11. Ұлттық салт дәстүрлік тәрбие ереклеігін айтып беріңіз. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі



бет4/8
Дата11.12.2022
өлшемі38,25 Kb.
#162310
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
11-15 АйданаБОӘ
Мәдене мұра, Вопрос 161, Дәріс GCP, GLP, новый год 2023 (1), новый год 2023 (1), Жана жылда жаңарған мінез, osh sor fizika emn 10-klass kaz, КЛАССИФИКАЦИЯ ПОЧВ. ПГР
Өзекті даму аймағы – баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары. Ал ересектермен ынтымақтаса істей алатыны — жақын даму аймағы. Мысалы, баланың сөйлей алуы – актуальды даму аймағы. Бұл жерде даму жүрмейді. Сондықтан бала мектепке келген бірінші күннен бастап «жақын даму аймағында», дәлірек айтсақ, баланың жазба тілін қалыптастыруға кірісу керек. Ол үшін алдымен жеңіл тапсырмалар беріледі. Мысалы, Ш. Амонашвили және оның мұғалімдері әріптер мен сөздерді белгілеуге Д.Б.Эльконин жасаған шартты белгілерді қолданады. Тақтаға сөйлем және оның астына шартты белгісі жазылады.
«Жақын даму аймағында» жұмыс істейтін В.Ф.Шаталов әлі өтпеген ережемен оқушыларға есеп шығартады. Е.Ильин оқушыларға мұғалімнің өзі біржақты жауап бере алмайтын сұрақтар қояды.
Сонымен жақын даму аймағы баланың ақыл-ой жұмысы басталар тұсы. Мұғалім мұнда оқушыға тапсырма, әдістемелік нұсқау береді, ізденуге бағыттайды, ізденістің бағдарламасын береді. Мұғалімнің жақын даму аймағындағы жұмысының тиімділігінің көрсеткіші – әр оқушының мұғалімнің көмегін алуға өзір тұруы.
Дамыта оқытуда мұғалім жақын даму аймағында жұмыс істеу керек. Ол оқушыға ақпараттар беруші, ынталандырушы, бейне туғызушы, баланың кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өзінің «жақын даму аймағы» бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды. Л.В.Занков жүйесі.
Оның тұжырымдамаларының дидактикалық принциптері: жж
• оқытуды түсінуге қиын етіп жүргізу;
• теориялық білімнің жетекші рөлі. Теорияны құрғақ жаттамай, ондағы мәнді байланыстарды, заңдылықтарды ашу;
• оқушының ізденуі. Мұғалімнің өзінің түсіндіруі – дамудың қауіпті жауы;
• оқу процесін оқушылардың сезуі. Оқушы өзін оқу іс-әрекетінің субъектісімін деп сезінеді. Материал қайткенде есімде жақсы қалады, жаңа не нерсе білдім, менің дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен өзім қалай өзгердім деген сұрақтарға жауап береді;
• барлық оқушыларды дамыту үшін жүйелі түрде жұмыс істеу. Қабілетке қарай бөлуге жол берілмейді. Бала басқа балалармен ынтымақта дамиды.
Бұл принциптер Б.Тұрғынбаеваның зерттеуінде толығырақ түсіндірілген.
Л.В.Занков өз экспериментінде оқушылардың психологиясын зерттеу әдістерін кең қолданды.
Занков жүйесінің басты міндеті – баланың жалпы психикасын дамыту еді. Оғанақыл, ой, ерік-жігер, сезіменді. Осыларды дамыту білім, іскерлік дағдыларды түсініп, есте саңтаудық сенімді негізі деп саналды. Оның түсінігінде бала өзінің қызығатын нәөрсесі, талап-тілегі бар, мектепке тек білім алу үшін ғана емес, баңытты өмір сүру үшін келетін жеке тұлға
Л.В. Занков жүйесінде бастауыштағы білім мазмұны бай. Ғылым, әдебиет, өнер туындыларынан білім беріледі. Оқу жоспарында география, жаратылыстану бар. Орыс тілі, оқу кітабы, математика, еңбек, эстетикалық бағыттағы пәндерінің мазмұны толықтырылған. Оқушыларды дамытатын дұрыс жазуға дағдылану, санау, оқу, бейнелеу өнері, өнер шығармаларымен жұмыс, қолмен жұмыс істеуге үйрену. Л.В.Занков жүйесінде экскурсия кезінде алынатын білімнің үлес салмағы көп.
Дәстүрлі оқытуда баға басты рөл атқарады. Л.В. Занков сыныптарында балаларға баға қойылмайды. Баға жазба жұмыстарының қорытындылары бойынша шығарылады. Нәтижесінде балаларкім «озат», кім «үлгермеуші» екенінбілмейді. Л.В.Занковтың дидактикалық жүйесінде шынайы жағымды эмоциялар көп, мұғалім мен оқушылар арасында татулық бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет