1 Зертханалық жұмыс Моносахаридтер Реактивтер


Моносахаридтердегі карбонил топшасына реакция



бет2/4
Дата20.09.2022
өлшемі16,41 Kb.
#150069
1   2   3   4
Байланысты:
№1 Зертханалық органика жұмыс Х-31 лаб
ktj 20476, sbornik inkljuziv obraz, жұмыспен қамту мәлімет, аралық бақылау сұрақтары, Комиссия5а, Комиссия5а, Өтініш, fyu, Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс, 3 prakt rab, 102 Журн. преп, Аятул курси суреси, Науаи Фонетика, Аятул курси суреси, Аятул курси суреси
Моносахаридтердегі карбонил топшасына реакция
Реактивтер: 1-, 2%-тік глюкоза, фруктоза ерітіндісі, 10%-тік глюкоза ерітіндісі, 10%-тік формальдегид ерітіндісі, фуксинкүкіртті қышқыл, 5%-тік мыс сульфаты ерітіндісі, 10%-тік натрий гидроксиді ерітіндісі, Фелинг реактиві, бром суы, 1%-тік темір хлориді ерітіндісі, 1%-тік фенол ерітіндісі, 1%-тік күміс нитраты ерітіндісі, 5%-тік глюкоза ерітіндісі, фенилгидразиннің сіркеқышқылды ерітіндісі
Құралдар: су моншасы, термометрлер, микроскоп, пипеткалар, заттық және жабын шынылар

1. 2 пробиркаға 1,5мл фуксин күкірт қышқылының ерітіндісін құяды Біріншісіне 1,5мл 10%-тік формалдегид ерітіндісін, екіншісіне 1,5мл 10%-тік глюкоза ерітіндісін құяды, араластырады. Біраз уақыттан кейін формальдегиді бар пробиркада күлгін қызыл бояу пайда болады, ал глюкозасы бар ерітінді өзгермейді.


Сұрақ: Не себепті глюкоза түсі өзгермейді?

2. Пробиркада 3мл 1% -тік глюкоза ерітіндісін және 1,5мл 10%-тік NaOH ерітіндісін араластырады. Тамшылатып 5%-тік CuSO4 ерітіндісін лайлану жоғалғанша қосады. 5% -тік CuSO4 ерітіндісінің артық мөлшері реакцияны жургізбейді. Себебі, ол қыздырғанда суды жоғалтады және қара түсті СuO-ға айналады. Егер мыс гидроксиді аз болса, қыздыру барысында реакцияны тежейді, глюкоза өзгеріске ұшырайды. Пробирка ішіндегі қоспаны қайнатуға жеткізбей жоғарғы бөлігін қыздырады, ал төменгі бөлігінде мыс гидроксидінің сары түсті тұнбасы пайда болады, ол біртіндеп мыс оксидінің қызыл тұбасына ауысады.


Тәжірибеге фруктозаны алып кайтала.
Сұрақ: Реакция теңдеуін жаз

3. 2 пробиркаға 1,5мл моносахарид ерітіндісін құяды: 1-пробиркаға 1%-тік


глюкоза ерітіндісін, 2-пробиркаға 1%-тік фруктоза ерітіндісін құяды. Екі пробиркаға да бірдей көлемде Фелинг реактивін қосып араластырады, пробиркалардың жоғарғы бөлігін қайнауға жеткізбей қыздырады. 2 пробирканың да жоғарғы бөлігінде мыс гидроксидінің сары тұнбасы пайда болады. Ол біртіндеп мыс оксидінің қызыл тұнбасына ауысады, ал сұйықтықтың төменгі бөлігі көк түс күйінде өзгеріссіз қалады.
Сұрақ: Фелинг реактиві деген не? Құрамы қандай, қалай дайындалады? Реакция теңдеуін жаз

4. Алдымен күміс гидроксидінің аммиактағы ерітіндісін дайындайды, оны екіге бөледі. Бір бөлігіне 1,5мл 1%-тік глюкоза, екіншісіне 1,5мл 1%-тік фруктоза ерітіндісін құяды. Екі пробирканы да 5-10 мин бойы су моншасында қыздырады. Су моншасының температурасы 70-80оС болуы керек. Металдық күміс екі пробирканың қабырғасында да айна қағы ретінде бөлінеді. Пробирканы қыздыру барысында шайқауға болмайды, себебі күміс қара тұнба ретінде бөлінуі мүмкін, өте жақсы айна алу үшін пробирканы 10%-тік NaOH ерітіндісінде қайнатып, оны дистилденген сумен шаяды.


Сұрақ: Д глюкозаның Д глюкон қышқылына айналу реакция теңдеуін жаз?

5. 2 пробиркаға 3мл бром суын құяды, оған 0,5мл 2%-тік моносахарид ерітіндісін құяды. Бірінші пробиркаға глюкоза, екіншісіне фруктоза қосып, су моншасында қыздырады. Егер, осы уақыт ішінде бромның қошқыл бояуы өзгермесе, реакциялық қоспаны горелка жалынында қыздырады, ерітіндіге темірдің (III) хлоридінің ерітіндісін қосады, екі пробиркадағы ерітінді бояуын салыстырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет