16 жаңартылған білім мазмҧны жағдайында әдістемелік қызметті ҧйымдастыру



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата07.02.2022
өлшемі397,42 Kb.
#94895
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҦНЫ ЖАҒДАЙЫНДА
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҦНЫ ЖАҒДАЙЫНДА
Әдістемелік қызмет тҥрлері: 
Әдістемелік кӛмек
әдіскердің, мектеп және мектепке дейінгі ұйымдар 
әдіскерлерінің, педагогтардың, балалар ұжымының сұраныстары мен 
қажеттіліктеріне жедел және перспективалық әрекет етуі.Әдістемелік кӛмек 
түрлі құралдармен – кеңес беру, әдістемелік басшылық, әдістемелік қамтамасыз 
ету және т.б. жүзеге асырылады.
Тақырыптық кеңес
әдіскермен алдын-ала жоспарланып, перспективалық 
жоспарға енгізіледі. Тақырыптық кеңестерді оқыту семинарларының 
бағдарламасына енгізуге болады. Тақырыптық кеңестерге дайындық кезінде 
әдіскер кӛрнекі құралдар мен әдістемелік материалдарды таңдайды.
Ағымдағы кеңес
 
педагогикалық қызметкерлердің кәсіби қызметі барысында 
туындайтын әртүрлі мәселелер бойынша жүйелі түрде ӛткізіледі.
Жедел 
кеңес
 
әкімшіліктің, 
әдіскердің 
бастамасы 
бойынша 
педагогтердің нақты тәрбие ісітерін ұйымдастыру және жүргізу барысында 
ӛткізіледі.Әдіскердің құзыреттіліг жіберілген қателіктерге жедел әрекет 
еткенде және шұғыл кӛмек кӛрсетуде кӛрінеді. 
Тәлімгерлік
 
жас мамандармен жұмыста, сондай-ақ нәтижелі педагогикалық 
тәжірибені игеруде қолданылады. Осы кӛмек түрінің негізінде, педагог 
қызметінің проблемалық ӛзіндік талдау, оқу бағдарламаларын, жаңа 
әдістемелерді апробациялау жағдайы мен процесс талдау және т.б. деректері 
бар.
Әдістемелік басшылық
педагог қызметкерлермен бірге бірлескен 
шығармашылық қызметтің перспективалық және нақты мақсаттарын, оларға 
қол жеткізудің тиісті тәсілдерін нақты айқындаумен айқындалады, білім беру 
қызметін ұйымдастыру кезеңдері мен тәртібін белгілейді, білім беру қызметінің 
нәтижелілігінің 
ӛлшемдері 
мен 
кӛрсеткіштерін 
әзірлейді, 
жұмыс 
бағдарламалары мен жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет