14-тақырып: «Оқушы жастардың дене тәрбиесі» Ж. О. О дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері, оларды ұйымдастыру


Кәсіптік техникалық училищелерде дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру



бет5/5
Дата22.06.2020
өлшемі60,5 Kb.
#74252
1   2   3   4   5
Байланысты:
45455833530829 14ФИЗРА
solutions1
5. Кәсіптік техникалық училищелерде дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру.

Жоғарғы дәрежелі кәсіптік жұмысшылар дайындайтын кәсіптік техникалық училищелер өздерінің оқу жұмыстарын бағдарлама, оқу жоспары бойынша атқарады. Оқу пәндерінің бірі дене тәрбиесі сабақтары.

Кәсіптік техникалық училищенің дене тәрбиесінің міндеттері

1)жан-жақты дене қуаты дайындығын қамтамасыз ету.

2) денсаулықтарын нығайту, қимыл қозғалыс көлемін ұлғайту, жұмыс қабілеттелігін жоғарлату

3)келешек мамандыққа қажет теориялық ақпараттарды, дене қуаты қасиеттерің, қимыл ептілігін мен дағдысын қалыптастыру.

4) оқушылардың тұрақты дене жаттығулармен айналысуға тәрбиелеу.

Кәсіптік техникалық ущилищелердің барлық дене тәрбиесі жұмыстары Қазақстан мемлекетінің Білім және ғылым министірлігі бекіткен жоғарғы және орта кәсіптік техникалық училищелерінің оқушыларының дене тәрбиесіне арналған оқу бағдарламалары бойынша жүргізіледі.

Кәсіптік техникалық училищенің дене тәрбиесі бағдарламасының оқу материалдары негізгі: теориялық және іс-тәжірибелік бөлімдерге бөлінген.

Теориялық материалдар, теориялық және іс-тәжірибелік сабақтарда оқушыларға дәріс, әңгіме, хабарлау түрлерінде беріледі. Ол негізінен дене тәрбиесі және спорт туралы мағлұматтар болып келеді.



Іс-тәжірибелік материалдар дене тәрбиесінің негізгі амалдары: гимнастика, жеңіл атлетика, спорттық ойындар, суға жүзу, шаңғы дайындығы, спорт түрлері мен әртүрлі орындау керек керек дене тәрбиесі жаттығулар әр мамандықтың талаптарына байланысты ұсынылған.

Оқу күн тәртібінде сабаққа дейінгі гимнастика, сергектік сәттері, кіріспе гимнастика және «спорт сағаты» жүргізіледі. Сабақтан тыс уақыттарда спорт түрлерінен жаттықтыру сабақтары, жарыстар, көпшілік спорт жұмыстары, президенттік сынама сынақтарына дайындық жұмыстары жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет