10 – Дәріс Тақырыбы



бет2/8
Дата20.06.2022
өлшемі35,3 Kb.
#146881
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәріс 10 аң шаруашылығы
Geografiya kaz, 11 А тізімі жаңасы, Өsіmdіktің-topyraқtan-sudy-zhәne-mineraldardy-sіңіruі, 44.48 заннама, 47,50 сит 77,78
Сүйек майы - белгілі-бір деңгейде өздігінен реттелетін қан жасаушы ізашар діңгекті жасушалар топтары (популяциялары) орналасқан орталық қан жасау мүшесі. Омыртқалы жануарларда сүйек майының екі түрі кездеседі. Оларға жіліктің майы және сүйектің қызыл кемігінің майы жатады. Жіліктің майы түтікше сүйектердің куыстарында түзіліп жиналады. Оның негізін ретикулалы және борпыддақ дәнекер ұлпалары құрайды. Жас дәнекер ұлпалық адвентициялық жасушалардан цитоплазмасыңда май тамшыларын жинап, жілік майын құрайтын май жасушалары — липоциттер түзіледі. Жілік майында жануарлар организміне қажет қоректік заттар қоры жиналады. Қан кету немесе басқа да әр түрлі ауруларға байланысты сүйектің қызыл кемігі майында қантүзілу деңгейі төмендесе, онда жілік майында да, қосымша қан жасау ошақтары түзіліп, қан жасау процесі жүреді.
Сүйектің қызыл кемігі майы жануарлар организміндегі қан жасау мушелерінің орталық мүшесі. Себебі, бұнда барлық қан жасушаларының ізашар бастама жасушалары (бласттар) түзіліп, олардың көбі (эритроциттер, гранулоциттер, қан табақшалары, моноциттер) осы қызыл кемік майында толық жетіліп, қанға шығарылады. Ал лимфоциттер бастама жасушалары — бласттары қан арқылы тимусқа, көкбауырға, лимфа түйіндеріне, лимфо-эпителиальды құрылымдарға қан арқылы барып қоныстанып, сол мүшелерде антигенге байланысты маманданып көбейіп, әсерлі жасушалрға айналады.
Сүйектердің қызыл кемігі майы жануарлар ұрығы эмбриондық дамуының алғашқы кезеңінде-ақ қалыптасады. Алдымен жалпақ сүйектерде: жауырында, жамбас сүйекте, шүйде сүйекте, қабырғаларда, төс сүйекте, бас сүйектің негіздік сүйектерінде, кейіннен жіліктер эпифиздері мен омыртқалардың кемік затында мезенхимадан дамып жетіледі. Паренхиманың миелоидты ұлпасы сарыуыз қапшығынан қоныс аударған діңгекті жасушалардан дамиды.
Сүйектің қызыл кемігі майы барлық сүйектердің кемік затының ұяшықтарында орналасады. Ол қызыл-күрең түсті қоймалжың келген зат, жануарлар дене салмағының 4-5 % -ын құрайды. Сүйек ұяшықтарынан шыныларға жүқа жағындылар жасап, арнайы бояулармен бояп, микроскоппен зерттеуге болады.
Құрылысы жағынан сүйектің қызыл кемігі майы паренхималы мүшеге жатады. Сүйек ұяшығы қуысында ішкі сүйекқап эндоосттан торлана тартылған дәнекер ұлпалық желілер аралығындағы қуыстарды, қызыл кемік майының негізін құрайтын ретикулалы (торлы) ұлпа толтырып тұрады. Ал қантүзілу процесі жүретін мүше паренхимасы миелоидты ұлпадан құралған. Торлы ұлпада микроайналым арна қан тамырлары (артериолалар, капиллярлар, венулалар) жиі орналасады. Олардың аралықтарындағы миелоидты ұлпа жасушаларының көп түрлілігімен ерекшеленеді. Діңгекті жасушалар ішкі сүйекқап (эндоост) маңында көбірек орналасады. Торлы ұлпадағы қойнауша (синусоидты) қан капиллярлары маңында әр түрлі қан жасушаларының даму қатарлары топтасып жатады. Оларға эритроциттердің, гранулоцитгердің, мегакариоцитгердің даму орталықтарын жатқызуға болады.
Эритроциттердің даму орталықгары макрофагтарды қоршай орналасып, пішіні әр түрлі аралшықтар жасайды. Аралшықтар жасушаларының құрамында эритробластгарды, базофилді, полихро-матофидді, оксифилді нормоциттерді ажыратуға болады. Аралшықтар орталығындағы макрофагтар эритроциттердің түзілуіне керекті темірді тасымалдап алып келумен қатар, істен шығып ескірген эритроциттер мен жаңадан түзіліп жатқан нормоциттер ядроларын қармап, оларды жояды.
Гранулоциттердің даму қатарлары да, қойнауша кан капиллярлары маңында орналасып, аралшықтар жасайды. Жасушалар құрамы әр түрлі. даму сатысындағы нейтрофилді, эозинофилді, базофилді миелоциттерден, промиелоциттерден және метамиелоциттерден құралған. Гранулоциттер даму қатарларының макрофагтармен байланысы болмайды. Олардың әрқайсысының цитоплазмасында, өздеріне тән түске боялған дәншелері болады. Пісіп жетілген гранулоциттер қызыл кемік майында қорланады. Қызыл кемік майындағы олардың жалпы саны жетілген эритроциттерге қарағанда 3 есе, ал шеткі қандағы гранулоциттер санынан 20 есе көп болады.
Көпядролы көпбөлімді ірі мегакариобластар мен метакариоциттер қойнауша қан капиллярлары қабырғаларымен жанасып жатады. Миелоидты ұлпа аралшықтары аралықтарындағы микро-айналым қан тамырлары айналасында моноциттер мен аздаған лимфоциттердің бастама бластары топтаса орналасады. Қызыл кемік майында май жасушалары (адипоциттер) көптеп кездеседі.
Пісіп жетілген эритроциттер, гранулоциттер, қан табақшалары, моноциттер және лимфоциттер бластары қойнауша қан капиллярлары мен посткапиллярлық венулалар қабырғаларындағы эндотелиоциттер аралықтарындағы саңылаулар арқылы қанға өтеді. Қалыпты жағдайда қанға толық пісіп жетілген қан жасушалары өтеді. Жетілмеген жас қан жасушаларының қанға өтуі, тек әр түрлі аурулар өрбіген кезде байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет