12 сәуір- дүниежүзілік авиация мен ғарыштану күні және Қазақстанның Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында



бет1/5
Дата06.02.2022
өлшемі50 Kb.
#75920
  1   2   3   4   5
Байланысты:
12 апрель космонавтика Ф-12


12 сәуір- Дүниежүзілік авиация мен ғарыштану күні және Қазақстанның Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында (11.04.2014) ұйымдастырылған "Физика және математика" кафедрасының ашық есік күні аясында өткізілген "Ғарышта самға Адамзат!" атты іс шараның өткізілгендігі туралы
АНЫҚТАМА
Мерекелік іс-шараны ұйымдастырушы Ф-12-1 оқу тобының студенттері мен топ кураторы Алмағамбетова А. Іс шараға М.Мәметова атындағы Қызылорда Педагогикалық коледжінің оқытушылары, студенттері мен қала мектептерінің мұғалімдері, оқушылары шақырылды.
Кеш ҚМУ-дің № 6 ғимаратындағы оқу залында өткізілді.
Өткізілген іс шараға кітапхан ұжымы да ат салысып, кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кешті гуманитарлы-педагогикалық университеттің директоры ф.-м.ғ.д., проф. Абдикаримов Б.Ж. ашты. Проф Абдикаримрв Б.Ж. келген қонақтарға университетіміздің өткені мен бүгінгі қол жеткізген жетістіктері туралы айта келіп бітіруші студенттер мен оқушыларды Қорқыт Ата атындағы университетіне оқуға шақырды.
Кафедра меңгерушісі т.ғ.к. Б.Калиев, Б. Турбаев, С.Меңліқожаевалар сөз алып "физика", "математика", "информатика" мамандықтарының бүгінгі күні қоғамдағы сұранысы туралы сөз қозғады.
Іс шара Ф-12-1 оқу тобының студенттерінің ұйымдастыруымен дайындалған музыкалық қойылыммен жалғасты (Кешітң өткізілу жоспары қоса тігілген).
Кеш соңында кафедра меңгерушісі Қалие Б.Қ. келген қонақтарды "Физика және математика" кафедрасының тарихымен және кафедраның материалдық-техникалық базасымен таныстыстырды.
Іс шараның өткендігі туралы университеттің жаңалықтар сайтында хабарлама берілді.

Кафедра меңгерушісі: т.ғ.к., проф. Калиев Б.


Аға тәлімгер: п.ғ.к., доцент


Меңліқожаева С.

Топ тәлімгері: п.ғ.к., аға оқытушы


Алмағамбетова А.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет