15-Дәріс. Студенттердің іздену мәдениеті- болашақтағы маман болуға дайындығы. Мақсаты



бет1/8
Дата31.07.2020
өлшемі22,58 Kb.
#75861
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
15 лекция
14 лекция Инновационные образовательные процессы, Контроль успеваемости, ЛЕКЦИЯ 12 Дидактика, педагогика мамандыгына кириспе, 13 лекция СР технология

15-Дәріс. Студенттердің іздену мәдениеті- болашақтағы маман болуға дайындығы.

Мақсаты: Студенттердің іздені мәдениеті- болашақтағы маман болуға дайындығын қарастыру.

Түйін сөздер: студент, ізденіс, маман.
Әлеуметтік жұмыс- ХХІ ғасырдың ең шығармашыл және бұқаралық мамандығы. Әлеуметтік жұмыстың мисстикалық бағыты – көмекке мұқтаж адамдардың, оның жынысына, ұлттық ерекшелігіне қарамастан барлығына көмек беру, маңызды кіріс деңгейі - әлемдегі бірден-бір ең гуманды және қайырымды сала.

Әлеуметтік жұмыстың негізгі мақсаты: тұлғаның, отбасының, қоғамның нормадағы әлеуметтік қызметінің жағдйына және қабілетіне қамқорлық немесе қайырымдылық ету.

Әлеуметтік жұмыскерлер адамзаттың мүмкіндігінше бақытты өмір сүруіне, өз міріне көңілінің толық болуына (отбасы, жұмыс, білім беру, денсаулық сақтау, жалақы, тұрған үй, демалыс т.б.) өз шамалары жеткенінше қызмет етеді.

Мақсатқа жету жолдары:


  • Клиентпен танысу («клиент»- ол адам, қоғам мүшесі және әлеуметтік топ болуы мүмкін), мәселелерді қарастыру, диагностикалау.

  • Қажеттілігін мүмкіндігінше дифференцациялау.

  • Мәселені шешуге көмектесу, мүмкіндігінше қарастыру.

  • Бақылау және қамқорлық жасау.

Әлеуметтік жұмыстың спецификалық құндылықтары:

  • Жақыныңа мейірімді, жанашыр, қайғысына ортақ болу.

  • Қарым-қатынас жасау.

  • Клиенттің ішкі күшіне сену, жағдайды мүмкіндігіне қарай өзгерту.

  • Көмектесу тілегі.

  • Тәжірбие алмасу.

  • Әлеуметтік шығарма.

Әлеуметтік жұмыскер клиентке көмектесу барысында келесі қызметтерді атқарады:

1. Диагностикалық - маман «әлеуметтік диагноз» қояды, жас ерекшклік және психологиялық ерекшеліктерін, мәселенің жағымды және жағымсыз жағын анықтайды.

2. Ұйымдастырушылық – клиенттік жұмысқа тұруына, бос уақытын тиімді ұйымдастыруына, кәсіби бағдар және бейімделуіне, медицинаық, білім беру, мәдени спорттық, құқықтық және қайырылымдылықты ұйымдастыру шараларын ұйымдастырады.

3. Болжамдық

4. Профилактикалық және әлеуметтік терапиялық - маман әлеуметтік құқықтық әрекет, заң және психологиялық механизмдеді ескерту шараларын өткізеді. Қажет болған жағдайда әлеуметтік-терапиялық көмек ұйымдастырады, қоғамдағы құқығын қорғайды, жас өспірімдер мен жастарға кәсіби бағдар мен өзін-өзі анықтауға көмектеседі.

5. Коммуникативті – ұйымдастырушылық - жергілікті тұрғындар арасындағы өз еркімен қатысатын көмекшілер табуға, бірлесіп еңбектену және демалу, іскерлік және тұлғалық қатынастарды, әлеуметтік институттар мен олардың клиенттерінің жұмыстарымен тәжірбие алмавсуға қалыптасу.

6. Күзет – қорғау – клиент қызығушулығын ұстануға маман барлық мүмкіншілігін салады,

Әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындаудағы басты мәселелерге мыналар жатады:



  1. Бітірушілер білімінің болашақ кәсіби іс - әрекетімен сәйкестігі. Өйткені ғылым және оқу пәні ретіндегі әлеуметтік жұмыс спецификациясы білім мен шеберліктің бірлігінен тұрады. Мұндай бірігусіз әлеуметтік жұмыскер қалыптаса алмайды.

  2. Әлеуметтік жұмыс объектісі мен бағытына байланысты болашақ мамандардың білім алып дайындалуы. Әлеуметтік жұмыс маманының әмбебап және кәсіби дайындығының сәйкестігі әлеуметтік жұмыс мамандарына еңбек нарығында проблемаларын еркін шешуге мүмкіндік береді.

  3. Әлеуметтік жұмыс мамандарды дайындаудың географиялық кеңейтілуі, яғни мемлекетте мамандарды дайындайтын мекемелердің санын көбейту мен сапасын жақсарту болып табылады.

  4. қолда бар бағдарламаларды жақсарту, жаңаларын құру, мемелекеттік стандартқа сәйкес оқу пәндері бойынша әдебиеттерді дайындау,

  5. Әлеуметтік жұмыстың жаңа пән ретінде құрылуы. Бұл жоғарғы кәсіби дайындалған мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.

  6. Әлеуметтік ақпараттың алынуы, сақталуы және таралуы. Әлеуметтік жұмыс маманын дайындаудағы тағы бір мәселе әлеуметтік жұмыс мамандарының әлеуметтік, заңдық беделін құру, олардың құқығы мен іс - әрекет кепілдігін анықтау болып табылады.

Осы аталған мәселелердің барлығы әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындау мекемелерінде жүзеге асырылады.



    1. Доэл М., Шадлоу С. Практика социальной работы / Пер. с англ. яз. под ред. Б.Ю. Шапиро.— М., 1995.

    2. Обучение практике социальной работы: международный опыт и перспективы /



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет