10 лекция Дәрістің мақсаты мен міндеттері



бет1/6
Дата25.12.2022
өлшемі31,37 Kb.
#164328
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
VQSBTMUJEUBC19122022111943


Бауыржанның әскери мұрасы арқылы тактикалық, атыс,саптық дайындық
сондай-ақ тарих, әдебиет, география және т.б пәндерінде оқушылар бойында Отан қорғауға дайын болу сезімін қалыптасуындағы оқытушының жұмыс жүйесі.
10 лекция


Дәрістің мақсаты мен міндеттері:Отанды қорғауға дайындық тұтас кешенді тұлғаның қасиеттері,кӛзқарастар, әсерленушілік, қандай күрделі жағдай болмасын жауды жеңуге деген берік шешім, дене жағынан шынығуы әскери дағды т.б.қалыптастыру.
Дәрістің мазмұны:Оқу үдерісі бойынша оқушыларда Отан қорғау дайындығының қалыптасуына әсер ету қызметі,Тактикалық оқ ату,саптық дайындықта,тарих,әдебиет,география және т.б пәндерінде оқушылар бойында Отан қорғауға дайын болу сезімін қалыптасуындағы оқытушының жұмыс жүйесітуралы мағлұматтар

Жаңа технологиялар заманында ұлттық құндылықтардың мәні көптеген өзгерістерге ұшырап, маңызы күннен-күнге ұмытылуда. Сондықтан олардың жас ұрпақ арасында насихатталуы – көпті ойландырған көкейкесті мәселе. Бауыржан Момышұлы өз шығармаларында адами қасиеттерді өсиет етіп қалдырды. Бауыржанның есімі бүгінгі ұрпақ үшін әдебиеттегі шыншылдық пен әділдіктің синонимі іспеттес.


Бауыржан Момышұлының шығармаларында көбінесе оқырманда патриоттық сезім туғызатын нақыл сөздер мен оқиғалар көп. «Менің халқым – жер бетіндегі қасиетті халықтардың бірі. Себебі табиғаты таза, ар-ұжданын саудаға салмаған, адам сүю сезімі сарқылмаған, бұзылмаған, жарылмаған халық. Бір сөзбен айтсам, ақын халық» деп айтқан еді. Өзінің ұлтын сыйламаған – ұлтын мақтаныш тұта да алмайды. Сондықтан Бауыржан атамыздың туындылары балалардың бойында патриоттық жалынның лаулап жануына ауадай қажет. Қарапайым халықтың маңдай тері мен көптеген батырлардың ерлігі осы шығармалардағы өз Отанына деген махаббаттын негізгі көрінісі болып табылады. «Ұлттық рухсыз ел тәуелсіздігі бола алмайды» деп Мұстафа Шоқай бекер айтпаған. Осы себептен Бауыржан Момышұлы халықтың бір мақсат үшін бірге күресуін көрсетуге көп көңіл бөлген. Бұл қазіргі ұрпақ үшін үлкен тәлім-тәрбие құралы бола алады, себебі, адамдардың күннен-күнге бір-біріне деген сенімін жоғалтуы бұған дәлел бола алады. Өкінішке орай, өз пайдасын ғана ойлайтын адамдардың саны көбейіп жатыр.
Бұл мәселені қалай шешуге болады? Жазушылардың шығармаларын талдау және оны басқаларға жеткізу адамдардың ой-санасына жағымды әсер ете алады. Осы себептен көптеген оқушылар әртүрлі шығармалар жайында жоба жазуды, атап айтқанда, "Патриотизмге тәрбиелеуде Бауыржан Момышұлы нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні" атты ғылыми жоба жазып жатса, дұрыс болар еді. Бұл жұмыста әртүрлі қанатты сөздердің мағынасы талданып, негізгі ойы оқырманға жеткізілсе, Бауыржан Момышұлының шығармашылығы ұлттық құндылықтарды насихаттауда ерекше орын алар еді деп ойлаймын.
Бауыржан Момышұлының тың идеяларына тоқталсақ, ол көп жағдайда шығармаларында қиын, халыққа ауыр тиген соғыс жылдарын жазған. Б.Момышұлының майданда туған бірнеше толғаулары «Тырнақтап жинап әр жерден», «Ана тілін ардақта», «Толғау», «Қайран сегіз» [1] т.б. өлеңдеріндегі ойлар жүйесі адамды жақсылық жасауға баулиды. Адамзаттың адамгершілік қасиетін жоғары бағалап, не істесе де ақылмен билік етіп, әділдіктің құлы бол дейді. Ол: 54

Ақыл айтар мезгілде,


Мың жасаған шалдай бол.
Қатал болар мезгілде,
Шатырлаған жайдай бол, – деді.
Осы шумақтың өзінде ақын жастарға ақылды, ұлтжанды болуды меңзейді.
Қорытындылай келе, Бауыржан Момышұлы өз шығармаларында адамгершілік, ерлік, отаншылдық қасиеттерді насихаттап, оқырман болмысына тікелей әсер етті. Оның еңбегі бостан-бос болған жоқ. Бауыржан атамыздың жұмысы туған жерін сүйетін жаңа ұрпақты тәрбиелеуде ерекше орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет