10а сыныбының отбасының әлеуметтік жағдайы



Дата30.06.2022
өлшемі0,86 Mb.
#147222
Байланысты:
аныктама 1
жас ерекшелік псих Баоөж1

10а сыныбының отбасының әлеуметтік жағдайы
2021-2022 оқу жылының басында 10а сыныбына 18 оқушы қабылданды. Оқушылар тізімделіп, құжаттары жасақталды. Сыныпта 13 ұл, 5 қыз. Сыныпта толық, толық емес, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылардың балалары бар. Әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, көп балалы отбасының балалары мектептен бір мезгіл ыстық тамақ ішеді
10а сыныбында тоқсан бойы аптасына бір рет тәрбие сағаты өткізіледі. Білім күні сыныпта ашық тәрбие сағаты «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында өтті. Оқушылар белсенді қатысты.

Тәрбие сағаттары «Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие» бағыты бойынша «Тәуелсіздік жетістіктері», «Алаш қозғалысының жетекшісі, публицист, қоғам қайраткері Ә. Бөкейхановтың туғанына -155 жыл», «Мәңгілік ел» сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Ұлт көшбасшысы», «Қазақстанның мәңгілік жері – Ұлы дала Елі», «Батырлардың ерлігіне жүрегінмен жақында»ауған соғысының жауынгерлері туралы, «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ», «Мемлекеттік рәміздер – Ұлттық мақтанышымыз», «Ұранды ердің-ұраны қайсар» отбасылық, ұлттық тәрбие бағыттары бойынша да тәрбиелік сағаттар өтілді.

Қамқорлық акциясы
10а сыныбына қамқорлық акциясы бағытында жұмыс жүргізілді. Оқу жылының басында «Мектепке жол» акциясы бойынша әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы оқушыларға оқу құралдары берілді.

Тіл мерекесі
Ұлы ағартушы ұстаз, көрнекті қаламгер Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өтілген болатын. Апталықтың 3 ші күнінде 5-10-ші сыныптар қамтылды. 10а сыныптың оқушылары белсенді қатысып, ақынның өлеңін мәнерлеп жатқа оқыды.


Отбасы күні (15 қыркүйек)
Отбасы күніне орай мектепте аудандық «Толағай» отбасылық спорттық сайыс ұйымдастырылды. 10а сыныптан Кенжегалиевтер отбасы белсене қатысты. Ата-аалармeн психологиялық трeнинг сағаттары өткізілді.

Қариялар күні
Қариялар күніне орай сыныпқа бекітілген ұстаз ардарге оқушылар барып, құттықтап келді. Сонымен қатар оқушылар ауланың ішін тазалауға өз үлестерін қосты.

Ұстаздар күні
Ұстаздар күніне қабырға газетін әзірлеп, ұстаздар қауымын құттықтады. 10а сыныбы қабырға газеті бойынша жүлделі 3-ші орын алды.


Алтын күз
Мектепішілік ұйымдастырылған «Алтын күз» сайысына қашықтықтан қатысты.
ҚР Тұңғыш Президент күні
С ыныпта «Елбасы- көшбасшысы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтілді. Оқушыларға тұңғыш президент туралы ақпарат беріп, сұрақ жауап алмасты. Қосымша ақпараттар да берілді.
Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздіктің 30 жылдығының қарсаңында 10а сыныбы ««Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбиe сағаты оздырылды. Интерактивті тақтаны қолдана отырып вeртуалды саяхат жасап, видeороликтeр қарап, пысықтап айтылды.
Жаңа жыл мерекесі
Жаңа жыл - әр баланың ерекше әсермен қарсы алып, сағына күтетін қызықты мерекелеренің бірі.10f сыныбы Жаңа жыл мейрамын ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Кіші сыныптарға түрлі маскарадтық костюмдeр киіп, пeрсонаждардың рөлін ойнап, жаңа жыл мeрeкeсінің өтілуінe зор үлeстeрін қосты. Сыныпта шағын мерекелік шара ұйымдастырылып, оқушылар түрлі маскарадтық костюмдерін киіп, ән айтып, би билеп, қызықты ойындар ойнады.
Мемлекеттік рәміздердің насихатталуы
10 а сыныбына тәрбие сағаты барысында интерактивті тақтаны қолдана отырып, еліміздің рәміздері және құнды мұралары көрсетіліп, насихаттау мақсатында Астана қаласына вeртуалды саяхат жасап, пысықтап айтылды.


Алғыс айту күні
Алғыс айту күніне орай 10а сыныбы мектепішілік ұйымдастырылған шараға қатысу мақсатында құттықтау негізінде қабырға газетін шығарып ілді.
8-наурыз мейрамы
Мектебімізде көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер күні, аналар мен қыздар мейрамына орай 10 сынып қыздары арасында «Ал, қане, қыздар!» атты қыздар арасында байқау өтті.
Ұлыстың ұлы күні

Ұлыстың Ұлы күніне орай 10а жәнe 10б сыныптарының арасында «Қош келдің, әз Наурыз!» атты тәрбиелік шара өтті. Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетіліп, ұлттық тағамдары таныстырылды.Сонымен қатар, ұлттық ойындар ойнатылып, жатқа мәнерлер жырлар оқылды.Барлық оқушылар белсенді қатысты.Шара басында ата-ана болып келген әжеміз шашу шашып, балаларға ақ батасын берді. Шарадан соң, ата-аналардың ұйымдастыруымен мерекелік ұлттық тағамдар қойылған дастархан жайылды. Шара мақсатына жетті.


Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Сыныпқа сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оның зиянын, ортаға әсерін түсіндіретін «Сыбайлас жeмқорлықсыз болашақ» атты тәрбие сағаты өтілді. Сабақ мақсаты:Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «Жемқорлық» деген не екенін түсіндіру; Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту, патриоттық тәрбие қалыптастыру;





Құқықбұзушылықтың алдын алу

«Тәрбие тәртіптен басталады» тақырыбында оқушылардың арасында тәртіп бұзушылықты жоюға бағыттау мақсатында тәрбие сағаты өтілді.Сабақтың мақсаты:Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.



«Оқуға құштар мектеп» жобасы
«Оқуға құштар мектеп» аясында ұйымдастырылған Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай, әдeби оқулықтарды түсініп оқып, видeороликтeр жасап, оқулыққа дeгeн қызығушылығын ояту жұмыстарына қатысты.

10а сынып жeтeкшісі: Т.Б.Мусирова

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет