№10 дәріс Экономикалық әлеуметтану Дәрістің жоспары


Экономикалық әлеуметтанудың негізін қалаушылар



бет2/3
Дата15.11.2022
өлшемі266 Kb.
#158245
1   2   3

Экономикалық әлеуметтанудың негізін қалаушылар:

  • Огюст Конт индустриалды қоғам теориясы мен өнеркәсіптің адам мен мәдениетке ықпал етуін зертеуді дамытады. Өнеркәсіптің дамуы адамның өмір сүруін жақсартып қана қоймай, тұлғаны өзгертіп, әлеуметтік тәртіпті бұза да алады.
  • Карл Маркс, «жаттану» терминін енгізеді. Ол адамдар өз табиғаты бойынша азат, қатынасқа және жасамапаздыққа бейім деп санайды. Алайда, олар бұл қасиеттерден таптық қоғамда айырылады. Бұл қосымша құнға байланысты өзгереді.
  • Герберт Спенсер назарын әлеуметтік даму мен әлеуметтік эволюция мәселелеріне аударды.
  • Фердинанд Тённис Gesellschaft (заманауи қоғам) Gemeinschaft (дәстүрлі қоғам) қоғамдарын салыстырады.
  • Э.Дюркгейм шешуші рольді жеке меншікке, бәсекеге, еркін кәсіпкерлікке емес, адамдардың ынтымақтастығы мен бірігуіне, әлеуметтік қатынастар мәдениетіне, әлеуметтік ұйымшылдыққа береді.
  • Макс Вебер, «дәстүрлі» қоғамды «капиталистік» қоғамға қарсы қояды. Капитализм бұл – “пайданың соңына ұдайы түсу” мен “еркін жұмыс күші нарығының тиімді ұйымдастырылуы”.

Экономикалық әлеуметтанудың негізгі категориялары:

  • 1. Жалпығылыми категориялар – құрылым, жүйе, қызмет, тұрақтылық, өзгергіштік, даму және т.б.
  • 2) Жалпы әлеуметтік категориялар, өзге әлеуметтік ғылымдардан алынған.
  • Экономикалық теориядан – нарық, өндіріс, тұтыну, бөлу, меншік, бәсеке, айырбас және т.б.
  • Философиядан – қоғамдық сана, қоғамдық қатынастар, заңдылықтар, мәдениет.
  • Әлеуметтік психологиядан – ұжым, тұлға, мотивация, идентификация;
  • Жалпы әлеуметтанудан – әлеуметтік қатынастар, топтар, ұйымдар, институттар, әлеуметтік құрылым және стратификация және т.б.;
  • 3) Арнайы категориялар экономикалық әрекет, шаруашылық мотивация, экономикалық стратификация, экономикалық мүдделер, стереотиптер, келісім-шарттық қатынастар және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет