12 сәуір- дүниежүзілік авиация мен ғарыштану күні және Қазақстанның Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында



бет5/5
Дата06.02.2022
өлшемі50 Kb.
#75920
1   2   3   4   5
Байланысты:
12 апрель космонавтика Ф-12

Меруерт:Самға ұшқыш
Қазақтың көмегімен
Берерімді еліме беріп өтем
Мынау алып аққұстың қанатымен
Кең өлкеме кетейін сеуіп өлең
Келесі Айбектің орындауында «Қазақ елі» деп аталатын ән:
Қыдырәлі:Уа жұртым тыңдандар
Көптен қалып қалмаңдар
Патшалықтың әр саласы
Мына ортада тұрғандар!
деп келесі кезекті сіздердің білімдеріңізді сынау үшін келесі бейне сұраққа қатысуларыңызды сұраймын (Топ студенттері алдын-ала даярлаған физикалық бейнесұрақтарға жауап беру. Бейнесұрақтарға дұрыс жауап берген қонақтарға арнайы сыйлық ұсынылады.)
Меруерт: Біз жалынды жастармыз! Біз жан-жақтымыз. Алдарыңызда Ф-12-1 тобының жастары. Жастар биі (флеш моб), Көңілді тапқырлар клубының әзілдерін қабыл алыңыздар!
(Топ студенттерінен құрылған КВН командасы флеш моб және өздерінің ұтымды әзілдерін ортаға салады)
Қыдырәлі:Физик, ғалым астрономдар өтіпті
Кремниймен көпке самғап жетіпті
Табиғаттың аясында тербеліп
Даналығын мұра етіп кетіпті
Келесі сөз кезегін қонақтарға сөз береміз!
Сөз М.Мәметова атындағы Қызылорда Педагогикалық коледжінің оқытушыларына, студенттеріне, мектеп оқушыларына беріледі.
Меруерт: Қыдырәлі біз осындай үлкен, болашағы зор университетімізде атақты, білімді білікті ұстаздарымызбен мақтама аламыз. Осыған орай ұстаздарымызға арналған әзілге кезек берейік (Кафедра ұстаздарының аттары жазылған ребусты шешу. Ребустың дұрыс шешімін тапқан қонақтарға арнайы сыйлықтар беріледі)
Қыдырәлі:Физика ғылым болғаны
Пайдасын елге тигізді
Машина,темір арбаны
Алысқа жылдам жүргізді
Жол салып, көкті тігіліп
Шарлады Айды, Марсты
Физиканы оқы білгің кеп
Тұрса егер ғажап, алыста
Меруерт: Біздің өз қатарымызда жүрген жастар ұлағатты ұстаздардан білім мен тәрбие алып, білім мұхитында еркін жүзуде! Біздің ұстаздарымыздың қайсысын алсақ та өнерге бай! Біздің студенттер де жан-жақты! Біздің арамызда биші де, күйші де, әнші де, суретші де табылады! Қысқасын айтқанда біздің бойымыздан барлық өнер табылады! Бізде ақындар да көп! Ендігі кезекті осындай өнерлі студенттердің бірі Ф-10-1 оқу тобының студенті Барыды шақырамыз! Өзінің өлеңін оқып берсін! (Ф-10-1 оқу тобының студенті Мүсіркепов (Батыр өзінің "Жастық шақ" деп аталатын өлеңін оқиды)
Қыдырәлі:Ойнайық,ойлайық та ойнайық!
Қатардан артта қалып қоймайық
Белсенді болайық ортада
Уақытты тектен текке жоймайық
Ойнайық, ойлайық та ойнайық!
Білімділік көрсетелік сынайық
Жеңсе де, жеңбесе де ренішсіз болайық
Қаймықпай көңілді боп тарайық
(Топ старостасы Жұлдызайдың ұйымдастыруымен «Қызықты физика» сұрақ-жауап сайысы. Сұрақтардың дұрыс шешімін тапқан студенттер мен қонақтарға арнайы сыйлықтар беріледі)
Меруерт:Айтыс өнері қазақтың қанына, жанына біткен өнер. Бүгінгі біздің кешімізге қазақ халқының көзайымына айналған екі айтыскер ақынымыз Балғынбек пен Айнұр келіп отыр. Қол соғып қошаметтеп қояйық. Бүгінгі айтыстың ерекшелігі Балғынбек «электр» ал Айнұр «механика» болып айтысады. Айтысты тамашалайық ағайын!!! (Балғынбектің рөлін Пірімжарова Құралай, Айнұрдың рөлін Төребек Динара сомдайды)
Ендігі кезекті КВН командасының бейнеролигін тамашалайық!
(ГПИ студенттерінің "Студенттік көктем" мерекесінде жүлделі орын алған бейнероликтері тамашаланады)
Қыдырәлі: Қандай қиын күресте өткен күндерің,
Тағдырыңның айлағы боп тұр жерің.
Ол сенімен,
Сен онымен мәңгіліксің ұдайы!

Кеш институттың ұранына айналған «Физмат» әнімен жабылады.


Кеш соңында кафедра меңгерушісі Қалие Б.Қ. келген қонақтарды "Физика және математика" кафедрасының тарихымен және кафедраның материалдық-техникалық базасымен таныстыстыру жоспарланған.



Топ тәлімгері: Алмағамбетова А.А.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет