12 Практикалық жұмыс Органикалық қосылыстарды масс спектрометрия әдісімен идентификациялау


Масс-спектрометрдің жұмыс істеу принципі



бет2/4
Дата23.05.2020
өлшемі20,38 Kb.
#70687
1   2   3   4
Байланысты:
12 Практикалық жұмыс АЗӘ
4 (11). Komekshi qural, Әлем музыка жаңа 3, през по биомат
Масс-спектрометрдің жұмыс істеу принципі. Ион тоғы әлектр әдістермен тіркелсе, құрал масс-спектрометр деп аталады, ал фотопластинкамен тіркелсе – масс-спектрограф деп аталады. Бірақ мұндай бөлу шартты, себебі тіркеу әдісінің екеуі де бір құралда қатар келуі мүмкін. Масс-спектрометрдің түрі өте көп, бірақ бәрінің де негізі бөліктері бірдей (46-сурет).

Заттың пробасы масс-спектрометрге әдетте енгізу жүйесі (ЕЖ) арқылы кіргізіледі, осы жүйеде үлгі көп жағдайда буланады (пробаны енгізудің басқа әдістері де бар). Алынған бу ион көзіне ИК жіберіледі, осы жерде нейтралды атомдар мен молекулалардан зарядталған бөлшектер түзіледі (әдетте оң зарядты бөлшектер), содан кейін олар ион шоғырына айналдырылады. Осы шоғыр масс-анализаторда (МА) кеңістікте немесе уақыт бойынша құраушыларына бөлінеді. Құраушылар бір біріне ион массаларының зарядына қатынасы бойынша айырылады. Соңында, ион тоғының компоненттері кезекпен ион қабылдағышына (ИҚ) жетіп, коллекторға түседі. Алынған тоқтар күшейтіледі де кейбір тіркегішпен (Т) өлшенеді. Өлшеудің нәтижесі қолдан немесе ӘЕМ арқылы есептеледі. Вакуум жүйесі (ВЖ) масс-спектрометрде жоғары вакуум ( <10-5 Па) сақтайды (енгізу жүйесінде вакуум ~10 кПа болуы мүмкін).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет