Қазақ халқының рухани көсемі – Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына шолу



Дата14.03.2022
өлшемі0,51 Mb.
#135565
Байланысты:
Қазақ халқының рухани көсемі – Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына шолу
ф

№ 7 мектеп -лицейі
Қазақ халқының рухани көсемі – Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына шолу


Орындаған: Әліш Ақәділ
Сыныбы: 9 «А»
2022 жыл
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім

  • Өмірбаяны

  • Ахмет Байтұрсынұлы туралы 10 дерек

  • Шығармашылық жолы

  • Қоғам қайраткері және ағартушы – Ахмет

  • Ғалымдардың айтқан ой – пікірлері

  • Қорытынды , ой-түйін

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

  • Ахмет Байтұрсынұлы -Ұлттың ұлы ұстазы

  • Ағартушы-ұстаз

  • Тілші-ғалым

  • Аудармашы

  • Ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы.

  • Ахмет Байтұрсынов өз халқың сүйген патриот адам

Ахмет Байтұрсынұлы - 1872 жылы 5 қыркүйекте Торғай уезінің – қазіргі Қостанай облысы,Тосын болысы, Ақкөл ауылында дүниеге келген. Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.
Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

"Мен Торғай уезінің Тосын болысындағы №5 ауыл қазағының баласымын. 1886-1891 жылдары екі кластық Торғай училещесінде оқыдым.1891- 1895 жж.Орынборда оқыдым. 1895 жылдан Торғайдың әр жерінде, бастауыш училищелерде, мектептерде жұмыс істедім",- деп жазған екен.


Ахметтің 13 жасында оның әкесі Байтұрсын ауылына келіп, зорлық- зомбылық көрсеткен уезд бастығын сабап, 15 жылға бас бостандығынан айырылып, Сібірге қаторгалық жұмысқа айдалады.Осы оқиға Ахметтің ертерек күрес жолына түсуіне себеп болады.
Ахмет Байтұрсынұлы туралы 10 дерек
1. Ахмет Байтұрсынұлының азан шақырып атын қойған – атасы Шошақ. 
2. Ол А. Пушкин, М. Лермонтов, Ф. Вольтер, С. Надсон өлеңдерін қазақшаға аударды.
3. Орынбор, Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді.
4. Ғалымның алғашқы кітабы – «Қырық мысал» 1909 жылы, ал екінші кітабы «Маса» 1911 жарық көрді.
5. А.Байтұрсынұлының есімімен аталатын Тіл білімі институты, Қостанай мемлекеттік университеті бар.
6. Байтұрсынұлының хоббиі – қолына фотокамера ұстап, өз дәуірінің сан алуан қайталанбас тылсым сәтін қаз-қалпында суретке тарту болған екен. 
7. 1910 жылы сенімді серіктері Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлымен бірігіп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарған. 
8. 1918-19 жж. Алашорда қатарында болды.
9. Ғалым ұстаз Алматыда 3 жерде тұрған: қазір аэровокзал тұрған Қаскелең көшесі (қазіргі Чайковский көшесі), Красин көшесі (қазір Уәлиханов көшесі) және Космонавт көшесіндегі 60 үй. 
10. 1929 жылдың маусымында, Ахмет Байтұрсынұлы Қызылордаға барған сапарында тұтқындалып, Архангельск облысына жер аударылды. 1937 жылдың қазан айында қайтадан тұтқындалып, екі айдан соң «халық жауы» деген айыппен атылады. 


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет