15-дәріс. Үстеу. Үстеулердің қалыптасу тарихы. Үстеулерге қатысты ғалымдардың көзқарастары. Үстеудің семантикалық топтары, морфологиялық сипаты, синтаксистік қызметі. Еліктеу сөз. Одағай


Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызметі



бет8/11
Дата29.04.2022
өлшемі23,84 Kb.
#141420
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
15-дәріс
ЕСЖ 2, Билет
Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызметі
1) Ет- көмекші етістігімен тіркесіп келіп, сөйлемде күрделі баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Қарға қаңқ етті.
2) Етістікпен тіркесіп, қимылдың амалын, бейнесін білдіреді де сөйлемде пысықтауыш болады. Мысалы: Биік ағаш шарт етіп сынды.
3) Зат есімнің алдынан келіп, сөйлемде анықтауыш болады. Мысалы: Шаң-шұң дауыс шықты.
4) Еліктеу сөз затсымақтанып, атау септік тұлғасында сөйлемнің бастауышы болады. Мысалы: Ирелеңі көзге оғаш көрінді. Өмірдің бұралаңы көп.
5) Еліктеу сөз затсымақтанып, барыс, табыс, шығыс, көмектес септік тұлғаларында келсе, сөйлемде толықтауыш болады. Мысалы: Қисалаңына ыңқылы қосылды.
6) Еліктеу сөз затсымақтанып, ілік септік тұлғасында келсе, сөйлемде анықтауыш болады. Мысалы: Кешегі сыбдырдың сыры белгілі болды.
7) Еліктеу сөз тіркескен етістігінің қызметіне, тұлғасына қарай күрделі бастауыш, күрделі анықтауыш, күрделі пысықтауыш, күрделі толықтауыш, күрделі баяндауыш бола береді. Мысалы: Елдің ду ете қалғаны көңіліне алаң кіргізді. Гүрс еткен дыбыстан шошып оянды. Селк-селк еткенде қорқынышты көрінеді екен. Мылтықтың тарс еткенінен шошып кетті. Боқай келіншегінің сөзіне мыңқ етпеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет