Сағат Балнұр Сәбитқызы 102-15 тобы Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары



Дата01.04.2020
өлшемі26,12 Kb.
#61328
Байланысты:
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
Гылыми жоба Менин улуым, Айжамал тест, дип Алипбаева
Сағат Балнұр Сәбитқызы 102-15 тобы

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық

қабілеттерін арттыру жолдары

Білім бер жүйесіндегіәлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру және баланың шығармашылық қабілетін дамытуды талап етеді. Ал,шығармашылық қабілеттің дамуы оқу барысын дұрыс ұйымдастырумен, кәсіби шеберлікпен, шығармашылық ізденіспен ткелей байланысты.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, «Педагогикалық қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартына көздеген деңгейден төмен емес білім алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауға міндетті»,- делінген.

Мектепте алған білім баланың шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беріп,оны өнімді,шығармашыл, өзіндік ойлауға үйретуі тиіс.

Баланыңңң қабілеттерін дамыту мәселесіөзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз оқушысының дамуына үнемі қамқорлық жасап отырған.

Бүкіл бір халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің қара сөзінде бала өмірге келгендегі қабілеттері әрі қарай дамытуды,шыңдауды қажет ететін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал назардан тыс қалған қабілеттер бара-бар жойылып,жоқ болатынын айтқан.

М.Жұмабаев өзінің «Педагогика» оқулығында бала дамуының мәселелерін көтереді. Ол үшін оның танымын, ақылын, еркін қалыптастыру керек екенін жазады.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелерін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді.

Ж.аймауытовтың пікірінше,адам өмірге өзінің табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын – оқыту мен тәрбие.

«Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс, жеткілікті бағаламаса, ол «өзгелер сияқты» болып қалып қоюы мүмкін»-дейді.

Психологтар бала қабілетінің 2 түрлі деңгейі болатындығын дәлелдейді.


  1. Репродуктивті іс-әрекетті, не білімді берілген үні бойынша қабылдау, меңгере алу деңгейі.

  2. Шығармашылық - жаңа нәрсені ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

«Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару, «іздену», «ойлап табу» деген ұғымды білдіреді.Демек бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап, жетістікке қол жеткізу деген сөз. Шығармашылық әрекет өте күрделі процесс және ол адамға ған тән.

Шығармашылықты дамыту жолындағы негізгі кедергілер.

Қазіргі уақытта көптеген психологтар мен педагогтар өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамыту қажеттігін мойындап отыр. Дегенмен,шығармашылық тұлғаны дамыту жолында кедергілер жетерлік. Оқушылардың шығармашылық ақыл-ойын дамытуға тежеу жасайтын басты фактор көптеген мұғалімдердің шығармашылықтың мәні мен пайда болуын түсінбеуі болып табылады. Бұл балалардың танымдық белсенділігін басып тастаудан-ақ көрінеді. Ол оқушылардың шығармашылық ақыл-ойының дамуына тоқырау жасап қана қоймайды, сонымен бірге іс-әрекеті мен мінез-құлқында шығармашылық нышаны бар оқушылардың құқықтарын шектейді.



Кедергілер:

  • Мұғалімнің оқушыны сынауы;

  • Баланың еркін шектеу;

  • Шығармашылықты көтермелеу

Дарынды адамдардың қабілетін жас кезінде оқушыларға сезіп білмегені тарихтан белгілі ғой.Мысалы, Энштейн мінез-құлқы, тәртібі нашар, әдепсіз деп танылған.

Біздің ойымызшы, бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келген шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Ол үшін төмендегі шарттар орындалуытиіс:



  1. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастан қолға алу;

  2. Баланың жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық жайында болуы;

  3. Шығармашылық жұмыстар баланың ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейіне жетуі керек. Күн асқан сайын ол деңгей биіктей беруі керек.

  4. Ең негізгі шарт баланың әрекеттің түрін таңдауына деген еркіндігінің болуы;

  5. Үлкеннің қамқорлығы,көмегі, шығармашылық қасиетті адам баласының бойындақалыптастыруда сөз өнерінің берері мол. Мектепте әдебиеттік оқу сабағында өнер өкілдері мен оның туындылары кеңінен насихатталады. Ал оқушы сөз өнерін өзі пір тұтып,өзі сүйіп айналысуы тиіс.

Бүгінгі таңда мемлекеттің оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етуіне сәйкес, мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер шығармашылық жұмыстың жоғары сапасын сұрайды. Осыған орай бүгінгі ұстаздың алдында оқушыға білім,білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, олардың қабылдауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерін дамыту міндеттері тұр. Сонымен бірге,баланы шығармашылықпен ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, іс-әрекеттерге дайын болуға әкелу мұғалім үшін үлкен ізденісті талап етеді.

Шығармашылық қабілет деген не? Баланы жастайынан шығармашылық өнеріне қалай баулуға керек?Оның жолдары,әдіс-тәсілдері,мазмұны қандай?

Қазіргі әдебиеттік оқу пәні әдістемесінің өзекті мәселелерінің бірі- осы. Пстихологтардың зерттеу бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзекті болардай өзіндік ерекше қабілет,бейімділік бар екен.

Сонымен оқушыларды сөз өнеріне баулып, үйрету үшін қажетті жағдайлардың мазмұнына тоқталсақ:



  • Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттау керек. Яғни, оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін үнемі (елеусіз болса да) шығармашылық тапсырма,міндеттер, жаттығу,ойын түрлерін ұсынған жөн;

  • Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың жолын, әдіс-тәсілін білу керек;

  • Шығармашылық жаттығу,ойын тапсырмалардың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне,қызығушылығына үйлесуі керек:

Тапсырма міндетпен танысқаннан кейін бал жұмысқа кіріседі.

Мұғалімрің ең үлкен міндеті:

  1. бала белгілі бір көркемдік шешім тауып,өз туындысын ұтымды аяқтап шыққанға дейін оны назарынан тыс қалдырмау, шығармашылық бағыт-бағдар беріп отыруы:

  2. шығармашылықпен жеке дара – оқушы емес, сыныптың, мектептің бүкіл балалары ойласу үшін жағдай, мүмкіндік туғызу. Сыныпта, ұжымда өзара шығармашылық ақуал орнату:

  3. мұғалім оқушы үшін қарапайым ғана жан. Ал егер ол оқиға,сюжет құруға,образ жасауда жасушылық шеберлік танытса, оқушылар ерекше елтиді. Өздерінің күшіне деген сенім қалыптасады. Сонедықтан мұғалімнің шығармашылықпен айналысуы және өзінің жазған дүниелері жөнінде балаларымен пікір алмасуы заңды:

  4. шығармашылықты тежейтін 3 нәрсе бар: біреуі- «сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан ешнәрсе келмейді» деген қорқыныш сезімі, екінші- өзіне – өзі тым риза болмаушылық сезім(не жазса да өзі ұнатпайды, кейде өзін –өзі жек көріп кетеді), үшіншісі- жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу:

  5. оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте,сабақ үстінде,үйде қолайлы жағдай туғызу;

  6. Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі,саналы түрде қалыптастырып отыру;

  7. Ұғалім көркем шығармашылық түрлеріне үйретіп,баулу үшін көркемдік өлшемдермен өзі де қарулануы керек. Көркем шығарманың әдеби процесстің механизімін түсінбейтін мұғалім оқушыны әдеби шығармашылыққа үйретіп баулымақ түгілі, оқушы жасаған дүниеге нақты,әділ бағасын беріп,көркемдік дәрежесін тани да алмайды.

Мұғалім оқушы шығармашылығын дамыту,бағыт-бағдар беру

ісінде мыналарды ескеруі керек деп ойлаймын:

  • Шығармашылық тапсырманың мазмұнын тұрін ойлап табу;

  • Шығармашылық міндеттерді оқушыға ұсынудың әдіс-тісілін меңгеру:

  • Көркемдік шешім табу, оқиға құру, образ жасау үшін кілт боларлық жағдайларды тудыра білу:

  • Шығармашылық процесті фактілер мен мәліметтерге педагогикалық,әдістемелік тұрғыдан баға қорытынды бере білу,теориалық,практикалық тұжырымдар жасау.

Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулып,олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдануға болады:

  1. Балаларға белгілі тақырыпқа әңгіме оқып,оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну;

  2. Әңгіменің ертегінің сюжетін бастап беру,аяқтауды оқушыларға тапсыру;

  3. Ертегіні ұжым болып тыңдау;

  4. Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру;

  5. Қиялдау арқылы сурет салдыру,рольмен ойнату;

  6. Арнайы тақырыпқа пікірталас тудыру.

Сыныптағы әр оқушының пән бойынша ізденімпаздық деңгейлерін анықтауға қажет.Сонымен қатар пәнге, қызығушылығы анықталады. Шығармашылық – әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін, танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді.

Мектеп қабырғасында жақсы оқитын да, нащар оқитын да оұқушы болады. Ал алдам бойындағы нағыз дарындылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты – табиғи талантпен шектеліп қалмай, танбандылықпен еңбектену. Демек, табиғи таланттарды ашу, жас талапкердің жарқырап көрінуі – ұстаздарға үлкен міндет. Ұрпақ тәрбиесі, ел болашағы ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді.

Заман жаңарған сайын оқыту мен тәрбие жүйесі де әдіс – тәсілдері де жаңарып, отыруға тиіс. Себебі, алдымызда отырған жас ұрпақ дамыған Қазақстанның ірге тасын қалайтын, тәуелсіз тудың тұтқасын ұстайтын азаматтар.

Баланың елеусіз болса да өз күшімен, өз ойымен, қиындықты жеңе отырып «жаңалық» ашуына жағдай жасайық. Қоғамның ертеңгі тағдыры – бүгінгі баллардың қолында.

Көрсетілген әдіс-тәсілдер бастауыш сыныптарға тиімді екендігіне көзім жетті. Осыларды пайдалану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын оятып, терең ойлау қабілетін, белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын болса, енді ол сыни тұрғыдан ойланып, өз ойын дәлеледей алатын тұлғаға айналды. Оқушылардың тілін,ойын,еркін сөйлеуін дамытып, топпен жұмыс істеу кезінде бір –бірін тыңдай білуге үйретеді.

Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын,шығармашылығын ашу. Ұлы ғалым Д.И.Менделеев мұғалімдердің ғылымның сарқылмас көзін ашудағы еңбектерін жоғары бағалаған. « Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушуыларына терең де мағыналы білім бере алады »деген.Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу – бүгінгі күннің мақсаты.



Пайдаланылған әдебиет:

  1. « Педагог» журналы №6, 20 бет. 2012ж


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет