10 – Дәріс Тақырыбы



бет8/8
Дата20.06.2022
өлшемі35,3 Kb.
#146881
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәріс 10 аң шаруашылығы
Geografiya kaz, 11 А тізімі жаңасы, Өsіmdіktің-topyraқtan-sudy-zhәne-mineraldardy-sіңіruі, 44.48 заннама, 47,50 сит 77,78
Қыртысмаңы аймағы лимфа түйінінің қыртысты және бозғылт заттары аралығында орналасқан тимусқа тәуелді аймақ. Тимустан келіп қоныстанған Т - лимфоциттердің көбейіп, жетіліп мамандануына қолайлы микроортаны бұл аймақта ретикулалы ұлпамен қатар, фагоцитоз процесіне қатыспайтын саусақша өсінділі макрофагтар жасайды. Макрофагтар өздерінен антигендерді плазмолемма маңында жинақтап сақтап, Т -лимфоциттердің осы антигендерге сәйкес дамып жетілуін қамтамасыз ететін гликопротеидтерді бөледі. Т - лимфоциттер қыртысмаңы аймағында толық жетіліп, маманданып эффекторлы жануарларға айналады.
Бозғылт зат лимфоидты бозғылтша баулардан және баулар мен перделіктер аралығындағы лимфа сұйығы торлы ұлпадан сүзіле арқылы ұлпа сұйығы құрамындағы әр түрлі заттарымен (бөгде заттар, микроорганизмдер, олардың улы өнімдері, зат алмасудың ыдырау өнімдері) бірге ұлпалардан ағып келіп құйылады. Лимфа туйіндеріндегі макрофагтардың және ретикулалы ұлпаның қатысуымен ұлпа сұйығы биологиялық және механикалық сүзілуден өтіп, микроорганизмдер мен олардың улы заттары фагоцитоз арқылы залалсыздандырылып тазартылады. Лимфа түйіндерінің лимфоидты ұлпасында әсерлі (эффекторлы) Т - және В - лимфоциттері түзіледі. Организмдегі гуморальды иммунитетті қамтамасыз ететін В - лимфоциттер туындысы -иммуноциттер әр түрлі антигендерге қарсы иммундық денелерді түзіп, оларды биологиялық тазаланудан өткен ұлпа сұйығына шығарады. Сөйтіп, лимфа түйіндерінде бөгде заттардан, микроорганизмдерден, олардың уытты заттары мен басқа да зиянды өнімдерден тазаланып, толық арылған ұлпа сүйығы, эффекторлы Т - және В - лимфоциттермен, әр түрлі иммунды глобулиндермен (антиденелермен) қанығып, лимфа түйіндерінің ойыс жағындағы қақпасынан әкеткіш лимфа тамырлары арқылы лимфаға айналып ағып шығады. Дөңес бетіне карама-қарсы жатқан лимфа түйінінің ойыс беті лимфа түйінінің қақпасы - деп аталады. Қақпа арқылы лимфа түйінінен әкеткіш лимфа тамырлары мен веналар шығып, лимфа түйініне артериялар мен жүйкелер еніп жатады. Шошқада лимфа түйініне әкелгіш лимфа тамырлары енеді.
Лимфа түйіндері эмбриондық кезеңде қан және лимфа тамыр-ларының маңындағы мезенхимадан дамып жетіледі. Лимфоидты ұлпа қан арқылы сүйектің қызыл кемігі майы мен тимустан келіп қоныстанады.
Бақылау сұрақгары:
1. Қан жасау және иммундық қорғаныс мүшелерінің жалпы сипаттамасы.
2. Сүйектің қызыл кемігі майының жануарлар организмдеріндегі орны, маңызы және құрылысы.
3. Айырша бездің организмдегі орналасу орны, құрылысы және маңызы.
4. Құс клоака қапшығының орналасу орны, құрылысы және маңызы.
5. Көкбауырдың орналасу орны, құрылысы және маңызы.
6. Лимфа айналым жүйесінің жануарлар организмдеріндегі атқаратын қызметтеріне тоқталып, мүшелерінің кұрылысын еске түсіріңіз.
7. Қандай лимфа тамырларын білесіз? Олардың құрылыс ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
8. Лимфа түйіндері, олардың жануарлар организмдеріндегі маңызы, түрлері және гистологиялық құрылысы.
9. Гемолимфа түйіндері және ас қорыту мүшелері қабырғаларындағы лимфо эпителиальды құрылымдар, олардың кұрылысы.
10. Бастың лимфа түйіндері, олар лимфаны қандай дене бөліктерінен жинап, қайда өткізеді?
11. Мойынның лимфа түйіндері, олар лимфаны қандай дене бөліктерінен жииап, қайда өткізеді?
12. Алдыңғы және артқы аяқтардың лимфа түйіндері, олар лимфаны қандай дене бөліктерінен жинап, қайда өткізеді?
13. Көкірек қабырғасы мен көкірек куысы мүшелерінің лимфа түйіндері, олар лимфаны қандай дене бөліктерінен жинап, қайда өткізеді?
14. Құрсақ және жамбас қабырғаларының лимфа түйіндері, олар лимфаны қандай дене бөліктерінен жинап, қайда өткізеді?
15. Құрсақ және жамбас қуыстары мүшелерінің лимфа түйіндері, олар лимфаны қандай дене бөліктерінен жинап, қайда өткізеді?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет