең, бесігіңді түзе, әйелдің халін түзе!, — деп сол тұстың да, қазіргі біздің заманымыздың да ең зәру идеясын ұсынып еді. Қазақ елі ел болғалы, қазақ қазақ болғалы өмірбақи анасын сыйлап өткен.

Ертеден келе жатқан наным-сенімдерінің түп тамыры да – ана. Аспанда Тәңірі, жерде Ұмай ана деп табынады қазақтар. Ұмай ана – қамқоршы, жарылқаушы, демеуші, жанұя отбасының пірі. Мұсылман дінінде бүкіл адамзаттың анасы, аналардың анасы деп Хауа ананы қүрмет тұтады. Хауа ана- Адам атаның зайыбы. Mұхаммед пайғамбарымыз әйел затын аса биік бағалап; «Әдемі анаңа, тағы да анаңа, содан соң Отаныңа жақсылық жаса!», – деп өсиет айтып кеткен.

Қазақ: «қызым үйде – қылығы түзде – дейді, сондай-ақ, қыздарымыз қандай екен?-қандай болу керек? Осы орайда шынайы қазақ қызы қандай болу керек? дегенде, біз ақын Исраил Сапарбаевтың қыз бала ажары хақындағы мына бір анықтамасына назар аударайықшы: «Бет пішіні, денемүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы қыз –ару жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік қыз – әсемсөзі өткір, өзі пысық, өріскелдікті сүймейтін, болмашыға пісіп күймейтін, келбетті қыз-сұлу.

Істесе үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, өзі бірден көзге түсе қоймайтын қыз — көрікті. Баппен сөйлеп, биязды күліп, жақсы-жаманның жөнін біліп тұратын қыз – әдемі. Дене бітісі жинақты-тығыршық, сөзі салмақты, ісі тиянақты қыз-ажарлы. Көз жанары өткір, бет әлпеті бал-бұл жанған, тәні шымыр қыз – шырайлы».

Жоғарыда айтылған жәйттің бәрін таразылай келе, қазақтың «қызға қырық үйден тыю» деген мақалын еске ала отырып осы мінезді айналамыздағы, үйдегі қызымыздан көріп отырмыз ба деген сұраққада жауап ойланып отыруыңызды сұраймын. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы – бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы – бұл әдеп пен өнер кілті. Осыдан, педагогтар нақты да дәл тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасыға тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді: жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай.

Жеке адамның қалыптасу процесі мен оның нәтижесіне болар отбасы тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тәрбиелік шараларын дұрыс жолдармен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен назар аударғаны жөн. Бұл өркениетті елдер ұстанған бұлжымас ереже. Неке мен отбасыға деген үстірт көзқарас, халықтық және ұлттық үрдістерді естен шығару, инабаттылық принциптерінен тайқу, шектен тыс арсыздық пен маскүнемдік, іштей тәртіптің болмауы мен жыныстық салғырттық, ерлі-зайыптылар арасында жоғары белең алған ажырасулар – бәрі де отбасындағы бала тәрбиесіне болатын теріс ықпалдар көзі.

Отбасы дағдарысын ретке келтіру және оның тәрбиелік ықпалын көтеру бағытында қазіргі заман педагогикасы қандай тиімді ұсыныстар беруі мүмкін? Бұл орайда педагогика қандай да тосын жаңалық ашып беруі мүмкін емес: тәрбиенің қоғамдық, экономикалық қатынастардың жалпы заңдылықтарына тәуелділігі объективті шындық. Бәріміз де осы заңдылықтардың құрсауындамыз. Барша үмітімізді мұғалімге артамыз, тәрбиелік жақсылықтарымызды оның жанпидалығынан күтеміз. Жалған, алдамшы ой-пікірлерден арыла білген шынайы ұстаздың өз іс-әрекетін келесідей жоспарға орайластырғанын жөн деп білер едік:

— отбасындағы қатынастарды гуманизациялау, яғни адамиластыру. Әміршіл-әкімшіл ықпал, заң алдындағы жауапкершілік, қатаң талап не үркіте зорлаудың заманы өтті – алдыратын лыпасы жоқ пенде неден қорықсын. Тек кеңпейіл мұғалім жан дүниесімен сәулеленген қайырымдылық, мейір, нақты көмек, ұстаздық жанашырлық қана күйзеліске ұшыраған ата-аналар көңіліне демеу беріп, өз перзенттерінің жарқын болашағы үшін күресте шаршап-шалдығудан азат етері кәміл;

— адамдардың рухани дүниесін қалыптастырып, нығайтуда зайырлы мектеп пен мұсылмандық тәрбие ошағы – мешіттердің ықпалдарын біріктіру әрі осы ықпалдарды жалпыланған қызмет түрінде шашыратпай, нақты отбасының нақты проблемасына бағыттау;

— педагогикалық мүдде-ниеттерді гуманитарлық қор, қоғам, ұжымдар жұмыстарымен үйлестіріп, қайырымдылық-тәрбие бағдарламасын жасау.


Ең бастысы, жалпы адамға, оның табиғатына берілген қайырымдылық пен мейірімге болған сенімнен ажырап қалмау — әрбір тәрбиешінің негізгі ұстамы болғаны жөн. Атам қазақ басынан талай «Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұламаның» кешкен, солай болса да ортасында жүрген дана тәрбиешілерінің, ғұлама ұстаздарының болуынан өз болмысын сақтап қалғаны баршаға аян. Дүние ауыспалы, ал педагогиканың міндет қоғам өзгерістерінің ізімен жалғаса, дамып бару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет