15 дәріс Тотығу – тотықсыздану реакциялары. Электродтық үрдістер



бет1/9
Дата20.12.2023
өлшемі2,37 Mb.
#197723
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
15 лекция. Тотығу – тотықсыздану реакциялары. Электродтық үрдістер
Тәрбие жоспар жаңа

15 дәріс
Тотығу – тотықсыздану реакциялары. Электродтық үрдістер
Дәрістің жоспары:

  1. ТТР маңызы, анықтамасы.

  2. Тотығу - тотықсыздану реакцияларының негізгі қағидалары.

  3. Элементтің тотығу дәрежесі.

  4. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құру.

  5. Тотығу-тотықсыздануға ортаның әсері.

  6. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлері.

  7. Электрохимиялық үрдістер



Химиялық реакциялар көпшілік жағдайда әрекеттесетін заттар атомдарының тотығу дәрежесін өзгертпей жүреді:


+1 2 +1 +1 1 +1 1 +1 2

Реакция кезінде әрекеттесуші заттар құрамындағы атомдар тотығу дәрежесін өзгертуі де мүмкін:
0 +1 –1 +2 -1 0



Бұл реакциялар нәтижесінде реакцияда мырыш пен сутегі, тотығу дәрежелерін өзгертіп тұр.
Химиялық реакция кезінде әрекеттесуші заттар құрамындағы, атомдар тотығу дәрежесін өзгерте жүретін реакциялар тотығу -тотықсыздану реакциялары деп аталады.
Тотығу дәрежесінің өзгеруі әрекеттесуші атомдар арасында электрондар алмасу жүретінін көрсетеді. Демек, бұл реакция кезінде бір атом электрон берсе, екінші атом оны қабылдайды.
Жан-жануарлар, өсiмдiктер организмдерiнде, қоршаған ортада, күнделiктi өмiрде тотығу-тотықсыздану реакциялары зор роль атқарады. Өмiрлiк маңызды процесстер: зат алмасу, дем алу, фотосинтез тотығу - тотықсыздану реакциялары болып табылады. Тотығу – тотықсыздану процестеріне жатады: канттардың ашуы, майлардың тотығуы, белоктардың шіруі, т.б.
Қара және түстi металлургияда металдарды өндiру, сiлтiлер мен қышқылдар синтезi тотығу-тотықсыздану реакцияларына негiзделген. Тотығу-тотықсыздану процесстерiн жанар май, отын жанғанда, металдар коррозияға ұшырағанда бақылауға болады. ТТР-ның химиялық энергиясы гальваникалық элементтерде, аккумуляторларда электр энергиясына айналады. Электролиз электр тоғының әсерiнен электродтарда жүретiн ТТР болып табылады. Күнделiктi iшетiн суды хлорлау арқылы залалсыздандырғанда да тотығу-тотықсыздану реакциялары жүредi.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет