20 ғасырдың Гомері атанған Жамбыл Жабаев бастаған әдебиет пен өнер қайраткерлерінің еңбектері де -өз алдына бір төбе. Қазақ совет поэзиясының алыбы Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» деп аталатын мәңгі өшпес патриоттық шығармасын бүкіл еліміз толғана оқыды. С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Б.Бұлқышев, Ж.Саин,П.Кузнецов, сияқты жазушылар, Шашубай, Нұрпейіс, Кенен, сынды ақындар халықтар достығының жыршысы болды. Республикамызға уақытша келген 90 жазушы /Алексей Толстой,С.Михалков, С.Сергеев-Ценский, Ф. Панферов, О.Форш, К.Паустовский,С. Маршак, М. Зощенко, тағы басқалар табысты еңбек етсе Алексей Толстой Қазақстан жерінде болғанда Иван Грозный кітабын жазды. «Мосфильм» мен «Ленфильм», 23 театр мен музыкалық коллективтер жеңіс үшін еңбек етіп қана қоймай, қазақтың ұлттық өнерін жаңа жанрлармен, кәсіби шеберлікпен байытып,жан-жақты дамуына септігін тигізді.
Қазақ артистері майданның алғы шебінде 2 мыңға жуық концерт берді.
Мәдени қызмет көрсету мақсатымен 1941 жылы Алматыда майдандық концерт бригадалары ұйымдастырылды. Олардың құрамында республиканың көрнекті әнші-актерлері Күләш Байсейітова, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Жамал Омарова, Елубай Өмірзақов, биші Шара Жиенқұловалар болды.
31.Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы.
II дуниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. Киев, Ленинград, Станиград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды .
Достарыңызбен бөлісу: |