15. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»


Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау



бет3/5
Дата19.05.2022
өлшемі22,64 Kb.
#143875
1   2   3   4   5
Байланысты:
билет, ?àç³ðã³ ?î?àì. Ìèãðàöèÿ. Çèÿòêåðë³ê ìèãðàöèÿ. Øåøåíä³ê ?íåð. 1 í, Айбек, Жанқожа батыр атындағ1
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (ішкі және сыртқы) – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берутұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар – қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесі.
Қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында жеке тұлғалар мынадай декларацияларын:
1) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны;
2) кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында, аталған адамдар өздеріне:
1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;
2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;
3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік міндеттерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет