12 Тақырып Қарыз қаражаттарын тарту саясаты



бет2/3
Дата17.11.2023
өлшемі32,46 Kb.
#191955
1   2   3
Байланысты:
Лекция 12
S
Уфл=
Мұндағы , TNIтаза пайданыңөзгеруқарқыны, %.
NGI – жалпытабыстыңөзгеруқарқыны, %.
Бұлформуланыөзгертеотырып , мынадайтүргекелтіругеболады:
Уфл=

Мұндағы , In – ссудажәнезаимдарбойыншапайыздар.


GI – жалпы табыс сомасы.


Уфлкоэффициенті жалпы табыс салық салынатын пайдадан қанша есе үлкен екенін көрсетеді.
Коэффициенттің төменгі шегі 1-ге тең. Кәсіпорындардың тартылған қаражаттарының салыстырмалы көлемі жоғары болған сайын леверидж деңгейі де жоғары болады.
Қаржылық леверидж санаты мен қаржылық тәуекел түсінігі байланысты. Қаржылық тәуекел – бұл ұзақ мерзімді қарыздар бойынша пайыздарды төлеу үшін қаражаттардың жетпеуі мүмкіндігі мен байланысты тәуекел. Қаржылық леверидждің өсуі аталған кәсіпорындардың тәуекел дәрежесінің өсуімен бірге жүреді.
3 Қаржылық леверидж эффектісінің қалыптасу негізі
Пайда – ең қарапайым, сонымен қатар ең күрделі экономикалық категория. Ол мемлекеттің қазіргі жағдайларға сай экономикалық дамуы жағдайында және шаруашылық субъектілерінің дербестіктерінің қалыптасуы жағдайында жаңа құрамға немесе мазмұнға ие болды. Нарықтық экономиканың негізгі қозғаушы күші болып табылатын пайда – мемлекеттің, меншік иелерінің және кәсіпорын персоналының мүдделерін қамтамасыз етеді. Сондықтан да қазіргі кездегі ең актуальды мәселе болып – басқарушылардың және қаржы менеджерлерінің кәсіпорынның өндірістік, инвестициялық және қаржылық қызмет ету процесіндегі қазіргі заманға сай пайданы қалыптастыру бойынша тиімді басқару әдістерін игеру табылады.
Пайданы қалыптастыруды тиімді және сауатты басқару осындай басқаруды ұйымдастырушылық-методологиялық жүйелермен қамтамасыз ету керек. Оларға – пайданы қалыптастырудың негізгі механизмдерін білу, оған анализ жасау және жоспарлау үшін қазіргі кездегі әдістерді қолдану жатады. Бұл мәселелерді жүзеге асырудың ең басты механизмдерінің бірі болып – қаржылық леверидж табылады.
Қаржылық леверидж – кәсіпорынның меншікті капиталының рентабельділік коэффициентінің көлеміне әсер ететін заемдық қаражаттарды қолдануы. Қаржылық леверидж объективті фактор болып табылады, ол меншікті капиталға қосымша пайда алуға мүмкіндік беретін кәсіпорынмен заемдық қаражаттардың көлемі арқылы анықталады.
Заемдық қаражаттарды әр түрлі үлесте пайдалануға байланысты меншікті капиталға қосымша генерацияланатын пайданың деңгейін сипаттайтын көрсеткіш – қаржылық леверидж эффектісі деп аталады.
Егер кәсіпорынның активтерінің барлығы түгелімен меншікті қаражаттар есебінен қалыптасса, онда меншікті қаражаттар рентабельділігі активтер рентабельділігіне тең болады. «Бірақ, заемдық қаражаттарды тартпау дұрыс па?» деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін, ең бастысы экономикалық рентабельділікті заемдық қаражаттар құнымен салыстыру керек. Егер экономикалық рентабельділік заемдық қаражаттар бағасынан жоғары болса, онда кәсіпорын оларды тарту арқылы қосымша пайда алуы мүмкін.
Қаржылық леверидж эффектісінің мағынасы – заемдық қаражаттарды тарту арқылы меншікті капитал рентабельділігінің жоғарылауы немесе төмендеуі.
Қаржылық леверидж эффектісінің мағынасы – заемдық қаражаттарды тарту арқылы меншікті капитал рентабельділігінің жоғарылауы немесе төмендеуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет