11-тәжірбиелік жұмыс Ұлы отан соғысының басталуы


Қазақстан аумағына халықтарды күштеп қоныс аудару саясаты



бет3/3
Дата18.02.2023
өлшемі21,46 Kb.
#169251
1   2   3
Байланысты:
Қазақстан тарих 11 тәж жұмыс
Қазақстан тарих 9 тәж тапсырма, Қазақстан тарихы 10 тәжірбиелк жұмыс
4. Қазақстан аумағына халықтарды күштеп қоныс аудару саясаты.
КСРО-дағы жаппай қуғын-сүрпн жылдарында 3 млн астам адам жер аударылды. «Сенімсіз халықтар» қоныстанған арнайы аудандар - солтүстік облыстар, Сібір, Орал, Орта Азия және Қазақ жері болды. Бұл халықтардың ең көп белігі Қазақжері мен Сібірге қоныстандырылды. Қазақстан Республи-касының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халықтары ассамблеясының IV сессиясында жасаған баяндамасында жер аударылғандардың санының 1 миллион 200 мың екендігі туралы дерек келтірді.
Қазақ жеріне немістердің 38%-ы, шешен мен ингуштардың 83%-ы, кәрістөрдің59%-ы, балқарлардың55%-ы, қарашайлардың 58%-ы, гректердің 76%-ы, курдтардың 62%-ы күшпен қоныс аударылды. Қоныстанушылар іс жүзінде Қазақстанның барлық облыстарына орналастырылды және ІІХК-нің мынадай нұсқауларын орындады: «құпия тапсырмалар бойынша шет мем-лекеттің агенттерімен байланыс жасамау үшін «сенімсіз халықтарды» ше-гаралық аймақтарға орналастырмау»; «қашып кетпес үшін теміржолдардан алыс жерлерге орналастыру»; «бақылауға ыңғайлы болу үшін топтарымен орналастыру». Сонымен бірге олар әрдайым комендатураға барып, белп-леніп тұруы тиіс болды.
Күштеп қоныстандырудың зардабы өлшеусіз еді, оны басынан еткізген-дер ешқашан ұмытпайды. Бұрын емір сүрген жерлерінде олар барлықдүние-мүлкін тастауға мәжбүр болды. Жүздеген мың «сенімсіз халықтарды», оның ішінде қарттар, әйелдер мен балаларды мал таситын немесе тауар таси-тын вагондармен әкелді. Егер жауапты адамдарға болмашы ғана наразы-лық білдірген жағдайда, сол жерде, тіпті пойыз жүріп келе жатып немесе аялдаған жерде, жазалайтын болған. Қазақстанда қоныстанушылар клубтар-ға, бос қалған мешіттерге, ат қораларға, шошқа қораларға, қоймаларға ор-наластырылып, мұндай орындар да жетпей қалғандары ашық аспан астын-да өздеріне жертөлелер қазып алды. Қоныстанушылар арасында эпидемия-лық жұқпалы аурулар - іш аурулары, қызылша, дизентерия кең тарап, оба және тырысқақ аурулары, бит басу күшеиіп кетті.
Климаттың күрт ауысуы, өте ауыр тұрмыс жағдайы, нашар тамақтану, антисанитарлық жағдайда емір сұру қоныс аударушылар арасындағы өлімді кебейтіл жіберді. Бұл женінде ІІХК-ның қызметкерлерінің қүпия мәліметтерін­де: «Мұндай жағдайға жеткізуге болмайды, бұл - қылмыс», - деп жазған, Мұндай жағдайды жылқылар да көтере алмаған, сол себепті ІІХК қызметкер-лері жұмыс істеу үшін әлдеқайда төзімді өпздерді жіберулерін сұраған* Де-портациялық саясаттың қатал жағдайында Қазақжеріне ешбір дүние-мүліксіз көшіп келген халықтардың жан сақтауы тек қазақ халқының туысқандық көмегінің арқасында ғана мүмкін болды, Қазақ халқы аштық нәубеті мен сая-си қуғын-сүрпн қасіретін басынан еткерсе де, басын қауіп-қатерге тіге оты-рып, қолындағы соңғы нанымен бөлісіп, тағдыр тәлкепне түскен халықтарға ең қиын сәттерде қол ұшын беріп, баға жетпес көмек көрсетті.
Зорлықпен кешірілген халықтар қилы заманда Қазақ өлкесінен пана тауып қана қойған жоқ, бастарынан қиыншылықтарды бастан өткізе отырып, өздері және ұрпақтары үшін екінші Отанын тапты. Олар ездерінің ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалды, кепұлтты Қазақ өлкесінен өзіне лайыкты орын табылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет