11 зертханалық жұмыс Тақырыбы: ms dos ож-нің файлдармен және каталогтармен жұмыс істеуге арналған командаларын қолдану



бет1/3
Дата21.02.2023
өлшемі26,5 Kb.
#169691
  1   2   3
Байланысты:
11 зертханалы ж мыс Та ырыбы ms dos ож-ні файлдармен ж не ката
1256 TU PARAMETLERI KAZ, 9 Ә қозғалыс есебі жаз айы бойынша, 9 Ә қозғалыс есебі жаз айы бойынша, эЛЕКТРОХИМИЯ, Диссертационная работа на соискание степени доктора философии (PhD) Титанова Ж.Е

11 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: MS DOS ОЖ-нің файлдармен және каталогтармен жұмыс істеуге арналған командаларын қолдану
Мақсаты: MS DOS ОЖ-нің файлдармен және каталогтармен жұмыс істеуге арналған командаларын қолдануды меңгеру.
Әдістемелік нұсқау:

  1. MS DOS ОЖ-нің каталогтармен жұмыс істеуге арналған командалары.

  2. MS DOS ОЖ-нің файлдармен жұмыс істеуге арналған командалары.

  3. MS DOS ОЖ-нің дисктермен жұмыс істеу командалары (MS-DOS утилиттері: пішімдеу, дискіні оңтайландыру, жүйелік диск құру).

Жұмыстың орындалу тәртібі:

  1. Зертханалық жұмыс мақсатымен танысу;

  2. Теориялық мәліметтерді меңгеру.

  3. Жеке тапсырмаларды орындау.

  4. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

  5. Орындаған жұмыс туралы жазбаша есеп беру.



Теориялық мәліметтер
MS DOS ОЖ-нің каталогтармен жұмыс істеуге арналған командалары

  • каталог құру: C:\>MD urok – Enter пернесін басу;

  • каталог өшіру: C:\>RD urok – Enter пернесін басу;

  • каталог мазмұнын көру: C:\>DIR – Enter пернесін басу;

  • ағымдағы каталогты өзгерту: C:\>CD urok – Enter пернесін басу (C:\urok> (C дискісіндегі urok каталогының іші);

  • түбір каталогқа өту жолы: C:\urok>CD... – Enter пернесін басу (C:\> (C дискісі – түбір каталог);

  • диск каталогының тізімін көрсету: C:\>TREE C: / F – Enter пернесін басу.

MS DOS ОЖ-нің файлдармен жұмыс істеуге арналған командалары

  • мәтіндік файлдар құру: C:\>COPY CON (файл атауы) – осы команданы енгізгеннен кейін файл жолдарын кезекпен теріп енгізу керек. Әр жолдың соңында Enter пернесін басып, соңғы жолды енгізгеннен кейін F6 (немесе Ctrl +Z), содан кейін Enter пернелерін басу керек. Көрсетілген атауы бар файл дискіде пайда болады;

  • файлды көшіру: C:\>COPY C:\lesson urok (lesson файлын түбір каталогтан түбір каталогтағы urok каталогына көшіру);

  • файлды өшіру: C:\>DEL less – Enter пернесін басу;

  • файл атауын өзгерту: C:\>REN lesson conon – Enter пернесін басу (өзгертілген файл – conon);

  • файлды экранға шығару: TYPE мысалы: C:\>TYPE prim.1 – Enter пернесін басу;

  • біріктіру (файлдарды бір файлға біріктіру): COPY 1-ші файлдың толық атауы + 2-ші файлдың толық атауы_ 3-ші файлдың толық атауы – Enter пернесін басу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет