15 дәріс Тотығу – тотықсыздану реакциялары. Электродтық үрдістер



бет2/9
Дата20.12.2023
өлшемі2,37 Mb.
#197723
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
15 лекция. Тотығу – тотықсыздану реакциялары. Электродтық үрдістер
Тәрбие жоспар жаңа
Тотығу - тотықсыздану. Тотығу - тотықсыздану реакцияларының негізгі қағидалары мыналар:
1. Әрекеттесуші заттардың атомы, молекуласы не ионы электрон беру процесін тотығу дейді. Тотығу кезінде тотығу дәрежесі артады:





Тотығу – атомның, молекуланың, ионның электрон беру процесі. Мысалы:


а) атом электронын берсе, оң зарядты ионға: 
Cl° − 7e → Cl7+ айналады;
б) теріс зарядты ион электрон берсе, бейтарап атомға:
Cl- − e → Cl°,
немесе оң зарядты ионға
Cl- − 2e → Cl+ айналады;
в) оң зарядты ион электрон берсе, оның оң заряды берген электрон санына сәйкес өседі:
Cl+ − 4e → Cl+5
Тотықсыздану – атомның, молекуланың, ионның электрон қосып алу процесі. Мысалы:
а) атом электрон қосып алса, теріс зарядты ионға айналады:
Cl° +e → Cl-;
б) оң зарядты ион электрон қосып алса, заряд саны кеміген оң зарядты ионға:
Cl5+ + 4e → Cl+,
немесе бейтарап атомға: Cl5+ + 5e→ Cl°,
немесе теріс зарядты ионға:
Cl5+ + 6e → Clайналады. 
2. Әрекеттесуші атомдар, молекулалар не иондар электрон қосып алу процесін тотықсыздану дейді. Тотықсыздану кезінде тотығу дәрежесі кемиді:





3. Химиялық реакция кезінде электрондарын беретін атомдар, иондар не молекулалар тотықсыздандырғыш, ал электрондар қосып алатын атомдар, иондар не молекулалар тотықтырғыш болып саналады. Мысалы:
тотықсыздану процесі тотықтырғыш
тотығу процесі тотықсыздандырғыш


4. Тотығу процесі мен тотықcыздану процесі бір мезетте жүреді. Яғни, бір атом тотығатын болса, екінші атом тотықсызданады және керісінше. Демек, тотығу және тотықсыздану процестері қарама-қарсы екі процестің бірлігін көрсетеді.
5. Тотығу-тотықсыздану кезіндегі бір атомның берген электроны мен екінші атомның қосып алған электрон саны әрқашан тең.
Тотығу - тотықсыздану процестерін электрондық теңдеу түрінде жазады. Онда әрекеттесуші атомдардың тотығу дәрежелерін және тотықсыздандырғыш берген және тотықтырғыш қосып алған электрон саны көрсетіледі. Мысалы, мына реакция үшін электрондық теңдеу былайша жазылады:

электрондық 2 тотықтырғыш тотықсыздану теңдеу 1 тотықсыздандырғыш тотығу


Тотығу-тотықсыздану реакциясы жүру үшін әрекеттесетін заттардың бірінің атомы электрон беру, ал басқа атомы оны қосып алу қабілеті болуы керек.
Д.И. Менделеев жасаған элементтердің периодты жүйесіндегі элементтердің орнына байланысты қасиеттерін алатын болсақ, металдар әрқашан электрон беретіндіктен – тотықсыздандырғыш қасиетін көрсетеді. Ал бейметалдардың электрон қосып алу қасиеті жоғары болғандықтан олар бос күйінде тотықтырғыш болады. Мысалы:

тотықсыздандырғыш
тотықтырғыш
Металдық қасиеті топ бойынша жоғарыдан төмен артатындықтан, осы бағытта олардың тотықсыздандырғыш қасиеті де артады.
Период бойынша элементтердің тотықсыздандырғыш қасиеті кеміп, тотықтырғыш қасиеті артады.
Бейметалдардың қасиеті олардың электрон қосып алу қабілетіне ‒ электртерістілігіне байланысты. Соған орай әр жағдайда бейметалдар тотықтырғышта, тотықсыздандырғышта қасиет көрсетуі мүмкін. Мысал үшін күкірт элементін алатын болсақ, ол металдармен әрекеттескенде тотықтырғыш, ал оттегімен әрекеттескенде тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді:

тотықтырғыш

тотықсыздандырғыш
Ең күшті элементтер әр түрлі тотығу дәрежесін көрсетсе, олардың бірі тотықтырғыш, екіншісі тотықсыздандырғыш болады. Мысалы Fe2+ және Fe3+. Мұнда Fe3+ тағы бір электрон бере алмайды, тек қосып алып, тотықтырғыш болады.
Анион элементтер тек электрон береді де тотықсыздандырғыш болады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет