12 Практикалық жұмыс Органикалық қосылыстарды масс спектрометрия әдісімен идентификациялау


Масс-спектрометрдегі сапалық және сандық талдау әдістері



бет4/4
Дата23.05.2020
өлшемі20,38 Kb.
#70687
1   2   3   4
Байланысты:
12 Практикалық жұмыс АЗӘ
4 (11). Komekshi qural, Әлем музыка жаңа 3, през по биомат
Масс-спектрометрдегі сапалық және сандық талдау әдістері

Заттарды идентификациялау әдістері. Анорганикалық қосылыстарды идентификациялау үшін барлық иондардың m/e анықтаса жеткілікті, ол изотоптардың белгілі таралуына сәйкес иондардың элементтік құрамын және валенттілігін ескеретін қосылыстың құрылымын анықтауға мүмкіндік береді. Көбінесе идентификациялау басқа заттардың қоспасымен қиындатылмайды. Бірақ органикалық қосылыстарды идентификациялағанда элементтік құрамын анықтаумен қатар, изомерияның болуы әсерінен олардың құрылымын да анықтау қажет. Бұл өте күрделі мәселе, сондықтан оны шешу үшін басқа физикалық әдістерді қолдану, сонымен қатар талданатын қоспаны алдын-ала компоненттерге бөлу қажет.

Масс-спектрометр қарастырылатын сызықтардың спектрлерінің массасының зарядына қатынасы, массасы белгілі ионардың салыстырмалы мөлшері және осы иондардың түзілу жолдары туралы ақпаратты береді. Шешу қабілеті жоғары аспаптарды қолдану массалар ионын дәл табуға, изотоптардың мәні бүтін сан болмағандықтан, олардың элементтік құрамын анықтауға мүмкіндік береді. Төменде органикалық қосылыстарды идентификациялаудың негізгі принциптері келтіріледі.

Қазіргі кезде құрылымы белгілі кесте және график түріндегі он мыңдаған қосылыстардың масс-спектрлері белгілі. Егер жеке зат түрінде бөлінген талданатын қоспаның масс-спектрі алынса, онда есеп белгілі кестедегі мәнімен салыстырылу арқылы шығарылады. Жаңа масс-спектрометрия әдісінде зерттелетін масс-спектрлерді кітапханаларда белгілі спектрлермен салыстыру жұмыстары ӘЕМ көмегімен қарапайым программа бойынша жасалады. Масс-спектрлердің арнайы каталогтары басылым көрген, олардың көмегімен қойылған есепті қарапайым түрде есептеуге болады.

Егер талданатын жеке зат қосылыстың қайсы класына жататыны белгілі болса, онда алынатын масс-спектрлер бойынша идентификациялаудың арнайы сызбасын жасауға болады. Әдебиеттерде моно- және полиалкилбензолдар, әмпирикалық формуласы

СnH2n-8 көмірсутектер, алкилфенолдар, галоидты ароматтық көмірсутектер, кетондар, альдегидтер, изороданидтер, құрамында азоты бар гетероциклдық заттар, полисахаридтер, аминосахаридтер және тағы басқа қосылыстар үшін сызбаларды табуға болады.
Тапсырма

1. Анализаторлар (талдауыштар) Динамикалық масс-талдауыштар



2. СОӨЖ: Масс-спектрометрияны заттарды идентификациялау үшін қолдану. Молекулалық иондарды тану.

3. Масс-спектрометрияны қолдану

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет