Конституциялық құқық. Дәрістер кешені (2)



Дата12.05.2022
өлшемі134,96 Kb.
#142981
Байланысты:
Конституциялық құқық. Дәрістер кешені (2)
ккзт, Семинар сабақтарының тақырыптары және әдістемелік нұсқаулар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-әдістемелік кешені
Мамандығы: – «Құқықтану»
Шифр: 6В04205


Пән: Конституциялық құқық

4. Дәрістің қысқаша мазмұны

Тақырып 1. Конституциялық құқық - ұлттық құқықтың жетекшi саласы - 1 апта, 1 сағат.




Мақсаты: ҚР конституциялық құқығын құқық саласы ретінде ашып, ұлттық құқық жүйесінде алатын орнын көрсету, конституциялық құқықтың нормалары мен қатынастарын талдау
Негізгі терминдер: конституциялық құқық, құқық саласы, конституциялық құқықтың норма, конституциялық құқықтық қатынас, конституциялық құқықтың қайнар көзі, реттеу пәні, реттеу тәсілі, нормативтік құқықтық акт, конституция, заң, жарлық, қаулы
Жоспар:
1. құқық саласы ретiнде Конституциялық құқықтың ұғымы, пәнi және тәсiлдерi.
2. конституциялық-құқықтық нормалар, олардың ерекшелiктерi және түрлерi. Конституциялық-құқықтық институттар.
3. Конституциялық құқықтық қатынастар, олардың субъектiлерi, ерекшелiктерi, түрлерi, пайда болу, өзгеру және жойылу негiздерi.
4. Конституциялық құқықтың қайнар көздерi.
5. ҚР ұлттық құқығы жүйесiнде алатын конституциялық құқықтың орны.

Конституциялық құқығы құқық саласы, ғылым саласы және оқу тәртібі ретінде ұғынылады.


Құқық саласы ретінде конституциялық құқық – бұл қоғам мен ммелекеттің құрылысының негіздерін, атап айтсақ ҚР-ң конституциялық құрылыс негіздерін, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздерін реттеп, бекітетін нормалардың жиынтығын білдіретін ұлттық құқықтың бір саласы.
Конституциялық құқық саласының пәні болып оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар ұғынылады. Олай болса, конституциялық құқықтың реттеу пәні болып келесі қоғамдық қатынастар жиынтығы табылады: ҚР конституциялық құрылысының негіздері, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздері, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметі, сайлау құқығы мен сайлау жүйесі, әкімшілік-аумақтық құрылысы, жергілікті өзін-өзі басқарудың негіздері табылады.
Конституциялық құқықтың реттеу тәсілдері – бұл конституциялық құқық нормаларының конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды реттеп, бекітетін амал, әдістері: тану тәсілі, құқық беру тәсілі, міндеттеу және тиым салу тәсілдері.
Конституциялық құқықтың ұлттық құқық жүйесінде алатын орны ерекше. Ол жетекші, фундаменттік құқық саласы ретінде анықталады. Себебі, 1-ден, ол қоғамның барлық салаларына (экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени т.б.) әсер етеді, ал өзге құқық салалары тек бір салаға ғана әсер етеді, 2-ден, конституциялық құқық сол салалардың барлық қатынастарын емес, тек негізгі, басты қатынастарын ғана реттеп, бекітеді. Басқа құқық салалары үшін негіз болатын нормалар белгілейді.
Жоғарыда атап кеткеніміздей конституциялық құқық тиісті қоғамдық қатынастарға конституциялық құқықтық нормалар арқылы әсер етеді. Конституциялық құқықтық норма – бұл конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды реттеп, бекітетін жүріс-тұрыс ережесі. Ол конституциялық құқықтық қатынасқа қатысушылардың жүріс-тұрысын анықтайды. Конституциялық құқықтық нормалардың негізгі нышандары болып келесілер табылады:

  • Конституциялық құқықтық норма – жалпыға міндетті ереже, яғни ол тұлғалар мен түрлі ұйымдарға қоса мемлекеттің өзі үшін де орындалуы міндетті болып табылады.

  • Конституциялық құқықтық норма – нысанды анықталған ереже, яғни олар белгілі бір актінің нысанында шығарылады (мысалы, жарлық, қаулы, заң т.б.).

  • Конституциялық құқықтық норма – нақты анықталған жүріс-тұрыс ереже. Бұл оның нақты құқықтар мен міндеттерді, жүріс-тұрысты белгілейтіндігін анықтайды.

  • Конституциялық құқықтық норма – мәжбүрлі ереже, яғни оның орындалуы мемлекеттің ықпалымен, мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет