14-тақырып: «Оқушы жастардың дене тәрбиесі» Ж. О. О дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері, оларды ұйымдастыру


Ж.О.О дене тәрбиесі кафедрасы мен спорт клубының жұмыстары



бет3/5
Дата22.06.2020
өлшемі60,5 Kb.
#74252
1   2   3   4   5
Байланысты:
45455833530829 14ФИЗРА
solutions1
3. Ж.О.О дене тәрбиесі кафедрасы мен спорт клубының жұмыстары. Дене тәрбиесі кафедрасы оқу сабақтары түрлеріне, сабақтың бағдарлама, оқу жоспары, кестесі арқылы өтуіне жауап береді. Жоғарғы оқу орнының факультеттерімен оқу жоспары негізінде оқу кестесін құрастыру, сабақ өткізілетін спорт залдарын белгілеу, сабақтың дұрыс жүргізілуін, оқу топтарының уақытында сынақ тапсыруларын қадағалау дене тәрбиесі кафедрасының міндеті. Өз бетімен жаттықтыру түрлерін, көпшілік-сауықтыру және спорттық шаралар түрлерін спорт клуб, дене тәрбиесі кафедрасының оқытушыларымен біріге тізе қосып жүргізеді. Спорт клуб төрағалығына белсенді, спорттық жаттықтыру, жарыс өткізу үрдісін, спорт түрлерінен разрядтар, атақтар беру ережесі мен тәртібін жақсы білетін дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы сайланады. Жарыстарды өткізу, марапаттау, спорт түрлерінен разрядтар, атақтар беру, Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы жарыстарға құрама команда дайындау, жарыстарға апару оқу орнының спорт клубының міндетіне жатады. Кафедра оқытушыларының ғылыми-әдістемелік жұмысқа дайындық деңгейін көтеру, 2016-2019 жж. арналған «Білім беруді және ғылымды дамытудың бағдарламасы» талаптарын орындау, колледж түлектерінің бірнеше мамандық алып шығуларына, үш тілді меңгерулеріне мүмкіндік жасау, тереңдетілген шет тілі мен арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды ұйымдастыру, электрондық оқыту (е-leaning) жағдайында кафедра оқытушыларының жұмысын жетілдіру

· Кәсіптік стандарттар талаптарына сәйкес бәсекеге қабілетті дене тәрбиесі және спорт мамандарын даярлау, оқытушылар мен студенттердің тұлғалық және кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге жағдай жасау;

· Жаңа педагогикалық технологияларды, пәндердің интеграциясын, кадрлардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау, білім мазмұны ақпараттандыру жағдайына мамандар дайындауда электрондық әдістемелік жүйе құрып, қашықтан оқыту технологияларын оқу – тәрбие үрдісіне енгізуді жалғастырып білім сапасын арттыру.

Кафедра оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру және іс- әрекетін жандандыру, өзін-өзі бағалау жұмысын жүйелеу. Педагогикалық менеджмент негіздерін оқу-тәрбие үрдісіне енгізу; электрондық оқытуды басқару мен бақылаудың автоматтандырылған жүйесін жетілдіру;

Оқытушылар мен студенттердің теория мен практикалық, ғылыми-әдістемелік, шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру.

· Оқу-тәрбие үрдісіне студенттерді этномәдени құндылықтар арқылы қазақстандық патриотизмге, ынтымақтастыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

· Курстық жұмыстардың теориялық мазмұнын және практикалық сапасын арттыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет